3D технологиялармен жұмыс жасау және 3D форматты немен түсіреміз?

0
2431

       3D форматты немен түсіреміз?

\r\n \r\n

    \r\n

  • Джеймс Камеронның «Аватар» фильмінің табысты болуы түсірілімнің 3D жүйелеріне және осындай жүйелердің компоненттеріне деген қызығушылықты арттырды. 3D-ның алғашқы энтузиасттарына платформаларды ойлап таубуға және қолдан жасауға тура келді. Көп жағдайларда ойдағыдай нәтиже алу үшін камераларды жаңашаландырып отыру керек болды. Маған осы жүйелермен алғашқы жұмыс істей бастаған көпшіліктің ішінде жұмыс істеу мүмкіндігі туған. Осының арқасында мен 3D жүйелермен жұмыс істей алатын аппаратураны жинақтауда көптеген проблеммалармен кездестім.
  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • Техникалық тәжірибесі жоқ адам үшін көбінесе бұл процесс ұзақ әрі қиын болып көрінеді. Жақында өткен NAB көрмесінен кейін қазіргі жағдайда бәрі басқаша екені көрінді.  Атақты  және жаңа тауар өндірушілермен шығарылатын жаңа жабдықтар  3D жүйелер үшін керекті барлық бөліктермен қамтылған. Оған қоса, қосымша бөліктерді дайындауды қажет етпейді.
  • \r\n

\r\n3D-платформалар\r\n\r\nӘзірше , Panasonic және Sony компанияларының интеграцияланған 3D-камералары әлі сатылымда жоқ болғандықтан, стереоскопиялық бейнені жасау үшін платформалардың белгілі түрлері қажет. Бұл жабдықтардың әр түрлі камералармен жұмыс істеу үшін өзіндік формасы мен көлемі болады. Бірақ, барлық платформалар базалық екі категорияға бөлінеді: жарықбөлгіш блогынсыз (Side-by-Side) және осындай блогы бар (Beam-Splitter).\r\n\r\nSide-by-Side типті платформалар – 3D-видео түсірудің ең арзан әрі жеңіл түрі болып табылады.  3D бейнені жасау үшін қажетті бір-біріне тұрақта немесе платформада параллельді орналасқан екі камера базалық стереоскопиялық эффектілерді қамтамасыз ететді. Бұндай жүйелер әдетте жазық бұрышпен немесе алыстан түсіруде қолданылады. Себебі окулярлар арасындағы арақашықтық камералар мен объективтер өлшемімен шектеліп қалады. Ал бұл өз кезегінде үлкен планда түсіруді мүмкін емес қылады. Жағдайды арнаулы осындайға модернизацияланған  камералық жүйелер  арқылы түсіруге болады. Мысалы,  окуляр арақашықтығы арнаулы 44 мм-ге жететіндей жасалған Sony J камерасын қолдануға болады. Жай ғана кішкентай кәдімгі камераны да қолдануға болады. Бірақ, онда сапаның нашарлығымен келісуге тура келеді. Егер системаға окуляр арақашықтығын автоматты түрде реттейтін функциялар қосылса, онда оның бағасы да өседі және қиындығы да көбейеді. Бейнелердің дұрыс орналасуын қамтамасыз ету бюджеттен артық шығынға да ұшыратады. Бұндай жүйелер кішігірім бюджетті жобаға жарамайды.\r\n\r\nЖоғары сапалы камералар мен толық көлемді камераларды қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, жарық бөлгіш блогы бар платформалар кең таралған. Бір камера жарықбөлгіш-айна арқылы түсірсе, екіншісі бірінші камерадан шағылысқан бейнені түсіреді. Бұл өз кезегінде үлкен планда түсіру үшін кішірейтілген  окуляр арақашықтығын алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, айнаның көлеміне қарай ұзын фокусты бейне де түсіруге болады.\r\n\r\nПлатформаның габариттерін анықтауда айнаның көлемі де үлкен рөл атқарады. Жүйенің жанжақтылығын көбейтуге үлкен көлемді айна да көмектеседі. Ол өте үлкен сценаларды түсіруге мүмкіндік береді, бірақ үлкендігіне байланысты онымен жұмыс істеу ыңғайсыз бола бастайды. Осындай платформалардың көбіне «Т» типті каера бастары орнатылады. Мысалы, Sony фирмасының HDC-F950 және HDC-1500R платформалары.\r\n\r\nОларда камераның оптикалық блогы процессордан бөлініп тұра алады. Соның арқасында платформаға орнатылатын камера бөлігі кішкентай болады.  Sony HDC-P1 сияқты жаңа камералық системалар үлкенірек жүйелердің қызметін аиқара алады және оған қоса көлемі де кішкендай. Бұл өз кезегінде платформаны ыңғайлы әрі жанжақты қылады. Мен көрген ең кішкентай платформа Element Technica  фирмасымен Silicon Imaging SI-2K камераларына арналып жасалған болатын. Бұл типті платформалар кезінде «бәрін өзің жаса» деген көзқарасты қадет етті. Бірақ қазір бәрі артта. Бүгінде  3D-платформалар шығаратын компаниялар саны көбейгені сонша, олардың тізімі осы мақалаға да сыймайды. Бірақ, басты ойыншы болыр отырған компаниялар да бар.\r\n\r\nElement Technica фирмасы камералардың барлық өлшемдеріне арналған 3D-платформалардың түрін шығарады , Sony F35-тен бастап, миниатюралық Iconix-ке дейін, Осы платформалардың бәрі эти платформы  Beam-Splitter-ден  Side-by-Side-қа және керісінше ауыса алады.  Red One  камераларының иелерінің арасында Quasar платформасы көп тараған. Жаңа Sony HDC-P1 де оған жақсы орнатылады.  3D Technica Hand Control арқылы платформаны басқаруға да болады.  EX1/3 камерасымен түсіріп үйренгендер  Pulsar жүйелерін де ыңғайлы деп шешеді. Ол Quasar-ға қарағанда азырақ функциялар орындағанымен осы нарық бөлігінде жеткілікті әсер етеді.  Neutron платформасы-  Element Technica асортиментіндегі ең кішкентай платформа.  SI-2K және осы сияқты басқа да камераларға өте жақсы келеді. P+S Technik көп тараған барлық өндірушілердің ең үлкен камераларына арналған  Universal Mirror Rig-ты шығарады. Комплектке оптимизацияға арналған барлық компонентер кіреді. Бағасы қолдан басқарылатын платформа алу арқылы азайтуға болады, бірақ барлық сервисі бар платформалар да жеткілікті.\r\n\r\nStereo Tango платформасы көміртегіден жасаған «космостық» конструкция болып табылады. Сондықтан ол өте жеңіл әрі беріктігіне қарай басқа платформаларға орын бермейді. Фильтрұстағыштармен қоса барлық аксессуарлармен бірге жұмыс істей алады. Қолмен басқарылатын түрлері де, сервистік түрлері де бар. Arri, Cmotion, Scorpio және Preston сияқты барлық өндірушілердің объективті басқару аппаратурасын орнатуға болады.\r\n\r\nСан Диегодан (Калифорния, АҚШ) 3D Film Factory  фирмасы екі типті де платформаларды шығарады. Олар өзінің тқмен құны арқылы белгілі брендке айналды. Бірақ олардың тағы қымбаттық  3D-BS Pro деген де платформалары бар.  Ол  Red One, Sony HDWF900 және HDC камераларын көтере алады.  EX1 және жаңа фотокамералар үшін арналған (DSLR)  3D-BS Mini платформасы арзан әрі жеңіл болып табылады. Осы фирманың  Side-bySide Pro және  Indie жүйелері өте қарапайым конструкция мен фиксированиеге келетін болып табылады\r\n\r\nКамерaлар \r\n\r\n 3D-платформаларға орнатылатын камералық жүйелер субъектілік таңдау болып табылады. 3D-түсірілімдер арасында көп уақыт істеп келетін компаниялар 2/3» сенсорлы еі жаңа үлкен сенсорлы камералармен жұмыс істегенді ұнатады. Себебі,  3D-бейне анықтық пен тереңдікті қажет етеді. Дегенмен, қазіргі екі камераның бірі стерео бейнені түсіруге қолданылады. Төменде ең көп қолданылатын камера түралері айтылады.\r\n\r\nRed One камерасы өзінің төмен бағасы, кішкентай көлемі және жоғары саасы арқылы компанмялар арасында  кең тараған. Ол толық көлемді платформаны қажет етеді, бірақ өзінің төмен салмағы арқылы  3D  жүйеде жалпы көлемді азайтып тұрады. Red Oneның жаңа жобалары алдыда болатын таураларына үлкен үміт артқызады.\r\n\r\nSilicon Imaging SI-2K Mini өте кішкентай бола тұра  2K бейнесін қалыптастыра алады.  Оны  Side-by-Side платформаларына  немесе өте кішкентай көлемді жарық бөлгіші бар платформаларға орнатуға болады. SI-2K RAW форматындағы бейнені береді, сондықтан  жазбаны дәл өзіне немесе жаңа  Cinedeck рекордерына енгізуге болады.  SI-3D-мен жұмысты жеңілдету үшін  SI-2K Mini дистанциялық басқарылатын басшалары жүйеде қарастырылған. Олар ДК-ға тікелей   Gigabit Ethernet арқылы жалғана алады. Сенсорлы экран базасында бұл жерде олар интерфейс арқылы басқарылып, синхронизацияланады.\r\n\r\n Sony HDC-F950 және HDC1500R444  камераларын үлкен атақты компаниялар алады. Себебі олар  4:4:4  сиганлын қалыптастырып, «Т» конфигурациялы типін қолдана алады. Оптикалық блок процессордан бөлініп, 50 м арақашықтықтан  түсіріледі. Бұл 3D-платформаның рразмері мен салмағын азайтуға мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ