5-сыныптарға арналған математикалық бәйге

0
2051
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Математикалық бәйге

(5-сыныптары арасында өткен сыныптан тыс жұмыстың сценарийі)

Мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
  • Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Ойынға 4 топ қатысады, әр топта 5оқушыдан.

Әр топтың ұраны, эмблемасы, сәлемдемесі болуы керек.

Құрал –жабдықтар: Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар, зал шарлармен безендірілген.

Ойын кезеңдері:

  1. Топтардың сәлемдемесі;
  2. Сергіту- жорға;
  3. Көкпар;
  4. Бәйге;
  5. Бәйге қорытындысы.

1-оқушы.

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешікендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика ғылымы жайында

 Бәйгемізді бастаймыз.

2-оқушы.

Жас достары,

Математика ғылымы

Құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәнінде

Табиғаттың , қозғалыстың бәрінде

Мүмкін емес есептеусіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де

3-оқушы.

Математика ғылымы – ермек емес балалық.

Математика ғылымы көрегендік даналық

Космос кезген ракеталар дәл бүгін

Ешкімге тансық емес жаңалық.

4-оқушы.

Ғылымдардың патшасы атанғансын

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансын

Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,

Нағыз пән математика атанғансын.

  • Жүргізуші.

Хош келдіңіздер қымбатты достар! Математиканың жанкүйерлері.

  • Жүргізуші.

Сәлеметсіздер ме, осы залға жиналғандар!

  • жүргізуші:

Бүгін, біз мұнда математика ғылымының қыр – сырымен танысу үшін.

  • жүргізуші:

 Викториналар шешу үшін.

  • жүргізуші.

Көңілді дем алып, күліп , ойнау үшін жиналдық.

  • жүргізуші.

Құрметті көрермендер! Сіздерді әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  • жүргізуші. Кезекті өздерін таныстыру үшін топ мүшелеріне берейік.
  • жүргізуші. Сөз кезегі 5 а сынып оқушыларыныбына беріледі.1-топ.
  • жүргізуші. Ортаға 5 в сынып оқушыларын шақырамыз.  1-топ.
  • жүргізуші. 5а сыныбының 2-ші тобын қошеметтейік.
  • жүргізуші. 5в сыныбының 2-тобын қарсы алайық.
  • жүргізуші.Сайыскерлерге рахмет. Енді асыға күткен сәтке жеттік.

1-жүргізуші. Бәйгеміздің алғашқы кезеңін бастайық.

1-ші бәйге – Жорға. Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар.

 

С

 

І

 

Р

 

К

 

Б

 

Ы

 

И

 

Т

 

Ұ

 

Ш

 

Ү

 

Н

 

Е

 

 

2-жүргізуші. Әділ-қазылар алқасы нәтижесін шығарғанша, музыкалық үзіліске кезек берейік.

1-жүргізуші. 2-ші жарысымыз – Көкпар.

 Бұл жарыста әр топ 1 минутта неғұрлым көп сұраққа жауап беруң керек.

  1. Ұшталмаған қарындаштың неше жағы бар?
  2. Бұл не: екі басы, екі қолы, ал жүргенде төрт аяқ.
  3. Егер Лонданда түнгі 12 сағатта жаңбыр жауса, онда 72 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе?
  4. Ағашта он қарға отырды. Аңшы біреуін атты. Ағашта қанша қарға қалды?
  5. Сіз – автобус жүргізушісіз. Автобуста алғашқыда 23 жолаушы болды. Бірінші аялдамада 3 әйел адам түсті және 5 ер адам кірді . Екінші  аялдамада 7 ер адам кірді және екі әйел түсті. Жүргізуші неше жаста?
  6. а) Екі жұп санның қосындысы ,жұп па, әлде тақ па?

б)  Жұп және тақ санның қосындысы   жұп па, әлде тақ па?

  1. 1,2,3,4,5,6,цифрларының ретін өзгертпей, олардың араларына «+» және «-»таңбасын қойыңдар. Нәтижесінде 1 шығатындай болсын.
  2. 11-ден 20 –ға дейінгі натурал сандардың қосындысын табыңдар.

 

1-жүргізуші. 5 сынып оқушысы сиқыр көрсетеді.

1-жүргізуші.  3-ші жарысты бастайық. Бәйге. Топ әр тараудан сұрақтар таңдайды, ойлануға 1 минут.

Математика тарихынан

  1. Нәрселерді санауда қолданылатын сандар.
  2. Құрамында әріптері бар өрнек.
  3. Қазіргі цифрлар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 араб цифрлары деп аталады. Бұл цифрларды арабтар қай елдің халықтарынан алған?
  4. «Дөңгелек» ұғымы қай елде қалыптасқан?
  5. 10 жасында 1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын тез есептеген неміс математигі кім?

Мықты болсаң шешіп көр

  1. Қаз бір аяқпен тұрса салмағы 7 кг болады. Егер ол екі аяғымен тұрса , оның салмағы қанша болады?
  2. Жасы жүзге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықта.
  3. Үстел басында 2 әке, 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны бір-бірден бөліп жеді.Сонда қалай болғаны?
  4. Кітаптың 60 бетінің қалындығы 1 см. Егер кітапта 240 бет болса, онда кітаптың барлық бетінің қалындығы қандай?
  5. Таразының бір жағында кірпіш бар, ал екінші жағында осындай кірпіштің жартысы және 1 кг кір бар. Таразы тепе-теңдікте тұр. Кірпіштің салмағы қандай?

Сандар сыры

  1. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
  2. Қай қатар артық?

                      2              5         8       11          14

                      1              4         7        10          13

                       10           20        30      40         50

  1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сандар?
  2. 2 мен 3 –тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен 3-тен кіші сан шығады?
  3. Төрт 9-дың және амал таңбалардың көмегімен 100 санын жазыңдар.

 

Ғажайып заңдылықтар

  1. Сандар қатарын жалғастыр.

3, 7 , 11, 15, 19,…

  1. Артық сөзді алып таста:

метр, дециметр, килограмм, сантиметр, миллиметр.

  1. Сандар қатарын жалғастыр. 4, 5,8, 9, 12, 13,…
  2. Көлде лотос гүлі өседі. Күн сайын олардың саны екі еселенді, және 20 –шы күні көлдің беті гүлге толды. Қай күні көлдің беті жартылай гүлмен толады?
  3. Сиыр – 2, қой -2, шошқа -3, ит-3, мысық-3, көкек – 4, әтеш – 8, есек-?

 

Әділ қазылар бәйге қорытындысын шығарады, әр топты номинациялар бойынша және жеңімпаз топты анықтап, сыйлықтармен, грамоталармен марапаттайды.

1-жүргізуші:

Негізі бар ғылымның математика

Жалықпай оқып үйрен тек қана

Білімнің кілтін ашты,көзін тауып,

Ньютон, Колмогоров,Ковалевская.

Бүгінде математика барлық жерде

Құрылыста, техникада өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,

Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.

2-жүргізуші:

Осымен математикалық бәйге атты кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

 

Сабақты өткізген: Қазыбекова Салтанат Құтжанқызы

Ақтөбе қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ