Мәдени және жабайы, біржылдық және көпжылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер

0
3920
Әбіш Кекілбаев

Тақырыбы: Мәдени және жабайы, біржылдық және көпжылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктермен жалпы таныстыру.

Білімділік – өсімдіктер, олардың алуан түрлілігі мен таралуы, бәріне ортақ белгілері, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың бұрыннан бар  білімін жүйелеу, өсімдіктердің түрлері  туралы жаңа түсінік-ұғымдарды енгізу;

Тәрбиелік – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылық – шығармашалық ойлау қабілеттерін, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды оқулық

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың бар-жоғын бақылай отырып, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Ботаника нені зерттейді? Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Өсімдіктердің тіршілік формалары

Тіршілік форма (экобиоморфа) дегеніміз — формалар түзетін процестің (эволюциялық морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант).Мәдени өсімдіктер(plantae cultae) – адамдар өздерінің әр түрлі қажеттілігін (азықтық, талшықты, дәрілік, бояғыш, эфир майы, мал-азықтық, т.б.) қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Мәдени өсімдіктердің 50 тұқымдасқа жататын 25 мыңнан астам түрі белгілі (барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің 10%-ын құрайды). Бірақ өсімдік өнімдерінен алынатын қоректік заттардың негізін мәдени өсімдіктердің 20 шақты түрі ғана құрайды (мысалы, күріш дүние жүзінде мекендейтін халықтың 2/3-сінің қоректік азығы болып саналады). Өсімдіктерді мәдени жағдайда өсіру тас ғасырында басталды және олар бейберекет қолдан сұрыпталды. Кейін пайдалы өсімдіктер үй маңында (ең бастысы мәдени өсімдіктердің ортасында) өсіріле бастады.

Халықтардың қоныс аударуы, теңіз арқылы алыс сапарларға шығу және сауда-саттық өсімдіктердің бір жерден екінші жерге алмасуын қамтамасыз етті. Жаңа жағдайға өсімдіктер тез бейімделіп, соның нәтижесінде мәдени өсімдіктердің жаңа түрлері пайда болды. Бір жылдық өсімдіктер – тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер.

Бір жылдық өсімдіктердің екі түрі бар:

1) жаздық Бір жылдық өсімдіктер – тары, жаздық бидай, зығыр, шегіргүл, гүлкекіре, т.б. Жаздық Бір жылдық өсімдіктердің тұқымы көктемде немесе жазда өніп-өсу сатысынан тез өтіп, тіршілік кезеңін бір вегетативтік маусымда (1 – 5 айға дейін) аяқтайды;

2) күздік Бір жылдық өсімдіктер – күздік бидай, күздік қарабидай, т.б. Бұлардың өсіп-өну сатысы ұзағырақ болады әрі оған салқын температура қажет. Күздік Бір жылдық өсімдіктер күзде егіледі.

ІV. Бекіту.

1.Мәдени және жабайы өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

2.Өсімдіктердің тіршілік формасы дегеніміз не?

Үй тапсырмасы

Мәдени және жабайы,біржылдық және көпжылдық,дәрілік және әсемдік өсімдіктер.Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктер.

Оқушыларды бағалау


ПІКІР ҚАЛДЫРУ