Ұстаздарға арналған құттықтау мен арнау өлең

0
442

Жер бетінде қанша миллион халық болса, солардың қай уақытта болмасын, ұстаз жайлы тебіренбегені, толғанбағаны жоқ шығар. Ұстаз – ұлағатты есім, ұлы сөз.

Өмір көшіне еру үшін мектептен білім алу керек десек, ұстаз бен мектеп ұғымы қатар тұрардай.Оқушыны білім көкжиегінде самғататын ұстаз.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демейді ме қазақ, демек ұстаз оқушыға тек білім бермейді, сонымен қатар өмір сүруді үйретеді, әлемді танытады. Ойланып қарасақ, ұстаз болмаса  біз кімбіз?

Ұстазсыз адам дәрігер де, әнші де, суретші де, чемпион да, тіпті, әкім де бола алмайды! Сондықтан да ұстазды екінші «ана» деп қабылдаймыз. Ұстаздарды сыйлаймыз, жақсы көреміз, оларға мәңгі қарыздармыз…

Жақсы ұстаз болмаса, жақсы оқушы да болмайды! «Мен ұстаздарды жақсы көрем, өйткені олар – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин  атамыз айтпақшы, оқушы үшін мектеп білімнің тірегі болса, ұстаз — жүрегі. Ал жүрексіз өмір сүру мүмкін емес!! Яғни, о баста ұстазсыз өмір сүру, білім алу мүмкін емес екен ғой.

«Шәкіртсіз ұстаз – мылқау ұстаз» (Ыбырай Жақаев), ұстаздық ету – бойыңда не жақсылық, не өнер болса, соны жиып беру,  өмірге тәрбиелеу.Ұстазына қарап, шәкіртін танимыз. Ұстаздың ұлағатын ұмытпаймыз.

Ұстаз есімін ұлы деп білеміз.Ендеше, қиындығы мен қызығы қатар жүретін, өзгелердің бақытын бағатын мамандық иесі, — ұстаздар, мерекелеріңізбен құттықтаймын сіздерді! Шәкірттеріңіз шыңға шықсын! Білім жолында алар асуларыңыз, бағындырар биіктеріңіз көп болғай. Білімді ел – ұлы ел, тірі ел. Ұлы ел болайық, тірі ел болайық, ұстаздарымыз аман болсын!

Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, жүрекжарды өлеңімді ұсынамын:

Күлімсірер көктемдей жырымда күн,

Өздеріңмен өмірлік ұғылды әнім.

Ұзтаздарым, мың алғыс, өздеріңсіз

Жыймас едім бойыма білім нәрін.

Ұстаздарым, расымен ұлы-ақ атың,

Өміріме азық қой ұлағатың.

Өсіріңдер шәкіртті небір дарын,

Кешіріңдер болса егер бір ағатым.!

Білімнің ең биігін таңдап тұрар,

Шәкірттерің биіктен арнап тұр ән.

Ұстаздар – «екінші анам», қүдіретті

Ұстаздар – ақылдылар, ардақтылар!

Тұстарым да бар шығар жүз кемішін,

Қуантады білемін ізденісім.

Жетелер ме білім болашаққа,

Өтелер ме парызым сіздер үшін?!

Арнау керек білімге жас шақты нық,

Сенім дейтін тұғырға бастапты үміт.

Мұғалімдер, көрмеңдер қайғы мұңды,

Мінбелерде сөйлеңдер асқақ тұрып!

«Бақыт деген білімде» десе ғалам,

Ұстаздарсыз өшеді, өшеді адам.

Мерекеңмен ұстаздар, мерейлі бол,

Ауырмай жүріңдерші, есен-аман!    

 

Дина Бөкебай

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы

Республикалық «Ұлан» газетінің жас тілшісі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ