Ақпараттар арнасы (дүниетану сабағынан ашық сабақ)

0
1179
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

                                     Ақпараттар арнасы

 Мақсаты: Оқушылырдың «Дүниетану» оқулығындағы оқу материалдарынан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау. Оқушыларды ақпараттармен жұмыс жасауға, мәдени, спорт жаңалықтарын телеэкраннан хабарлауға үйрету, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Телестудия, теледидар макеттері, Қазақстан картасы, суреттер.

 Барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің оқушыларды сабаққа дайындауы.

   Үнтаспадан музыка ойналады. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақтың жүргізілу тәртібімен таныстырады.

   — Қайырлы күн! Құрметті 3-сыныптың телестудиясына келген қонақтар! Сіздерді «Ақпараттар арнасы» бағдарламасы өткен аптадағы маңызды жаңалықтармен, атап айтқанда білімділік, мәдени, спорт жаңалықтарымен таныстырып, ауа райы туралы мәлімет беріп, жарнамалар көрсетеді.

 «Жер жүзі» қалашығынан Күлайым Жанайдарқызының бағдарламасын тыңдаңыздар! Күлайым…

Журналист Күлайымның сөзі:

   Рахмет, Алуа Қабидуллақызы! «Жер жүзі» қалашығындағы жаңалықтармен таныс болыңыздар! Қалада «Бастауыш сынып апталығы» атты үлкен бөлімді оқып-танысу басталды. Жер планетасының шар тектес екендігін, екі полюске: солтүстік пен оңтүстікке бөлінетінімен танысты. Табиғаты қатал аймақта солтүстік халқы тұрады. Олар аң терісінен тігілген киімдер мен унты киеді. Шанаға жегілген бұғылар солтүстік халқының негізгі көлік түрі.

     Шөл даланың ауа-райы қатал; Күндіз аптап ыстық, ал түнде суық болады. Негізгі көлік түрі-түйе. Өйткені бұл жануар бірнеше күн сусыз сапар шеге алады. Ал жер планетасының басқа тропикалық белдеуінде жыл бойы жаз болып тұрады. Мұнда жеміс-жидектердің небір түрлері, әсіресе банан өседі.

   Келесі бөлімде ойын ойналады. Экранға назар аударыңыздар.

   Ойын «Қара да, қайтала»

Мақсаты: Балаларды адамдардың әртүрлі қалыптағы бейне үлгілерін түсінуге үйрету және дене бітімін дұрыс ұстауға баулу.

Ойын барысы: Әуен ырғағына қарай балалар билейді. Әуен тоқтаған кезде сызбаға лайықты (адамдардың әртүрлі қалыптағы бейнелері сызылған карта-лар) қимыл-әрекеттерді қайталайды.

 Мұғалім: Ендігі сөз кезегі «Жануарлар әлемі» қалашығынан Жанбота мен Аралға беріледі.

Арал: Рахмет, апай! Құрметті көрермендер, сіздерді ең кіші жан-жануалар-мен таныстырып өтейін. Шынашақтай маймыл Усити алақанға сыйып кетеді;

Кішкентай құс колибри. Өзге құстардан ерекшелігі – теріс қарай ұшады;

Шынашақтай тышқанды көрдің бе? Оның салмағы небәрі 10грамм.

Хабарды Жанбота жалғастырады.

Жанбота:

Рахмет, Арал! Дүние жүзіндегі ең ірі жан-жануарларды білесіңдер ме?

Көгілдір кит ең ірі теңіз жануары; Піл құрғақ жерде мекендейтін ең алып жануар; Кәдімгі керік мүлде дыбыс шығармайды; Қолтырауын 100жыл өмір сүреді екен. Енді назарларыңызды «Егер де… не болар еді?» атты  ойынға аударыңыздар.

 Ойын: Егер де… не болар еді?

Мақсаты: Күн, ауа, су – біздің жақсы достарымыз екендігін, қарапайым се-бепті байланыстар мен қарым-қатынастарды таба білуге үйрету.

Ойын барысы: Қоршаған ортаның (күн, ауа,су) қарым-қатынастары туралы

жұмбақтар жасыру.

   «Егер де күн болмаса, не болар еді?» (үнемі қараңғы, қорқынышты, …)

   «Егер де су болмаса, не болар еді?» (шөптер қурайды, қатты шөлдейміз, …)

   «Егер де ауа болмаса, не болар еді?» (тыныс ала алмаймыз, …)

 Жұмбақтар:

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.  (Ауа)

                                                           Жұрттың бәрі соны сүйеді,

                                                           Бірақ қарағысы келмейді.    (Күн)

Көктен түсіп көбейді.

Ұқсайды өзі шекерге.

Бірақ ешкім жемейді,

Жерде жатыр бекерге.    (Қар)

                                                        Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,

                                                        Қыста жақсаң жаның рахат табады.    (Ағаш)

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.     (Су)

                                                       «Айт!» десе жүгірмес,

                                                       Су тисе сілкінбес.       (Шөп)

Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.      (Жұлдыздар, ай)

 Мұғалім:

«Біздің ауыл» қалашығындағы Ақжелкен Бағланқызына сөз беріледі.

Ақжелкен:

Рахмет, Алуа апай! Сіздерді «Біздің ауыл» қалашығындағы маңызды жаңа-лықтардан хабардар етеміз. Бұл аптада «Неден не алынады?» жайында әңгіме дүкен өтті. Бидайдан ұн алынады. Ал ұннан нан пісіріледі; Қант қызылшасы-нан қант жасалады; Жүгері дәмді тұқым. Одан алынған сұйық май да, тәтті жүгері таяқшалары да пайдалы; Күнбағыстан сұйық май  алынады. Күнбағыс пістесінен жасалған халва өте дәмді; Кәделі ағаштан жиһаз бұйымдар, қағаз дайындалады; Мақта мақталықта өседі. Одан жіп иіріп, мата тоқылады. Ма-тадан киім тігіледі. Хабар соңында – ойын. Басқа арнаға ауыспаңыздар.

 Ойын: «Қайсысы қалай дыбыстайды?»

Мақсаты: Жануарлар мен құстардың қимылын, қалай дыбыс шығаратынын

меңгерту.

Ойын барысы: Кеспеде жазылған тапсырмаларды алып, орындайды.

Мұғалім: «Біздің денеміз» қалашығынан Болатбек Маратұлы өз жаңалықта-рымен таныстырады.

 Болатбек: Рахмет! Сіздермен сезім мүшелеріне саяхат жасайық. Біз сезім мүшелерімен қоршаған ортаны танимыз. Иіскеп гүлдердің хош иісін тани-мыз;

  Мысықты сипап – жұмсақты, мұзды алақанға салып – суықты сеземіз, ал қолға ине кірсе ауырғанын білеміз; Тіл арқылы дәмді ажыратамыз. Тұздың ащы, лимонның қышқыл, балдың тәтті екендігін білуіміз де сондықтан;

Көру мүшесі – көз. Нөсер жаңбырдан соңғы алуан түстерге боялған кемпір-қосақ қандай тамаша! Есту мүшесі – құлақ. Әуелеген әезді әнді ұйып тыңдай-мыз. Көңілден шыққан әуенге билеген де жақсы. Хабарымыз аяқталды. Бейнетаспадағы ойынға назар салыңыздар.

 Ойын: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерін дұрыс көрсете біліп,айыра білуге үйрету.

Ойын барысы: Балалар жыл мезгілдеріне сәйкес түстерді шеңберге тізбектеп, ретімен жүйелі құрастырады. Оған қатысты суреттерді қажетті орнына орналастырулары тиіс.

 Мұғалім:

Бүгінгі бағдарлама қонағы – «Бізді қоршаған орта» министрі Ансар Дулатұлы

Сұрақтарыңыз болса, 33-6-44 телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызға болады.  Көрермен сұрағы:

 — Қазақстанда неше қорық бар?

 — Скафандр дегеніміз не?

 — Пайдалы қазбаларға нелер жатады? …

 Мұғалім:

Жансұлтан сіздерді мәдени жаңалықтармен таныстырады.

 Жансұлтан:

Рахмет, апай! Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 17-сі күні «Мен және қор-шаған әлем» атты сайыс болып өтті. Осы сайыста біздің 3-сынып оқушылары жүлделі орынға ие болып қайтты. Экранға назар аударыңыздар.

 Балық неге ән салмайды?

 – Балық неге ән салмайды?  (Арал)

Әнге неге тамсанбайды?

 – Көңлі қош емес,     (Ансар)

Аузы бос емес.

Болса да көкірегі жырға толы,

Аузы да, құлағы да суға толы . . .

Құмырсқа жылай ма?

– Құмырсқа жылай ма?      (Аяулым)

– Жылайды құмырсқа,        (Дәурен)

Ауырып бір айға,

Бармаса жұмысқа.

Жылайды құмырсқа,

Зерігіп жұмыссыз:

«Қалды, – деп, – бұл тұста

Илеуім ырыссыз».

Көртышқан не деп мақтанады?    (Аяулым)

Жол қазып жердің астынан,

Үңгіген қалың қатпарды

Көртышқан көңлі тасыған

Көршілес Құртқа мақтанды.

– Босамас қолым күйбеңнен,

Білемін өнер табуды:

Адамдар менен үйренген

Әдемі метро салуды.

Алғашқы сабақ             (Ансар)

Ашық аспан астында

Ақ шоқының қасында,

Артезиан құдықтың –

Алыс емес – басында

Алғашқы бұл сабақты

Ағай біздің бастады.

Айналаға қаратты,

Алуан сыр ашқалы:

– «А» – дыбысы

«А-сқабақ»,

«А-лма» одан басқарақ . . .

«А» дыбысы айнала:

АДАМ.

        АҒАШ.

                АЙ.

                   АНА.

Дәру шөп

Алуан-алуан дәру шөп         (Мақсат)

Дәріханаға тапсырып,

Дардиып-ақ қалушы ек,

Дәру табу – жақсылық . . .

Қаптай өссін дәру шөп,

Болмасын тек тапшылық!

Күндіз неге жап-жарық?

Түнде неге қараңғы?

– Күндіз неге жап-жарық?     (Болатбек)

Түнде неге қараңғы?

Бұртиды інім, таң қалып,

Естіп әлгі сауалды:

– Күні бойы қалжырап,       (Арал)

Көзін жұмып түнде күн,

Ұйықтайды маужырап . . .

Соны да, аға, білмедің!

Білгір екен ініміз!        (Болатбек)

Сіз де құлақ түріңіз.

Бұлақтың жауабы

– Ақ бұлақ, қайда барасың?      (Күлайым)

Тұманда қалай ағасың?

Бұрылып көрнеу арнаңнан,

Адасып құмда қаласың  . . .

Сондағы бұлақ жауабы:

– Сағынса бала анасын         (Жанбота)

Түнекте де үйін табады! –

              * * *

Нанасың, шынға нанасың.

Қара бұлт не деді?

 – Қара бұлт!                 (Күлайым)

Қалайша сен қарасаң?

 – Аралап                         (Жанбота)

Жер мен көктің арасын,

Кірлеп кеттім . . .

Мен де әйтпесе ақ бұлтпын!

Кірімді

Арылта алмай, аптықтым . . .

Телескоп

Көк аспанда елес көп,           (Жансұлтан)

Ғарыш қойны мол жұмбақ.

Қадалады телескоп,

Шешілсін деп сол жұмбақ.

Жұлдызды іздер ғарыштан

Жердің көзі сияқты,

Сыр ашқалы алыстан

Телескоп тұр шырақты.

 Хормен: Біз табиғатты қорғаймыз!

 Ән (хормен) «Жас дәуірдің түлегіміз»

 Мұғалім: Спорт жаңалықтарымен Даурен Қанатұлы таныстырады.

 Даурен: Рахмет, Алуа апай!

Аудан орталығында «Салауатты өмір салты» тақырыбымен жолдастық кездесу өтті. Онда мынадай екі мәселе көтерілді:

Тазалық – денсаулық кепілі.

Әр түрлі дене жаттығулары денсаулық пен бойыңа сергектік береді.

Алдағы күннің спорт жаңалықтары: Санаулы күннен соң 7-ші Қысқы Азия ойындары басталады.

 Мұғалім: Ауа райы мәліметтерімен Аяулым Нәбиқызы таныстырады. (Тақтада аудандық ауа райы картасы ілінген).

 Аяулым:

Сіздерді ауданымыздың аймақтарындағы ертеңгі ауа райымен таныстырамыз. Жалтырша қаласында күн ашық, – 20 градус суық. Октябрь қаласында күн бұлыңғыр, қар жауады. Жаңажол, яғни біздің ауылда күн ашық, боран болмайды.

 Мұғалім: «Ақпараттар ағымындағы» маңызды жаңалықтар осымен аяқталды.

  Алдағы 7-нші Қысқы Азия ойындарын да Қазақстандықтар мол жүлдеге ие болсын деп тілектестік білдірейік!

  Амандықпен жүздескенше, сау-саламат болыңыздар!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ