Әбу Нәсір Әл-Фараби. Бақытқа жету жайында

1
9393

Адамның басына дарыған дарыған төрт түрлі нәрсеге халықтар мен қала тұрғындары қол жеткізсе,олар бұл өмірде дүние бақытына, басқа өмірде алыс бақытқа жетеді. Бұлар теорялық ізгіліктер,ойшылдық ізгіліктер,этикалық ізгіліктер,практикалық өнерлер.

  • Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
  • Шыншылдық адалдықпен ағалас.
  • Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
  • Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
  • Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.
  • Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.
  • Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
  • Жүргендер көп достық атын малданып,

Қалмағайсың сен де бірде алданып.

  • Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.
  • Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.

Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.

  • Шын білім – ақиқат, анық білім.
  • Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
  • Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек.
  • Мінез – жанның айнасы.
  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
  • Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
  • Сұлу саз жан сергітеді.
  • Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.
  • Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
  • Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
  • Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
  • Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
  • Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

«Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі. Психолог-кеңесші Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ