Адам тани біл!

0
1975

Риясыз сенген адамың неше рет алдап кетті? Көп. Бірақ әлем бізді бәрібір адамға сенуге үйретеді. Өмір адамға шынайылық пен алаңғасарлық екі бөлек дүние екенін ажыратып береді. Адамды қалай танып үйренеміз?
Бірде шәкірті келіп Ұстазынан сұрайды:
— Өзгеге алданбауды қалай үйренсем болады, Ұстаз? Кімге сенерімді, кімге сенбеуім керектігін қалай білем?
— Мен ең алдымен кімнен сақтануың керектігін айтайын, — дейді Ұстазы. – Бәріне мойынсұнғыш адамнан сақтан. Біреу келіп иіліп сәлем беріп, құшақтап амандасып, ерекше көңіл бөлсе, сол адамнан аулақ жүр.
— Оның себебі неде, Ұстаз? – деп сұрайды шәкірті. – Дұрыстап түсіндіріңізші.
— Өйткені, ол адам бірінші болып сатып кетеді! – деді Ұстазы.
— Сонда кімге сенгенім дұрыс?
— Қарапайым адамдарға сен. Шындық қанша ащы болса да, оны саған айтуға қорықпайтын жандарға сенгін. Өйткені, басыңа іс түссе, жаныңнан солар табылады. Шынайы мойынсұну әрқашан көрер көзге білінбейді. Сондықтан оны табу қиын. Бірақ тапсаң, ол сені ешқашан сатып кетпейді.

Аударған Шынар Әбілдә


ПІКІР ҚАЛДЫРУ