«Айналдым  сенен…» атты оқушылар арасындағы сайыс

0
1682
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы:   «Айналдым  сенен…»

Мақсаты:
  • Қазақстан тарихы  пәндерінен  алған  алған  білімдерін  пайдалана  отырып, әр  кезеңде  болған  тарихи  өзгерістерді, олардың  ерекшеліктерін  ашып  көрсету, оқушыларға  олар  туралы   берік, әрі  толық  білім  дарыту
  • Оқушыларды тарихи  құбылыстарды,әсіресе, өнер  туындыларын   түсінуге  оны   бағалай  білуге  үйрету. Түрлі  қоғамдық  құбылыстарға   эстетикалық  тұрғыдан  қарауға  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  Дәстүрлі  емес  сабақ. Интелектуалды  шоу

Көрнекілігі:  суреттер,плакаттар,кітап,бор т.б

Барысы:

Жүргізуші:

                                        Айналдым  сенен,

                                        Айналдым, Қазақ,  мың  рет!

                                        Сен  үшін  ғана   соғып  тұр  қазір  бұ  жүрек,

                                        Бағбан  қолыңмен  болашағыңның  гүлін  ек,

                                        Жар  болсын  саған,  жар  болсын  саған  Құдірет! 

деп   Әбубәкір  Қайран  ағамыз  айтқандай   бүгінгі   біздің  «Айналдым  сенен…»  атты  5 сыныптар  арасындағы  интелектуалды  шоуымызға  қош  келдіңіздер!!!

Оқушылар  қауымы  екі  топқа  бөлінген:  5 «а»  сыныбынан  құрылған  топ  «Заңғар» тобы  қошеметтеріңіз  және  5 «б»  сыныбынан  құрылған  «Элита»  тобына  қошеметтеп  қойсаңыздар!

Сайысымызды  бастаймыз.  1 – кезең  тапсырмалары. Әр  топқа  тарих  пәнінен  15 сұрақ  оқылады. Топ  мүшелері  мүдірместен  білетін  жауаптарын  айтып  берілген  уақытта  үлгерулері  тиіс.

1-топтың  сұрақтары:

  1. «Тарих» сөзі қандай мағынаны  білдіреді?  (зерттеу,оқиғалар жайлы  әңгіме)
  2. Жазба тарихтың негізін  салушы?  (Геродот)

3.Халықтардың  шығу  тегін,тұрмыс тіршілігін  зерттейтін  ғылым? (этнография)

  1. Көне замандардың жазба  құжаттары  қайда  сақталады? (мұрағатта)
  2. Алғашқы адамдар осыдан  қанша  жыл  бұрын  өмір сүрген? (3 миллион жыл бұрын)
  3. Маймыл тектес ең алғашқы жабайы адамдар? (гоминид)
  4. Адамзат тарихындағы өте  ұзаққа  созылған  кезең? (тас дәуірі)
  5. Қола қандай металдардың  қоспасы?  (мыс пен қалайы)

9.Сақтардың  атақты  патшасы?  (Томирис)

  1. Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы?  (Мөде)
  2. Түрік қағанатын құрған  кім?  (Бумын)
  3. Әл-Фараби қай қалада  дүниеге  келген?  (Отырар)
  4. Ұлы Жібек Жолы  қай елден  бастау  алған?  (Қытай)
  5. Монғол империясының негізін  қалаушы? (Темучин, Шыңғыс хан)
  6. Абылай ханның шын  аты  кім?  (Әбілмансұр)

 2 – топтың  сұрақтары:

  1. Адамзат қоғамының өткенін  жан-жақты  зерттейтін  ғылым  саласы? (Тарих)
  2. Шығыстағы тарихтың атасы  аталған  ғұлама? (Сыма цянь)
  3. Дүние жүзінде қанша  этнос бар?  (3000)
  4. Мұрағат дегеніміз не? (көне замандардың құжаттары сақталатын орын)
  5. Алғашқы адамдардың қалдықтары табылған аймақтар? (Африка мен Азия)
  6. Қытай жерінен табылған алғашқы  қытай адамы? (синантроп)
  7. Садақ пен жебе ойлап табылған кезең? (неолит)
  8. Қола дәуірінің мәдениеті?  (Андронов)
  9. Елінің тәуелсіздігі үшін  ерлік жасаған сақ  жауынгері? (Шырақ)
  10. Ғұндардың билеушілеріне берілетін  атақ? (Шаньюй)
  11. Бумын қаған қай  тайпадан шыққан?  (Ашина)
  12. Әл-Фараби түрлі ғылым салаларынан қаншаға жуық еңбек жазған? (150ге жуық)
  13. Ұлы Жібек Жолы қай ғасырда дами  бастады? (б.з.б ІІ ғасырда)
  14. Шыңғыс ханның балаларын ата? (Жошы,Үгедей,Шағатай,Төле)
  15. Абылай ханның беделді кеңесшісі  болған жырау? (Бұқар жырау)
 2 – кезең  тапсырмалары. « Кім? Қашан? Неге?» Бұл  сөзді кім айтты,неге байланысты  айтты.
  1. «Қанқұмар Кир. Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық  айқаста  қару құдіретімен жеңген жоқсың…» Бұл сөзді кім  айтқан? (Томирис)

 

  1. «Мен дегеніме жеттім, елімді аман  алып  қалдым. Енді  қолыңнан  келгеніңді  істей  бер!»  (Ширақ)

 

  1. «Анадан өнеге көрмеген  қыз жаман, атадан  тағылым  алмаған  ұл жаман»  (Қорқыт)

 

  1. «Желпілдеген тудан, жер қайысқан  қолдан  қалғанша, жігіт  адамның   өлгені  жақсы»  (Абылай хан)

 

  1. « Біз қазақ деген  мал баққан  елміз,бірақ  ешкімге  соқтықпай,  жай жатқан  елміз»  (Қазыбек би)

 

  1. «Ай,Абылай, Абылай! Сені мен алғаш көргенде,Тұрымтайдай  ұл едің, Үйсіннің биі  Төленің  түйесін  баққан   құл едің»  (Бұқар жырау)

 

  1. «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан»  (Абай Құнанбаев)

 

  1. «Мектебің мынау класың,Осында  он жыл  тұрасың, Тарыдай  болып  кіресің,Таудай болып  шығасың»  (Ыбырай  Алтынсарин)

 

  1. «Алатаудың басынан көш келеді,көшкен  сайын  бір тайлақ  бос келеді, бауырыңнан  айрылған  қиын  екен,екі  көзге  мөлдіреп  жас келеді»  (Елім ай әні)

 

  1. «Мен,мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде, еңіреп жүрген  ер  едім, Исатайдың  барында, екі тарлан  бөрі едім»  (Махамбет Өтемісұлы)
 3 – кезең  тапсырмалары: Тарихи  терминдер  беріледі,соның  анықтамалары  айтылуы  тиіс.

 1-топқа:  1.Шежіре  2. Нумизматика  3. Антропология  4.Пиктография  5.Пергамент  6. Археология  7. Этнос  8.Неандерталь  9. Мезолит  10.Қаған  11.Цитадель  12.Алаш  13. Төлеңгіт  14. Сұлтан  15.Би

 1.Шежіре —  есте сақтау,жадыдағы білім,рухани қазына  дегенді  білдіреді.

2.Нумизматика – тиындарды,кұйма ақша кесектерін  зерттейді.

  1. Антропология – адам қаңқасын зерттеу арқылы адамның дене бітімін,сипатын анықтайтын тарих саласы
  2. Пиктография – тасқа, қышқа жазылған сурет жазуларды айтамыз.
  3. Пергамент – жазу құралы ретінде мал терісін пайдалану, яғни тері бетіне жазу
  4. Археология – адамзаттың өткен тарихын заттай деректер  арқылы  зерттейтін  ғылым
  5. Этнос – ежелгі гректің ел,халық деген сөзінен шыққан
  6. Неандерталь – Германия жерінен табылған  адам қалдығы
  7. Мезолит – орта тас ғасыры  б.з.б 12-5 мыңжылдықтар

10.Қаған – ежелгі  түрік  қағанатындағы  жоғарғы  билеушінің  титулы

11.Цитадель – ортағасырлық қалалардағы  қаланың негізгі  орталық  бөлігі

  1. Алаш – қазақ атауының көне баламасы,қазақ тайпаларының  алғашқы  одағы
  2. Төлеңгіт – ел басқаратын ханның жеке шаруашылығын жүргізіп,малын бағатын адамдар
  3. Сұлтан – ханның мұрагері
  4. Би – қара қылды қақ жарып әділдігін айтатын  сарапшылар

  2-топқа: 1.Жылнамашылар  2. Геральдика  3. Этнограф  4. Иероглиф  5.Алфавит  6. Папирус  7. Топонимика  8.Кроманьон  9.Неолит  10.Теле  11.Шахристан  12. Қазақ  13. Хан  14.Этноним 15.Рабат

 

1.Жылнамашылар — өз сарай маңында болған оқиғаларды  жазатын арнайы адамдар

2.Геральдика – елтаңба тану ғылымы

  1. Этнограф — әр халықтың өзіне тән мереке-мейрамы,жиын тойы,тұрмысы,дүниетанымын,шығу тегін зерттейтін ғалым
  2. Иероглиф – таңбалар арқылы жазу
  3. Алфавит — әріптердің жиынтығы
  4. Папирус – Египетте жазу құралы ретінде пайдаланған ағаш тәрізді өсімдік
  5. Топонимика – жер,су аттарының шығу тарихын зерттейді.
  6. Кроманьон – Франция жерінен табылған алғашқы адамдардың  қалдығы
  7. Неолит – жаңа тас ғасыры б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар
  8. Теле – Түрік қағанатында өмір сүрген  тайпалар
  9. Шахристан – қаланың орталық бөлігін қоршап жатқан екінші қабаты
  10. Қазақ – бостандық сүйгіш,ержүрек,еркін адамдар дегенді білдіреді
  11. Хан – тайпа көсемінің,кейін мемлекет билеушісінің лауазымы
  12. Этноним – ру,тайпа,ел,халық,ұлт аттары
  13. Рабат – қала дуалының сыртына орналасқан еңбекші халық тұратын бөлігі

 

Қорытындылау:  Сабаққа  қатысушылар  бір-бірінің  қолынан  ұстап   тұрып (көздері  жұмулы) , «Отанымызды,елімізді,жерімізді,ата-анамызды,ұстаздарымызды,бір-бірімізді  аялауға,бағалауға  ант етеміз» — деп хормен 3 рет қайталайды.   


ПІКІР ҚАЛДЫРУ