ҰБТ өткізудің кемшілігі мен артықшылығы

0
2520
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Ұлттық бірыңғай тестілеу — жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі.

Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.

ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.

Мемлекеттік емтихан да, ҰБТ-де оқушының 11 жыл бойы алған білім стандартындағы бағдарламалық материалды толық әрі нақты білуін талап етеді. Енді оқушы күнделікті баға алу үшін емес, ҰБТ-де жоғары балл жинау үшін әрбір заңдылықтар мен ережелердің, құбылыстар мен оқиғалардың ішкі байланыстармен оның мәнін түсіне отырып, ұзақ есте сақтау үшін білім алулары қажет болып шықты.

ҰБТ-де білім сапасы бірінші кезекте.Бұл жағдайға әлі де болса оқушыларымызда, мұғалімдер де,жалпы мектеп те толық әзір емес.Айталық,күнделікті өтілген материалды меңгерудегі сынып журналындағы жоғары бағалардың өзі ҰБТ-де сол деңгейде көріне бермейді. Неге?

Дәстүрлі қалыптасқан оқыту жүйесінде оқушы күнделікті баға алу үшін оқиды. Бұл жағдай оқушыға да, мұғалімге де күнделікті өтілген әрбір материалдың мәнін,мағынасын терең түсініп, тұрақты, жүйелі меңгеріліп отыруына қолайлы жағдай жасай бермейді.

ҰБТ-ге сенің сол материалдан бұрын қандай баға алғаның емес, бағдарламалық материалдың қаншалықты есіңде сақталғанына қарай бақылап бағалайды. Яғни, ҰБТ білімнің соңғы нәтижесін,сапалық деңгейін бағалайды.

Сондықтан ҰБТ біріншіден, күнделікті оқыту үрдісінің білімдік сапалық деңгейінің жоғары болуын талап етсе, екіншіден, мектептегі білім сапасының дәрежесін оқушыға да, мұғалімге де, жалпы мектепке де ең басты атқарып отырған жұмысының нәтижесін көруге мүмкіндік береді.

Оқушының бәрі бірдей жыл бойына, 11 жыл бойы күнделікті материалды жүйелі,тұрақты меңгеріп отырмайды. ҰБТ-ге дайындыққа тек түлектер тек соңғы жылы ғана кіріседі. Сөйтіп, ҰБТ-нің көрсететін білім деңгейі мен оқушының журналдағы күнделікті бағаларының арасында үлкен айырмашылық шығады.

Соңғы жылдары бағдарламалық материалдан тыс,оқушылардың білім деңгейлеріне келе бермейтін жалпы білім мазмұнынан тыс бағыттағы материалдар тест сұрақтарында кездеспейді деп айтуымызға болады.

ҰБТ өткізудің қажеттілігі: білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандыру.

ҰБТ-ның мақсаты: ҰБТ- жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды.

Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

— Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,

— Пәндік оқытуды ұйымдастыру

— Тиімді технологияларды қолдану.

Оқушының бәрі бірдей 11 жыл бойы күнделікті материалды жүйелі,тұрақты,толық меңгеріп отырмайды.

ҰБТ-ге дайындыққа оқушылар негізінен тек соңғы жылы ғана кіріседі. Сөйтіп, оқушының журналдағы күнделік сабақта алған бағаларымен ҰБТ-дегі көрсеткіштері сәйкес келмей жатады.

Кемшілігі:

  • Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады;
  • Тестілік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз;
  • Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады;
  • Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін.

Артықшылығы:

  • Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі;
  • Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы;
  • Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.

Ерекшелігі:

  • Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі.
  • Әділетті, оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды;
  • Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды;
  • Бағалауы нақты;
  • Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны, уақыты)
  • Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.

Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюы тиіс?

Мақсаттар:

1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;

2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;

3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;

4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату. Жылдық жоспар дайындап алу.

ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?

1. Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

2. Интерактивті технологияларды қолдану;

3. Жеке тұлғаның даралығын дамыту;

4. Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.

ҰБТ мұғалімдерді өз жұмысына шығармашылық тұрғысынан қарауға мәжбүр етеді. ҰБТ материалдары қатаң мемлекеттік стандарт жүйесінде жасалған. Мұнда оқушылардың ойлауы образды, эмоционалды екені мүлде ескерілмеген. Осы жағдай оқушыларды дайындық кезінде жалықтырып,есте сақтау мен қабылдауын әлсіретеді. Сондықтан оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін ҰБТ-ге дайындық кезінде сабақ берудің жаңа формаларын қолдану қажеттігін тудырады. Мәселен ҰБТ-ге дайындық кезінде интеллектуалды ойындар әдістемесін қолдану да тиімді деп ойлаймын.

1-кезең. Диагностикалық:

— Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,

-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;

-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.

2-кезең. Практикалық:

— Тест жинақтарымен жұмыс;

-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

-Топтық және жеке дайындық;

-Тестімен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):

— Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,

— Мониторинг;

— Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

— Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.

ХХІ ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді. Олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді.

 

Койшыгулова Гульфайруз

«Тұщыбек негізгі орта мектебі» ММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ