Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі

0
15232

МАЗМҰНЫ\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..3-4\r\n\r\n1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ…………………………..5-12\r\n\r\n1.1 Әкімшілік құқықтың пәні………………………………………………………………..5-9\r\n\r\n1.2 Басқарушылық қатынастар……………………………………………………………9-11\r\n\r\n1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары……………………………………………….11-12\r\n\r\n2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ…………………………………………….13-17\r\n\r\n2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері ………………………………13-14\r\n\r\n2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері…………………………………………14-17\r\n\r\n3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР………… ………………………………18-23\r\n\r\n3.1 Әкімшілік құқықтың субъектілері………………………………………………….18-20\r\n\r\n3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі…………………………………………………………..20-21\r\n\r\n3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны…………………….22-23\r\n\r\nҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….24-25\r\n\r\nӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………………………………………………………………………….26\r\n\r\nҚОСЫМША…………………………………………………………………………………………….\r\n\r\n \r\n\r\nКІРІСПЕ\r\n\r\n \r\n\r\nӘкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.\r\n\r\nӘкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.\r\n\r\nБұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.\r\n\r\nҚоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.\r\n\r\nКурстық жұмысымның мақсат міндеті атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратынын тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылатындығын зерттеп қажетті әдебиеттерді дұрыс пайдаланып жұмысымның тақырыбын толық ашу.\r\n\r\nІшкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі.\r\n\r\nКурс жұмыстың мақсаты — әкімшілік құқық пәнінің сипаттау.\r\n\r\nКурс жұмысының міндеттері:\r\n

    \r\n

  1. Әкімшілік құқық пәнін қарастыру
  2. \r\n

  3. Әкімшілік құқық пәнін сипаттау
  4. \r\n

\r\nӘкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.\r\n\r\n \r\n\r\n1 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ\r\n\r\n \r\n\r\n1.1 Әкімшілік құқықтың пәні.\r\n\r\n \r\n\r\nБұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.\r\n\r\nСолай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. [1]\r\n\r\nӘкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.\r\n\r\nБұл ең маңызды жәйт, өйткені тек пән бойынша, яғни реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша құқықтық салалар ажыратылады. Олай болатын болса, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарға нелер тән? Ең алдымен мынаны айту керек, олар мемлекеттік басқару аясында пайда болады, өзгертіледі және тоқтатылады. Бұған қарағанда бәрі түсінікті сияқты көрінеді, өйткені бұл аяның шекарасы ҚР-ның барлық деңгейіндегі атқарушы билік жүйесінің (механизмінің) ұйымдастырылуымен және жұмыс істеуімен, мемлекеттік — басқарушылық қызметті жүзеге асыру процесімен айқындалатындығы белгілі. Бірақта әзірге мына бір жағдайды ғана сенімді түрде айтуға болады: біз ынта қойып отырған қоғамдық қатынастардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен байланыстылығы оларды жинақтап басқарушылық қатынастар ретінде сипаттауға болатындай мүмкіндік береді. Бұл шындығында да солай. Бірақ олардың мәнін толық түсіну үшін бұл жеткіліксіз. Мәселе мынада, бұған бұрын да көңіл аударылған болатын, басқарушылық сипаты бар қатынастар мемлекеттік — басқарушылық қызметтен тысқары пайда болуы мүмкін. Айталық, «өз ісін» ұйымдастыру (өзін-өзі ұйымдастыру) мақсаты бар ішкі партиялық немесе ішкі кәсіподақтық қатынастардың шүбәсіз басқарушылық сипаты бар. Мысалы, өздерінің жарғылық нормаларының негізінде тиісті басқару органдарын құру, ішкі ұйымдастырушылық ережелерді белгілеу, т.с.с. [2]\r\n\r\nБізге керегі мына сияқты басқарушылық сипаты бар қоғамдық қатынастар, олардың мемлекеттік — басқарушылық қызметпен тікелей байланыстылығы себепті оларда мемлекеттік (жариялы) мүдде, мемлекеттік басқарушылық ерік тікелей көрініс табады. Соған сәйкес әкімшілік құқықтың пәнін анықтаған кезде атқарушы билік жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болатын қатынастар басты назарда болуға тиіс. Ал мұндай қызмет атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде барлық қажетті мүмкіндіктері мен өкілеттіктері бар арнайы субъектінің болуын болжайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару аясының шегі ең алдымен арнайы субъектілердің-тиісті басқарушылық қатынастардың қатысушыларының бар болуымен айқындалады. [3]\r\n\r\nБасқадай жағдай мемлекеттік басқару аясы деп қоғамдық маңызы бар кез-келген қызмет түрін, яғни тіпті заң шығару мен сот биліктерін жүзеге асыруды да түсінуге сөзсіз келтіреді. Әрине, қаралып отырған проблеманы бұлай шешуге болмайды. Бұған дейін ұсынылған әкімшілік құқықтың анықтамасында, онымен реттелетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыруға «байланысты» және «сол туралы» пайда болады дедік. Бұл да кездейсоқ айтылған емес.\r\n\r\nӘкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастардың атқарушы билікті жүзеге асыруға байланысты пайда болатыны нені білдіреді? Бұл жерде тек қана мынадай қатынастар (және бұл өте маңызды) еске алынып отыр, оларда қандай да болмасын атқарушы орган, яғни атқарушы биліктің тиісті субъектісі міндетті түрде қатысады. Олардың қатысуынсыз болатын қоғамдық қатынастар әкімшілік — құқықтық реттеудің шеңберінен тысқары болады. Бұлар, мысалы, азаматтардың арасындағы, қоғамдық бірлестіктердің және олардың ішіндегілердің арасындағы, өндірістік кәсіпорындар, шаруашылық шарттарға негізделген коммерциялық құрылымдар арасындағы, т.с.с. қатынастар.\r\n\r\nНеге бұл қатынастар әкімшілік құқықтың реттеуіне жатпайды? Олай болатын себебі, аталған қатынастарда мемлекеттің еркі мен мүддесін заңды түрде білдіретін, мемлекеттік билікті (жариялы мүддені) атқарушы — өкім етуші түрінде нақты іске асыратын қабілетті қатысушы жоқ. Нақ соның қызметі мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының жүйесі мен механизмін тікелей білдіруші болып табылады, олар және де әкімшілік құқықтың тиісті нормаларымен бекітіледі. Сонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар.\r\n\r\nӘкімшілік құқықпен реттелінетін басқарушылық қатынастар атқарушы билікті жүзеге асыру туралы пайда болады деген нені білдіреді? Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару-өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.\r\n\r\nАтқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратын болса, тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылады. Басқаша айтқанда, мына жағдай еске алынып отыр, ол өзінің құзыретінің мазмұнын құрайтын заңдық биліктік өкілеттіктерін іске асырады. Ал мұндай құзырет оған нақ сол мемлекеттік-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу үшін беріледі.\r\n\r\nСонымен, әкімшілік құқықпен реттелінетін қоғамдық қатынастарда әрқашанда тек қандай да бір атқарушы органның қатысуы ғана емес, сонымен бірге ең алдымен оның мемлекеттің атынан өкілдік ететін мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының субъектісі ретінде қызмет атқаруы болжанады. Тұтастай алғанда, біз мән беріп отырған мағынадағы басқарушылық қатынастар атқарушы-өкім етуші функцияларды жүзеге асыратын және соларға сәйкес келетін заңдық биліктік өкілеттіктерді қолданатын «алаң» болып табылады. Не азаматтардың, не мемлекеттік емес құрылымдардың мұндай өкілеттіктері болмайды. Баяндалған жағдайлар «мемлекеттік басқару аясы» деген ұғымның мазмұнын белгілі бір шамада түсінуге көмектеседі. Дегенменде қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеуге әкімшілік құқықтың пәнінен де көрініс табатын кейбір өте айырықша белгілер тән. Бұл жерде мына жағдай еске алынып отыр. Мемлекеттік басқару аясы дәл мағынасында мемлекеттік — басқарушылық қызметтің кез-келген көрінісін қамтиды. Бұл даусыз. Бірақта практикада жағдай мынадай, бұл аяға елдің экономиқалық, әлеуметтік — мәдени және әкімшілік — саяси өмірінің барлық негізгі көріністері кірігеді. Соған сәйкес, әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Әрине, атқарушы органдар қызметінің кейбір жақтары да сол сияқты құқықтың өзге салаларының нормаларымен реттелуі мүмкін. Мемлекеттік басқару органдарының жасайтын мүліктік мәмілелерді реттеумен байланысты мысал келтірілген болатын. Тағы бір мысал келтірейік: атқарушы органдардың қызметкерлерінің басым көпшілігі әкімшілік құқық нормаларынан басқа, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларының негізінде де қызмет атқарады, т.с.с. Әкімшілік-құқықтық реттеудің тағы бір айырықша ерекшелігі бар. Оның мәні мынадай: әкімшілік құқықтың өзінің заңдық құралдары бар, солардың көмегімен құқықтың басқа салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды қорғау жүзеге асырылады. Бұл жерде әкімшілік жауапкершілік туралы айтылып отыр.\r\n\r\nӘкімшілік-құқықтық реттеудің айрықша ерекшеліктерін білдіретін барлық баяндалған жәйттар әкімшілік құқық пәнін сипаттаған кезде ескерілуге тиіс. Бірақта оның анықтамасына тікелей қатысты тағы да бірнеше көзқарастар бар. Мемлекеттік — басқарушылық қызмет өзінің негізгі көріністері бойынша ұйымдастырушылық немесе ұйымдастырушы болып табылады. Бұл орайда ұйымдастыру деп қандай да болмасын бір жүйенің (тұтастай қоғамның, оның жекелеген элементтерінің, ұжымдардың, т.с.с.) қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасау түсініледі. Бұдан шығатын қорытынды, ұйымдастырушылық қатынастар тек мемлекеттік басқару аясында ғана болуы мүмкін емес. Мысалы, оның жекелеген көріністері заң шығарушы және сот биліктері органдарының, проқуратура органдарының қызметінен табылады. Олар, мысалы, Парламент аппаратының жұмысымен, сот органдары басшыларының өз аппараттарына басшылық жасау жөніндегі және проқурорлардың проқурорлық жүйенің төменгі тұрған буындарының қызметкерлерін тағайындау туралы, олардың жұмысына бақылау жасау туралы қызметімен байланысты, т.с.с. Бұл сияқты қызмет өзінің мәні бойынша заң шығару немесе сот билігінің, проқурорлық қадағалаудың көрінісі болып табылмайды. Олар осы мемлекеттік органдарға жүктелген конституциялық функцияларды орындауды ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету мақсатына қызмет етеді. Әрине, ол атқарушы биліктің де көрінісі болып табылмайды. Бірақ, ішкі ұйымдастырушылық болғандықтан, ол әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленген тәртіптердің негізінде жүзеге асырылады. Алайда жоғарыда көрсетілген органдардың басшылары атқарушы органдарға сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктерді жиі пайдаланады (мысалы, тәртіптік жазалар қолданған кезде). Мұндай жағдайларда олардың бұл сияқты қызметін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік-құқықтық регламентациялау екені белгілі.\r\n\r\nСонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді.\r\n\r\nСонымен бірге әкімшілік-құқық жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы басқарушылық қатынастарды да реттейді.Сонымен, әкімшілік құқықтың пәні өте әр түрлі және бұл нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңдегі жағдайында да өмірдің экономиқалық және әлеуметтік аяларындағы қоғамдық байланыстардың төте көп тобын қамтитын мемлекеттік — басқарушылық қызметтің қоғамдық — саяси маңыздылығымен толығынан алдын-ала айқындалған жаңа құбылыстар (экономиқалық реформалар, жеке меншік институттарының қалыптасуы, приватизация, т.с.с.) өзінен-өзі, стихиялы білінбейді. Олар тек мемлекеттік қолдау мен қорғауды ғана емес, сонымен бірге реттеуді де қажет етеді. Сондықтан әлеуметтік басқарудың негізгі субъектісі ретінде мемлекет қызметінің маңызы сақталады, ол өзінің көрінісін, мысалы, әкімшілік-құқықтық реттеудің белгілі бір шамада кеңейуінен және модификациялануынан табады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1.2 Басқарушылық қатынастар\r\n\r\n \r\n\r\nӘкімшілік құқық, сонымен, өзінің қасиеті бойынша айтарлықтай әртүрлі, бірақ біртектес қатынастарды реттейді. Олардың ішінде:\r\n\r\nа)    атқарушы биліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері\r\n тікелей жүзеге асырылатын қатынастар;\r\n\r\nә) заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілері, сондай-ақ проқуратура органдары қызметінің процесінде пайда болатын ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар қатынастар;\r\n\r\nб)    жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне мемлекеттік-биліктік сипаты бар өкілеттіктер берілген болса, онда олардың атқарушы органдарының қатысуымен пайда болатын қатынастар;\r\n\r\nв)    қолданылып жүрген заңнамаларда тікелей қаралған жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес құрылымдардың қатысуымен болатын қатынастар (мысалы, оларды  мемлекеттік тіркеуді және қызметіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырған кезде). Сонымен қатар әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болатынын ескеру керек. Мұндай мағынада ішкі және сыртқы қатынастар ажыратылады.\r\n\r\nОларды бұлай топтастырудың қандай мәні бар? Ішкі (ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы (өкілді) және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Сыртқы қатынастар, солардың шеңберінде атқарушы билік органдарының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері тікелей жүзеге асырылады, өйткені атқарушы билік органдары тарапынан басқарылатын сыртқы объектілердің еркі мен мінез-құлқына басқарушылық ықпал жасалынады. Сыртқы қатынастар болып мыналар саналады:\r\n\r\nа)    атқарушы биліктің әртүрлі органдарының (біріне бірі бағыныштылардың және біріне бірі бағынышты еместердің) арасындағы;\r\n\r\nә)     атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы;\r\n\r\nб)    атқарушы билік органдары мен олардың ұйымдастыру жағынан бағынысындағы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың\r\n арасындағы;\r\n\r\nв)    атқарушы билік органдары мен сот билігі органдарының арасындағы;\r\n\r\nг)     атқарушы билік органдары мен қолданылып жүрген заңнамаларда қаралған жағдайларда мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы. [4]\r\n\r\nБасқарушылық қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің нәтижесі оларды әкімшілік-құқықтық сипаты бар қатынастарға айналдыру болып табылады. Басқарушылық қатынастарда белгілі бір объект болады. Бұл жерде олардың не жөнінде пайда болатыны көзделіп отыр. Бұдан бұрын баяндалған жағдайлардан мынадай қорытыңды шығады: әкімшілік-құқықтық нормалар нақты қоғамдық қатынастар тараптарының өзара байланысты міндеттері мен құқықтарын қарайды, олар сол тараптардың іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы мүмкін болады. Бұл міндеттер мен құқықтар мемлекеттік басқару аясындағы тараптардың қажетті мінез-құлықтарымен, яғни олардың белгілі бір іс-әрекеттер жасауымен өте тығыз байланысты. Демек, басқарушылық қатынастардың өздері де осы іс-әрекеттер арқылы іске асырылады. Осыған сәйкес басқарушылық қатынастардың, сондықтан да, және әкімшілік-құқықтық реттеудің объектісі қоғамдық қатынастардың осы түрінің қатысушыларының мінез-құлқы болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені мемлекеттік басқару аясында адамдар мен олардың тиісті ұжымдық құрылымдары жұмыс істейді (мысалы, атқарушы органдар, кәсіпорындар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер). Осы себепті мемлекеттік — басқарушылық қызметтің объектісі адам болып табылады деп айтылатын кездегі жағдайларда, мұндай формуланы (жеке қорытындыны) сөзбе-сөз ұғынуға болмайды. Адамның өзі емес, оның мінез-құлқы, яғни.қандай да бір іс-әрекеттері реттеуге жатады. Адамдардың іс-әрекеттері өзінің арналымы мен нақты мазмұны бойынша әр түрлі. Олар атқарушы билікті жүзеге асыру жөніндегі күнделікті міндеттерді жүзеге асырумен (мысалы, құқықтық актілер шығарумен), атқарушы органдардың және реттелінетін қоғамдық қатынастардың өзге қатысушыларының қарым-қатынастарымен (мысалы, азаматтың шағым беруі және оны шешу) байланысты болуы мүмкін, т.с.с. Барлық жағдайларда тараптардың тиісті өзара байланысты іс-әрекеттерінің бар екендігі көрініп түр. Адамдардың іс-әрекеттері материалдық нәрселермен (заттармен) байланысты болуы мүмкін. Мысалы, полиция қызметкерлері өздерінің құқық қорғау міндеттерін жүзеге асырған кезде қару пайдалануға құқылы; адамдар әр түрлі көлік құралдарын көп пайдаланады, т.с.с. Бұл сияқты жағдайларда да басқарушылық қатынастың объектісі заттың өзі емес, реттеуге жататын ол емес, затты пайдаланатын, оған билік ететін адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Осыған сәйкес әкімшілік-құқықтық нормалар заттарды біреуге беруге немесе пайдалануға байланысты тараптардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді. [5]\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1.3 Әкімшілік кұқықтың функциялары\r\n\r\n \r\n\r\n Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әлбетте, бұл жалпы құқықтық функция-әкімшілік-құқықтық нормалардың ең маңызды мазмұны, өйткені реттеу заң мағынасында қажетті мінез-құлық ережелерін белгілеуден көрініс табады. Мемлекеттік басқару аясындағы осы сияқты ережелерді белгілеу әкімшілік құқықтың атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі болып табылады. Басқарушылық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі мақсатты міндеттері және, соған сәйкес, өзінің көрінісінің әр түрлі нысандары болуы мүмкін. Осыны ескере отырып, әкімшілік құқықтың үш аса маңызды көріністері жөнінде айтуға болады. [6]\r\n

    \r\n

  1. Атқарушы биліктің мемлекеттік — биліктік механизімдегі рөліне толығынан сәйкес келетін әкімшілік құқықтың құқық атқарушылық функциясы өте айқын деңгейде көрініс табады. Бұл әкімшілік-құқықтық реттеудің ең негізгі мазмұны өзінің көрінісін өзіне тәнді құралдармен қолданылып жүрген қазақстанның заңнамаларының талаптарын іске асыруды (атқаруды) қамтамасыз етуінен көрініс табатынын білдіреді.
  2. \r\n

  3. Әкімшілік-құқықтық реттеу сонымен бірге мынадан да көрініс табады, атқарушы биліктің тиісті субъектілері дербес, бірақ заңға\r\n тәуелді негізде құқықтық нормалар шығаруға өкілетті. Әкімшілік\r\n құқықтың құқық шығару немесе құқықты белгілеу функциясының мәні\r\n осында. Бұл орайда қажетті түрде ескеруге жататын ең маңызды\r\n жәйт, әкімшілік құқық шығару әкімшілік құқықтың негізгі, яғни\r\n құқық атқарушылық функциясынан туындайды және соның\r\n мүддесіне қызмет етеді. Шын мәнінде бұл дегеніміз атқарушы билік\r\n органдарының өздері жасап шығаратын әкімшілік құқықтың нор\r\n малары өзінің мәні бойынша да құқық атқарудың нақты нысаны\r\n болып табылады. Мысалы, ҚР-ның Үкіметі — ҚР-сы Конституциясының, заңдарының және Президентінің нормативтік жарғыларының негізінде және соларды орындау үшін нормативтік сипаты бар\r\n құқықтық актілер шығарады.
  4. \r\n

  5. Әкімшілік-құқықтық реттеу процесінде сондай-ақ өзінің\r\n міндеті белгіленген құқықтық режимді сақтауды және реттелетін\r\n қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды құқықтары мен\r\n мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатына арналған құқық\r\n қорғаушылық функциясы да жүзеге асырылады. Тағы да бір рет\r\n атап айту керек, атқарушы органдар мен олардың лауазымды\r\n адамдары бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің кең көлемін жүзеге\r\n асыру және әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен\r\n қолданылып жүрген құқықтың өзге салаларымен реттелетін көптеген қоғамдық қатынастарды құқықтық қорғау іс жүзінде қамтамасыз етіледі.
  6. \r\n

\r\nӘкімшілік-құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда қазіргі кезде басты назар республиқалық, салалық және аймақтық маңызды бағдарламаларды іске асыруға (мысалы, экономиқалық, әлеуметтік-мәдени салаларда: индустриалды — инновациялық, бәсекеге қабілетгі өнімдер шығару, тұрғын-үй, білім, денсаулық сақтау, т.б.); шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық негізін қамтамасыз ететін талаптарды өмірге енгізуге (мысалы, монополизмнің жолын кесу, кәсіпкерлікті мемлекеттік ынталандыру, тұтынушылар құқықтарын қорғау); жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; атқарушы биліктің республиқалық және аймақтық органдарының, шаруашылық және әлеуметтік-мәдени өмірінің мемлекеттік және жеке меншік секторларының қызметін үйлестіруге; реттелінетін қоғамдық қатынастардың аясында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға аударылады. [7]\r\n\r\n       \r\n\r\n \r\n\r\n2 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ\r\n\r\n \r\n\r\n2.1 Әкімшілік құқық әдісінің ұғымы және түрлері\r\n\r\n \r\n\r\nӘкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде әкімшілік құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін. [8]\r\n\r\nЖалпы құқық теориясы тұрғысынан Қазақстан құқығының кез-келген саласының құқықтық реттеу құралы ретінде төмендегі заңдық мүмкіндіктерді пайдаланатындығы жеткілікті түрде сенімді етіп дәлелденген: нұсқама (міндеттеу), тыйым, ерік беру. Олардың жиынтығы қоғамдық қатынастардың кез келген түріне құқықтық ықпал жасаудың мазмұнын құрайды. Нұсқама (міндеттеу) — бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда зандық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу. Демек, норма тиісті жағдайларда өзгеше емес, тап осылай істеу керек деп көрсетеді. Мысалы, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік — құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген. Тыйым — шындығында бұл да нұсқама, бірақ заңдық мазмұны басқа. Оның мағынасы мынада, құқық нормасы өзінің әдіресаттарына (жолданатындарына) осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық міндет жүктейді. Әкімшілік тыйымға мысал ретінде ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде қаралған құқық бұзушылықтардың құрамдарын айтуға болады. [9]\r\n\r\nЕрік беру — бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру. Әрине, әрбір құқық саласы аталған әдістерді өзінің реттейтін пәнінің, яғни қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады. Құқық салаларының арасындағы айырмашылықтарын әдістің қайсысын нақты пайдаланудың деңгейіне (үлес салмағына) қарай айыруға болады. Мысалы, қылмыстық құқыққа тыйым, азаматтық құқыққа ерік беру неғұрлым тән. Бірақта ерік беруді қылмыстық-құқықтық нормалардың мазмұнынан да табуға болады, ал сол бір кезде тыйымдар мен нұсқамалар сияқтылар азаматтық құқықтың нормаларында болуы мүмкін. Мысалы, Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды, бәсекелестікті шектеу, сондай-ақ тек қана басқа тұлғаға зиян келтіру ниетпен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер мақсаттарында пайдалануға жол бермейді. Сонымен бірге азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және өзге де заң құжаттарында белгіленген құқықтарын шектейтін мемлекеттік басқару органдарының құжаттары қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс делінген. Бұл жерде тікелей заңдық нұсқама екендігі белгілі болып отыр. [10]\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n2.2 Әкімшілік құқық әдісінің ерекшеліктері\r\n\r\n \r\n\r\nӘкімшілік құқық шындығында құқықтық реттеудің барлық әдістерін пайдаланады. Сонымен бірге басқарушылық қатынастарға құқықтық ықпал жасаудың қандай да бір құралдарын таңдауға осы қатынастарда іске асырылатын атқарушы билік өзінің барлық айырықша ерекшеліктерімен шешуші әсер етеді. Бұл орайда ең маңыздысы мынада, қоғамдық қатынастардың ерекше түрін заң арқылы байланыстыру процесі пайда болады, осылардың шегінде бір тарап басқарушы рөлінде, ал екіншісі — басқарылушы рөлінде болады. [11]\r\n\r\nСоған сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қатынастарда басқарылатындардың еркінің бірыңғай басқарушы ерікке белгілі бір шамада бағынуы әрқашанда едәуір немесе шамалы деңгейде көрініс табады, оны білдіруші заңдық биліктік өкілеттіктер берілген атқарушы биліктің қандай да болмасын субъектісі болып табылады. Бұл объектінің бұлайша іс-әрекет етуінің себебі, ол мемлекет атынан өкілдік етеді және жариялы мүддені білдіреді. Осыдан бұл қатынастарда тараптардың заңды түрдегі теңсіздігі де туындайды. Тараптары бір құқықтық дәрежеде болатын, мысалы, азаматтық-құқықтық мәмілелермен салыстырғанда, басқарушылық қатынастарда атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруі басқарылатын тараптың ерік білдіруімен бірдей болуы мүмкін емес. Міне не себепті әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарды биліктік қатынастар деп жиі сипаттайды. Бұл формуланың ар жағында жасырын не бар? Ол басқарушылық қатынастар мәжбүрлеу құралдарының көмегімен реттеледі дегенді білдірмей ме? Әрине олай емес, сондықтан да әкімшілік-құқықтық реттеудің сипаты мен тәсіліне тікелей әсер ететін ерекше шарттарын бөлу қажет.\r\n\r\nӘкімшілік-құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама (өкім ету) мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті. [11]\r\n\r\nБұл жағдай немен түсіндіріледі? Ең алдымен мынамен, қандай да болмасын атқарушы органға немесе лауазымды адамға тиісті заңдық биліктік өкілеттіктерді шындығында іске асыру белгілі болып отыр, ал бұл негізінен алғанда басқарушылар мен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастардың шарттық түрін болғызбайды. Мұны, мысалы, мынадай факт растайды, әкімшілік-құқықтық реттеуді жүзеге асырғанда реттелетін қатынастың бір тарабының ерік білдіруіне жетекші рөл беріледі.\r\n\r\nӘкімшілік құқықпен реттелетін нақты басқарушылық қатынастарда тиісінше мынадай көрініс байқалады. Бір жағдайларда қатынастың қатысушысында,  қандай да бір атқарушы органның өкілеттіктеріне ұқсас келетін (мысалы, осындай орган және азаматтың арасындағы қатынастарда) өкілеттіктері жалпы болмайды. Басқа жағдайларда бір тараптың заңдық биліктік өкілеттіктерінің көлемі мемлекеттік-басқарушылық қызмет субъектісінің рөлінде болатын органдікінен (лауазымды адамдыкінен) аз болады (мысалы, жоғары және төменгі тұрған атқарушы органдардың арасындағы қатынастарда). Мысалы, министрлікте оған қарасты мемлекеттік кәсіпорынның басшысынан өкім етушілік өкілеттіктерінің көлемі, әрине, көп. Ал бұл, өз кезегінде мынаны білдіреді, мемлекеттік басқару аясында реттеудің мынадай механизмі қалыптасады, ондағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, мемлекеттік емес құрылымдардың, т.с.с. мүдделеріне қатысты болатын заңдық акт (ерік білдіру) олардың өзара ерік білдіруінің (шарттың) нәтижесі болып табылмайды. Оны тек қана өкілетті атқарушы орган немесе лауазымды адам шығарады. Оларға әкімшілік құқықтың нормаларына сәйкес, бұған дейін атап көрсетілгендей, құзырет беріледі, соның шегінде олар біржақты тәртіппен белгілі бір зандық міндетті шешімдер қабылдауға құқылы. Демек, бұл сияқты шешімдер органның (лауазымды адамның) қарауынша емес, құқықтық белгілеулердің (заң, заңға тәуелді кұқықтық норма) негізінде қабылданады. Сондықтан олар кімге жолданса, соған міндетті болады. Әрине, олар осы шешімдерді қабылдайтын атқарушы органның немесе лауазымды адамның өзіне де бірдей өлшемде міндетті. Басқарушылық қоғамдық қатынастағы тараптардың ең толық көрініс тапқан заңдық өзара қарым-қатынастары осындай. Шындығында, сипатталған реттеу механизмі мемлекеттік тәртіп пен заңдылық талаптарының мазмұнынан тікелей туындайды. Соларға сәйкес мемлекет басқарушылық тәжірибеде пайда болатын мәселелерді, олардың кімнің ынтасы бойынша туындауына қарамастан, біржақты тәртіппен, бірақ міндетті түрде заң мен заңдарға тәуелді әкімшілік-құқықтық нормалардың негізінде шешуге өкілетті мемлекеттік басқару аясында ресмисаты (инстанция) белгілейді. [10]\r\n\r\nБұл сияқты сатылардың қажеттігі түсінікті. Азамат, мысалы, қандай да бір әкімшілік-басқарушылық қызметтердің заңсыз іс-әрекетіне өзінің шағымын өзі шеше алмайды. Сондықтан, ол бойынша заңды түрде міндетті болатын шешім қабылдауға кім ресми өкілетті екенін белгілеу керек; әйтпесе шағымды шешілген деп санауға болмайды. Шағым бойынша шешім азамат пен атқарушы органның арасындағы келісім тәртібімен емес, тек қана өкілетті органның алдын-ала заңмен немесе заңға тәуелді нормамен белгіленген өзінің биліктік құзыретін іске асыру ретінде қабылданады. Мысалы, бұл сияқты шағымдар бойынша шешімдерді кімнің іс-әрекеттеріне (құқықтық актілерін қоса) шағым жасалынса, соның жоғары тұрған органы (лауазымды адамы) қабылдайды деп белгіленген.\r\n\r\nБасқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеудің басқа түрлерінде де осындай жағдай байқалады. Мәселен, лицензияларды, белгілі бір қызмет түрімен (мысалы, кәсіпкерлікпен) айналысу үшін өкілетті атқарушы органдар береді; бірқатар мемлекеттік емес құрылымдарды тіркеуді ҚР-сы Әділет министрлігі органдары жүзеге асырады деп белгіленген, т.с.с.Атқарушы билік органдарының әр түрлі деңгейінің арасындағы қарым-қатынастарында сатылы біріне-бірі бағыныш принципі қолданылады, соған сәйкес төменгі тұрған органның кейбір мәселелерді,  жоғарғы тұрған органның құзыретіне жатқызылғандықтан, өзі істеуге құқығы жоқ. Ол осы мәселені өкілетті саты алдында қоюға бастама көтере алады. Бірақ біржақты заңды түрдегі міндетті нұсқамалардың болуы әкімшілік-құқықтық реттеуді басқарушылық қатынастардың екінші тарабын мәжбүрлеуге тіремейді. Мәжбүрлеу реттелетін қоғамдық қатынастарға және оның қатысушыларына заңдық ықпал жасаудың ең соңғы түрі. Ол тек қана атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) нұсқамаларында тұжырымдалған талаптардан бас тартқан кезде, ал ең жалпы нысанда құқықтық нормаларды бұзған жағдайда пайдаланылады. Мұндай жағдайларда заңдық жауапкершілік қағида болады. Демек, біржақты нұсқамалардың заңдық міндеттілігі мәжбүрлеу мен тепе-тең емес. Тағы бір ескеретін жағдай, атқарушы билік субъектісінің ерік білдіруінің біржақты және міндетті болуы тек әкімшілік құқықтың нормаларымен белгіленген тікелей нұсқамалар мен тыйымдар үшін ғана тән емес. Әкімшілік әдістің бұл ерекшеліктері ерік беру үшін де тән, өйткені оларды пайдалану тиісті әкімшілік-құқықтық нормалармен бұйырылады. Әкімшілік-құқықтық реттеудегі ерік беру кұралдарын пайдаланудың механизмі мынадай. [13]\r\n\r\nБіріншіден, құқықтық нормалар реттелетін басқарушылық қатынастардың тараптарына тиісті мінез — құлықтың бір түрін тандауға мүмкіншілік беруі мүмкін. Көпшілігінде бұл әдіс лауазымды адамдардың мінез-құлқын реттеу үшін пайдаланылады, бұл орайда олардың әкімшілік — құқықтық нормамен ұсынылған таңдаудан бас тартуға құқысы жоқ. Мәселен, ӘҚБТК (7-тарау) былай деп белгілеген, құқық бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға өкілеттік берілген лауазымды адам немесе орган мына сияқты шаралардың (мысалы, ескерту немесе әкімшілік айыппұл салу) бірін таңдап алуға немесе оны жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешуге құқылы. [14]\r\n\r\nЕкіншіден, құқықтық нормалар басқарушылық қатынастардың тараптарына өзінің қалауы бойынша іс-әрекет жасауға (немесе жасамауға) мүмкіншілік беруі мүмкін. Әдетте, бұл субъективтік құқықтарды жүзеге асырғанда болады. Мысалы, азамат қандай да бір лауазымды адамның іс-әрекетін заңсыз деп санаған жағдайда, оған шағым беру керек пе, жоқ па, ол мәселені өзі шешеді. Сосын, шағымды қандай жолмен — әкімшілік немесе сот арқылы беру туралы мәселені де оның өзі дербес шешеді. Шындығында бұл сияқты ерік беру әдісінің белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға ресми, яғни әкімшілік құқық нормасымен қаралған, рұқсат беру сипаты бар. Биліктік қатынастардың ерекшеліктері осындай. Олардың сипаттамасына тағы да бір елеулі қосымша жасау керек. Ол мынадай мәселе, әкімшілік құқық та белгілі бір жағдайларда тараптардың заңдық тепе-тендігіне құрылған басқарушылық қатынастардың пайда болу мүмкіншілігін қарайды. [15]\r\n\r\n \r\n\r\n3 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР\r\n\r\n \r\n\r\n3.1Әкімшілік құқықтың субъектілері\r\n\r\n \r\n\r\nӘкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен.\r\n\r\nӘкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілері мен әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.\r\n\r\nӘкімшілік құқықтың субъектілері әкімшілік құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни әкімшілік әрекет қабілеттілікті иеленген кезде әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің әкімшілік құқық қабілеттілігін нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік әкімшілік құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес. Мысалы, әкімшілік-құқықтық реттеуге бірқатар жағдайларда олардың бөлінбейтіндігі тән. Мұндай жағдайда құқық субъектілігінің осы екі элементі бір мезгілде жиі пайда болады (осы белгісімен, мысалы, азаматтық құқықтан айырылады). Бұл ең алдымен атқарушы органдарға қатысты болатын жағдай, өйткені олардың әкімшлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. Сонымен бұл органдардың әкімшілік құқық қабілеттілігі олардың нақ сол құзыретінде көрініс табады, ал бектілген өкілеттіктерінде олардың әрекет қабілеттілігі, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алатын қабілеттілігі көрініс табады. Мысалы, ҚР-сы Конституциясының 66-б-да бекітілген Үкіметтің құзыреті және соған сәйкес келетін өкілеттіктері оның әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі құқық — және әрекет қабілеттілігін бір мезгілде көрсетеді. [8]\r\n\r\nМына жағдайға ерекше көңіл аудару қажет, атқарушы органдар (лауазымды адамдар) үшін әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысу шындығында олардың тікелей заңдық міндеті болып табылады, өйткені ол олардың құзыретін, сонымен бірге демек, құқық қабілеттілігін де нақты жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары жөнінде де осыған ұқсас шешіледі. Бірақ әкімшілік әрекет қабілеттілікті мұндай жағдайларда кәсіпорынның немесе мекеменің өзі емес, олардың әкімшілігі, яғни атқарушы органы жүзеге асырады. Осы сияқты ҚР-ының, өзін де, оның жергілікті әкімшілік-аумақтарын да әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде қарауға болады. Бірақ олар нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға тікелей қатыспайды. Әкімшілік әрекет қабілеттілік олардың өкілі болып табылатын атқарушы билік органдарына тиісті болады. Бұл, сонымен бірге, әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі, мысалы, республика немесе облыс емес, олардың әкімшілігі болып табылатынын білдіреді. Бұл қоғамдық бірлестіктерге де дәл осылай қатысты болады (партияның өзі емес, оның жарғылық басқару органдары).\r\n\r\nАзаматтық-құқықтық реттеуге сипатты болатын міндеттер мен құқықтар қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес заңды тұлға ретінде кәсіпорынға беріледі. Соған сәйкес, кәсіпорынның әкімшілігі азаматтық құқық қабілеттіліктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ тап сол әкімшілік кәсіпорынның азаматтық-құқықтық әрекет кабілеттілігін жүзеге асырады. Әкімшілік және азаматтық құқық және әрекет қабілеттілігінің мұндай айырықша арақатынасы ең алдымен мынаған байланысты, кәсіпорын мемлекеттік орган, тіпті — атқарушы биліктің субъектісі болып табылмайды. Сондықтан да оған, яғни кәсіпорынға, әкмішілік-құқықтық мәртебенің негізін құрайтын, басқарушылық құзырет берілмеген. Осыған байланысты ол, әкімшілік құқықтың субъектісі болғанмен, әкімшілік-құқықтық қатынастардың тікелей қатысушысы да бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік емес сипаты бар әр түрлі коммерциялық құрылымдарды дәл осылай сипаттауға болады. Жалғыз айырмашылық белгісі — әкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілігі оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап пайда болады. Бұл жағдай әкімшілік құқықтың және әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде қоғамдық бірлестіктердің мәртебесін айқындау үшін де маңызды. Кейде әкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілік тура келмейді, бұл әкімшілік құқықтың субъектілері және әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне тән жағдай: құқық-қабілеттілік туған кезден, ал әрекет қабілеттілік, әдетте, 16 жастан бастап пайда болады.\r\n\r\nӘкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілік жалпы және арнайы (мысалы, әскерге шақырылған азаматта), немесе шектеулі (мысалы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлікпен айналысуға құқы жоқ) болуы мүмкін.\r\n\r\nӘкімшілік деликт қабілеттілік әкімшілік құқық субъектісінің өзінің іс-әрекеті үшін дербес заңдық (әкімшілік немесе тәртіптік) жауапты болатын мүмкіндігін білдіреді. Қағида бойынша, ол әкімшілік әрекет қабілеттіліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әкімшілік құқықтың субъектілері жеке-дара және ұжымдық болулары мүмкін.\r\n\r\nҚазақстанның азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке-дара субъектілер болып табылады. Олардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді де жатқызуға болады. Ұжымдық субъектілерге әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жатады. Біріншілердің қатарында атқарушы билік органдары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер және олардың бірлестіктері (мысалы, корпорациялар, концерндер, т.с.с), дербес құзырет берілген атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелері (мысалы, министрліктердің комитеттері) болады.\r\n\r\nӘкімшілік құқықтың мемлекеттік емес субъектілері қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар, қоғамдық қозғалыстар, т.с.с); жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің атқарушы органдары; коммерциялық құрылымдар, олардың ішінде жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелер болып табылады. Әкімшілік құқықтың ұжымдық субъектілерінің әкімшілік құқық қабілеттіліктері болады, бірақ олар нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыспайды. Олардың атынан әкімшілік құқық — және әрекет қабілеттілікті олардың басшылары немесе өзге уәкілеттік берілген адамдары жүзеге асырады. [9]\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі\r\n\r\n \r\n\r\n«Әкімшілік құқық жүйесінің» ұғымы жөнінде заң ғылымында; әр түрлі көзқарастар бар екенін еске сала кеткен жөн. Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда құқықтың кез келген саласы мынадай үзілістен тұрады: құқық саласы — саланың бөлігі — құқықтық ииституттар — құқықтық нормалар. Дәстүр бойынша заң ғылымында әкімшілік құқықты екіге, жалпы және ерекше бөліктерге бөледі. Әкімшілік құқықты оқулық пән ретінде кұрудың негізіне осылай бөлу алынған.\r\n\r\nӘкімшілік құқық ҚР-сы құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық нормалардың үлкен көлемді жиынтығы, олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты, оларды белгілі бір шамада жүйелеуге болады, соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Бұл жерде бірыңғай басқарушылық қатынастарды реттеу белгісі бойынша біріктіруге мүмкін болатын нормаларды бөлу турасында сөз болып отыр. Бұл, бір жағынан, әкімшілік құқықтың тиісті нормаларының мақсатты ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, екінші жағынан, оларды жүйелеуге осындай тәсіл қолдану әкімшілік құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ететін болады. Сөйтіп бұл нормалардың жалпы қасиеттерін олардың реттеушілік рөлінің ерекше көрінісімен қажетті үйлестіру, яғни жалпы және ерекшені үйлестіру жүзеге асырылады.\r\n\r\nӘкімшілік-құқықтық реттеуде ең маңыздысы, қалай болғанда да, атқарушы билікті жүзеге асыруға заңды түрде қызмет ету болып табылады. Мұның өзі бірыңғай және өздерінің реттеушілік рөлінің барлық көріністері үшін жалпы мәні бар құқықтық кешенге бөлуге болатын әкімшілік-құқықтық нормаларға ерекше көңіл аударуды алдын ала болжайды. Осындай кешеннің шеңберінде әкімшілік-құқықтық реттеудің өзгешелігі мен өзіндік ерекшелігін барынша толық көрсететін әкімшілік құқықтың нормалары болады. Соған сәйкес осы нормалардың жүйесінде тақырыбы мемлекеттік басқарудың бүкіл аясын, оның нақты (мысалы, салалық) ерекшеліктеріне қарамастан қамтитын, олардың тобы бөлінеді.Осылай әкімшілік-құқықтық институттар, әкімшілік- құқықтың жалпы жүйесінің аса маңызды бөлігі қалыптасады. Олардың ішінде жалпы сипаты бар басқарушылық қатынастарды, атап айтқанда: азаматтар мен олардың әр түрлі бірлестіктерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін; атқарушы билік субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін; атқарушы билікті жүзеге асырудың әдістерін; басқарудың құқықтық нысандарын; мемлекеттік-қызметтік қатынастарды; әкімшілік мәжбүрлеу және әсіресе-әкімшілік жауапкершілікті; бақылау және қадағалауды реттейтін нормалар болады. Міне осылар әкімшілік құқықтың жалпы сипаты бар институттары болып табылады. Сонымен бірге әкімшілік құқық жүйесінің шеңберінде әкімшілік-құқықтық институттарда негізі қаралған талаптарға сәйкес басқарудың қандай да болмасын саласында немесе аясында басқарушылық қатынастарды реттейтін нормалар тобын бөлуге болады. Бұл нормалардың тобы әкімшілік-құқықтық реттеудегі ерекшелікті, яғни әкімшілік-құқықтық институттардың салааралық және салалық басқарудағы, мемлекеттік реттеудегі рөлінің көрінісіне сипатты болса, соны бейнелеп көрсетеді. Бұл жерде экономиқалық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси аялардағы басқарудың ерекшелігі негізге алынады.Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалардың екі үлкен тобы бар екендігі белгілі болды, солардан олардың жүйесі де құрылады. Нормалардың әр тобының мақсат-міндетіне сәйкес әкімшілік-құқықтық нормалардың бүкіл жүйесін екі: жалпы және ерекше бөлікке бөлу алынған. Әрине, бұл құқықтық нормаларда бекітілген ресми бөлу емес, бірақ ол қолданылып жүрген әкімшілік-құқықтық нормалардың бүкіл тобын теориялық зерделеудің нәтижесі. Сондықтан осылай етіп бөлу әкімшілік құқықты оқулық курс ретінде құрудың негізіне алынады.\r\n\r\nӘкімшілік құқықтың жүйесі туралы айтқанда тағы бір елеулі жағдайды еске алмасқа болмайды. Ол бірте-бірте қалыптасып және заңдық маңызыдылығы барған сайын артып келе жатқан әкімшілік іс жүргізу (процесс) құқығы институты. Бірақ әзірге бұл мәселе не заң жүзінде, не әкімшілік құқықты оқыту процесінде толық шешімін тапқан жоқ. Сондықтан мұндай жағдайды атап көрсетудің мақсаты әкімшілік құқықтың салалық бөлігі ретінде әкімшілік іс жүргізу құқығын заңдасытырып құруды көздейді. [9]\r\n\r\n3.3 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны\r\n\r\n \r\n\r\nҚағида бойынша бірде-бір құқық саласы «таза» түрінде болмайды. Осыған орай құқық салаларының қарым-қатынастары туралы мәселенің жалпы, ал әкімшілік құқық жөнінде — әсіресе елеулі маңызы бар.\r\n\r\nҚазіргі кезендегі құқық жүйесінің аталған ерекшеліктерінің салдары әкімшілік құқықты құқықтың өзге салаларының реттеушілік кызметінің аясына «енуге» келтірді. Бұл құбылыстың негізіне — бұған дейін бірнеше рет атап көрсетілген қандай да болмасын құқық саласының пәніне сәйкес оның реттеушілік ықпалына жататын аяларда өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылатын қатынастардың шындығында бар болатындығы жатады. Сондықтан тіпті азаматтық құқықта да, аз болса да, бірақ әкімшілік-құқықтық ретінде сипаттауға болатын нормалардың белгілі бір саны болады. Мемлекеттік- басқарушылық қызметтің өзгешелігі әкімшілік құқықтың маңызды ерекшелігін айқындайды: ол өзінің реттеушілік ықпалымен қоғамдық қатынастардың үлкен тобын қамтиды. Осыған әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі болатын нысандары көрініс табады. Мысалы, қаржылық құқық өзінің пәнінің шегімен қатал шектелген қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқық мұндай қатал шектерді білмейді. Соған сәйкес таза әкімшілік-құқықтық деп атайтын, яғни өзге құқықтық салалардың мүдделерін қозғамайтын қандай да болмасын арнайы мәселе табу қиын.\r\n\r\nӘкімшілік құқық конституциялық құқықпен ең тығыз қарым-қатынаста болады. Қазақстан құқығының жетекші саласы бола отырып, Конституциялық құқық адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, олардың едәуір бөлігі әкімшілік-құқықтық нормалардың көмегімен нақты іске асырылады (Конституцияның 16, 18, 21, 22, 23, 25, тағы басқа баптары); атқарушы билікті ұйымдастыру мен қызмет атқаруының негізгі принциптерін, мемлекеттік билік механизміндегі оның субъектілерінің орнын, олардың біртұтас мемлекеттік биліктің өзге тармақтары субъектілерімен қарым-қатынастарын бекітеді (Конституцияның 3, 40, 44, 53, 64, 66, 87 және басқа баптары). Атқарушы билік механизмін ұйымдастыру мен қызметінің көптеген жақтары республиканың заңдарымен және өзге де заңнамалық нормалармен айқындалады. Әкімшілік құқық негізгі бастамасын конституциялық құқық нормаларынан алады, оларды егжей-тегжейіне жете нақтылайды, сонымен бірге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмін, атқарушы билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін; басқарушылық қоғамдық қатынастардың нақты қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесін және оны қорғаудың әкімшілік-құқықтық құралдарын; мемлекеттік-басқарушылық қызметтің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және аймақтық ұйымдарының негіздерін, т.с.с. айқындайды. Сонымен конституциялық құқық нормаларының басымдық маңызы бар екендігі белгілі болып отыр.\r\n\r\nАзаматтық құқық пен әкімшілік құқық сырт көрінісі жағынан біріне-бірі жиі ұқсас келетін мүліктік сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттейді. Тақырыбы тура келген жағдайда құқықтық реттеудің түрлерін айыру үшін, әрине, құқықтық реттеу әдісінің қандай да бір элементтерінің басымдық маңызы бағдарға алынады (шарт немесе әкімшілік нұсқама негіздерінде). Мысалы, Азаматтық кодексте (жалпы бөлігі) бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе өзге де билік жағынан бағынуына негізделген мүліктік қатынастарға, соның ішінде салық жөніндегі және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды деп тура көрсетілген (1-б-тың 4-т-ғы). Азаматтық кодекс сонымен қатар азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарға сәйкес азаматтық — құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан пайда болады (7-б-тың 2-т-ғы), ҚР-ның азамагғық заңдары басқа құжаттармен қатар ҚР-сы Үкіметінің қаулыларынан тұрады (3-б-тың 1-т-ғы), ҚР-ның министрліктері мен ведомстволары, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін құжаттар шығара алады деп бекіткен (3-б-ң 4-т-ы). Азаматтық кодекстің 2-тарауының заңды тұлғаларға арналған 2-параграфында азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық реттеушілік элементтерінің «жанасуы» өте тығыз (мысалы, мемлекеттік тіркеу, акционерлік қоғамдағы басқару, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, т.с.с). Дегенменде құқықтың бұл салаларының арасындағы басты айырмашылығы, бірінші кезекте, реттеу пәнінің, сонан соң (қажетті жағдайларда) және реттеу әдісінің ерекшеліктерімен байланысты. Еңбек құқығы мен Әкімшілік құқық бірімен-бірі тығыз арақатынаста болады, сондықтан еңбек қатынастары-еңбек құқығының негізгі пәні, әдетте, біржақты әкімшілік құжаттардың негізінде пайда болады, олардың алдында келешектегі жұмыстың жағдайы туралы келісім, оның ішінде контрактілер де жасалынады. Өкілетті лауазымды адамның құқықтық құжаты еңбек қатынастарын тоқтату үшін де, еңбек қызметімен байланысты субъективтік құқықтарды заңды түрде ресімдеу үшін де (демалысқа, зейнеткерлікке шығу, т.с.с.) керек. Әкімшілік пен еңбек құқығы нормаларының қарым-қатынасы мемлекеттік-қызметтік қатынастарды реттегенде өте тығыз байланыста болады. Әкімшілік және қаржылық, экологиялық, кәсіпкерлік құқықтар арасын ажырату едәуір қиын. Олардың арақатынасындағы механизмде мына жағдай байқалады: олардың пәніне жататын қоғамдық қатынастардың біразы шындығында әкімшілік құқық нормаларымен және оған тән болатын құқықтық құралдармен реттеледі. Бұл сияқты қатынастарды қорғау да көпшілігінде әкімшілік-құқықтық тәртіппен жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық пен әкімшілік құқық нормаларының қолданылу шекарасы тиісті тыйымдардың сипатымен және бағытталуымен айқындалады (қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық). Белгілі бір байланыстарды Қазақстан құқығының азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу салаларының арасынан табуға болады. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексінде әкімшілік — құқықтық қатынастардан пайда болатын істерді қарау қаралған (мысалы, әкімшілік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне жасалынған шағымдарды). [9]\r\n\r\n           \r\n\r\nҚОРЫТЫНДЫ\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен, әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға атқарушы-өкім етуші өкілеттіктер берілген субъектінің қатысуы әрқашанда алдын ала көзделеді. Бұлар атқарушы биліктің органдары, сондай-ақ солардың атынан іс-әрекет ететін лауазымды адамдар. Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.Әкімшілік құқықтың пәнін құратын басқарушылық қатынастар Қазақстан құқығының басқа салаларының нормалары қолданылатын жерлерден де жиі табылады. Мысалы, еңбек, қаржы, экология, кәсіпкерлік және тіпті азаматтық құқық пәндеріне кіретін қоғамдық қатынастар өзінің мәні бойынша басқарушылық болуы мүмкін. Бұлар мемлекеттік қаржылық тәртіпті қамтамасыз етумен, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын ресімдеумен, әкімшілік бағыныштылық негізінде мүліктік қатынастардың пайда болуымен байланысты қатынастар, т.с.с. Әлбетте, бұл сияқты қатынастар әкімшілік құқықтың пәнінен шығарылып тасталуы мүмкін емес. Сонымен бірге тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, мемлекеттік басқару аясында атқарушы билік субъектісіңің қатысуынсыз да қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайда, бірақта, оны міндетті түрде мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына сипатты болатын заңдық биліктік өкілеттіктер берілетін өзге субъект ауыстыруға тиіс (өкіл етіп берілген өкілеттіктер). Сөйтіп бұл өзге субъект мемлекет атынан өкіл болуға мүмкіндік алады. Атқарушы биліктің органы еместерге заңдық биліктік өкілеттіктер беру оларды өкілдік ету ретінде білдіреді. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі.\r\n\r\nӘкімшілік-құқықтық реттеуге тұтастай алғанда нұсқама мен тыйым неғұрлым тән. Бұл түсінікті де, өйткені реттелетін қогамдық қатынастардың міндетті түрдегі қатысушысы мемлекеттік өкілеттіктің ресми өкілі болып табылады. Оған жататын нұсқама нысанындағы өкім етушілік құқықтар көлемін іске асыру мүмкіндігі құқықпен тап соған берілген, олар екінші тарапқа міндетті болып табылады. Мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің басшысының бұйрығы өзі басқаратын қызметкерлер үшін міндетті, ал министрліктің нормативтік актісіне барлық адамдар мен ұйымдар өздерінің меншік нысанына қарамастан, егер олар осы министрлікке қарасты қызмет аясында жұмыс істейтін болса, бағынуға міндетті.\r\n\r\n \r\n\r\nӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ\r\n\r\n \r\n\r\n1.Қазақстан Республикасының Конституциясы Алматы, “Жеті жарғы” 1995ж.\r\n\r\n2.Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс” 2007ж.\r\n\r\n3.Ашитов “Егеменді Қазақстанның құқығы” Алматы-оқулық.\r\n\r\n4.Таранов Административное право Республики Казахстан, Алматы,“Жеті жарғы” 1997г. Общая часть.\r\n\r\n5.Таранов Административное право Республики Казахстан, Алматы, 1998г. Особенная часть.\r\n\r\n6.“Қазақстан Республикасы Президент туралы” –Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, Алматы 28.12.95ж.\r\n\r\n7.“Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы” –Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Алматы 23.12.95ж.\r\n\r\n8.“Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы” –Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Алматы 20.12.91ж.\r\n\r\n9.www.temakosan.net қазақша рефераттар\r\n\r\n10.Егеменді. Қазақстан, 1999, 23-қаңтар.\r\n\r\n11.Парламент Жаршысы, 2004, №14, 81-қ.\r\n\r\n12.ҚР Жоғарғы Кеңес жаршысы, 1995, №23\r\n\r\n13.Алексеев С.С. Общая теория  права. В 2-хт. Т. 2. М., 1982.\r\n\r\n14.Басилов Р.Ф. Правовые акты органов управления. М., 1970.\r\n

    \r\n

  1. Дюрягин И.Я. Право и управление. М., 1981.
  2. \r\n

  3. Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. Алматы 2007 ж.
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ