Ақпараттық технологияларға адам тәуелділігін қалай азайтуға болады?

0
3343

ХХІ ғасырдан бастап еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бір бөлігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы алдыңғы бағыттарының бірі — ақпараттық технологиялар саласы қоғамның барлық салаларына етене еніп, компьютерлік сауаттылық 2012 жылы 60%-ға дейін өсуі керектігін атап өтті. Яғни, ақпараттық технологияларды меңгеру – заман талабы. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Ғаламтор желісін және ақпараттық технологияның тілін еркін меңгерген адам – технологияны өзіне бағындыра алады. Керісінше, ғаламторда алтын уақытын шығындап, бос өткізетін жастарымыз қаншама? Шыны керек, қазір өмірін ұялы телефонсыз, ғаламторсыз, әлеуметтік желілерсіз елестете алмайтын толқын өсіп келеді. Бұл заман талабы дегенмен, технологияға түпкілікті тәуелділік неге алып келіп соқтырады?\r\n\r\n        «Интернет — тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық – эмоционалды «наркоманияға» жатқызады. Жастар арасындағы тағы бір проблема — компьютерлік ойынға деген тәуелділік. Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10 — 14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез – келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Жастарымыздың психологиясының бұзылуына, суицидке алып соғады. Әлем бойынша Қазақстанның суицид бойынша үшінші орынға шығуы да осыны көрсетеді. Бұл істің қалай алдын аламыз?! Ақпараттық технологияға тәуелділікті азайту жолын қалай қарастырамыз?  \r\n\r\n         Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін кез келген ата — ана баласына оны пайдаланудың шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын, оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми газет — журналдардағы ақпараттармен салыстырып, қабылдау керектігін ескертуге тиіс.  Және де ғаламтордағы зорлық — зомбылыққа, қылмысқа, жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін бағдарламалардан сақтандырып отыруы қажет.  Күнделікті қолданыстағы технологиялардың қандай зияны барын да балалардың санасына сіңіріп отыру керек. Сонда ғана бұл проблеманың сәл де болса алдын ала аламыз.  Ақпараттық технологиялардың күннен күнге жаңаруы адамдардың оған деген тәуелділігін одан әрі арттырмаса кеміткен жоқ. Менің бір ұсынысым: «Қарапайым ғана ұялы телефонды алайық. Адамдар онсыз өмір сүре алмайтындай. Қазір «менің қалта телефоным жоқ» десе, шошып қарайтындай халге жеттік.Телефонның көз, омыртқа, белсіздік  және т.б ауруларға шалдықтыратынын біле тұра қолды бір сілтейміз. Сондықтан да телефоннан келетін зардаптарды  телефон экранына көрсетілсе (темекі қорабының сыртындағыдай), технологияның шамадан тыс қолданудың неге алып келіп соқтырарын халықтың біршамасы түсінер еді». Бұл өзіндік пікір ғана. Адамзат қолынан істеліп отырған дүниелер, адам өміріне зардап келтіруде. Ақпараттық технологиядан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Тек адамзат технологияныны өзіне бағындыра білуі керек.\r\n\r\n#Патриот


ПІКІР ҚАЛДЫРУ