Ғаламдастыру және адамгершілік тәрбиесі.

0
1637
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Ғаламдастыру және адамгершілік тәрбиесі.

Үшінші мың жылдықтың табалдырығын аттаған кезеңде мектептің алдына қоятын ең басты мәселе – қазіргі заманның өркениетті, проргресшіл бағытына сай, азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Бірақ, дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және оған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, педагогикалық мәселелер күннен-күнге күрделілене түсуде. Қазіргі әлемде өршіп жатқан соғыс, ұрыс-керіс жағдайлары және апаттарды болдырмаудағы барлық адамзаттың және әрбір жеке адамның ролі мен жауапкершілігін күшейту өте қажет болып отыр.

Сонымен бірге бүгінгі күні темір қоршаулардың бәрі алынып, бүкіл дүние жүзі ортақ ақпараттық кеңістікте өмір сүруде, мысалы, ЮНЕСКО, интернет жүйесі, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты коорпарациялар, халықаралық туристік ұйымдар, әлемдік қаржы институты, т.б. яғни, әлем халықтары өміріне ғаламдастыру үрдісі тамырын жая бастады.

Сондықтан, ХХІ ғасырды – ғаламдастыру дәуірі деп атауымызға әбден болады. Осыған орай, ғаламдастыру жағдайында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, «ғаламдастыру» ұғымының мәнін ашуды мақсат етіп қойдық..

Соңғы кездегі айтулы оқиғалардың бірі, дербес мемлекет болғаннан кейін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен, тарихымыз бен дүниетанымымыздағы қалыптасқан ұғымдар мен түсініктерді, әлемге деген көзқарасымызды жаңаша, ғаламдық тұрғысынан, қайта саралайтын көп томдық «ұлттық энциклопедияның» дүниеге келуі.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында «ауқымдану және ғылыми – техникалық прогресс әсіресе жаңа ақпараттық және телекомуникациялық технологиялардың дамуы біздің аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Демек, осы технологияларды ұғыну,олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми – техникалық кадрларды қолдау маңызы» делінген.

Сонымен ғаламдастыру – объективті әлеуметтік құбылыс. Болашақ ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруда оны ескермей кету мүмкін емес.

Әлем халықтары өміріне ғаламдастыру біртіндеп еніп келе жатқан уақытта, өз тәуелсіздігіне кеше ғана қолы жеткен еліміз үшін өз келбетін жоғалтып алмау, адамгершілік қасиеттерімізден айырылып қалмау, ұлт ретінде жойылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және оны болдырмаудың шараларын бүгіннен бастау, әрбір адамның рухани байлығы мен мәдениеттілігін жетілдіру, біліктілігі мен білімін арттыру кезек күттірмейтін негізгі мәселе.

Педагогиканың негізгі мақсаты оқушыны жеке тұлға етіп, қалыптастыру болғандықтан, ол философиялық заңдылықтарды негізгі ала отырып, адамгершілікке тәрбиелеуді қажет етеді.

Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан, қазіргі заманның педагогика ғылымында жеткіншек ұрпаққа адамгершілік қасиетті қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру міндеті қарастырылып отыр.

Қазіргі кездегі ғаламдастыру жағдайындағы жалпы білім беретін мектепте білім берудегі ерекшеліктер мынадай жаңа міндеттер ұсынады :

— ғаламдастыру жағдайына сәйкес білім беру мазмұнын жаңарту, жетілдіру.

— әлемдік білім беру тәжірибесіне сүйене отырып, білім беру мазмұнына өзгерістер, жаңалықтар енгізу.

— ғаламдастыру жағдайында ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып,білім және тәрбие беру.

— жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу

— оқудың модульдық жүйесін пайдалану

— педагогикалық құндылықты жалпы адамзаттық құндылыққа ұластыру

— жаңа үшінші мыңжылдықтың оқулықтарының, бағдарламаларының басты ерекшелігін ескере отырып, дамыта және интеграциялап оқыту.

— қазіргі кезде ғылым, техника, мәдениет дамуында білімнің жаңарып, өзгеріп, жетіліп отыруы.

Ғаламдану оқыту мен білім беру мәселесіне де өз әсерін тигізіп, өркениет дамуынан кенже қалмау үшін жаңа өзгерістер мен рефорамаларды қажет етеді. Ол реформалар біздің елімізде де жүріп жатыр. 1-5 сыныптардың жаңа оқулықтары оқушылардың қолына тиіп,

12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі эксперименттер жүргізілуде. Осы тұста қаз іргі ғаламдастыру жағдайында мұғалімдерге мынадай талаптар қойылады :

Біріншіден, ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен жаңа білім беру ғасыры болғандықтан, ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамып, ғылым, техника, мәдениет дамуындағы білімнің мазмұны жаңарып, өзгеріп, жетілуі оқыту процесін қамтитын мәселе болып отыр. Осыған орай мұғалім педагогикалық технологияларды талдау, электронды оқулықтарды сабақта пайдалану, интернет т.б. техникалық құралдар арқылы ғылымдағы жаңалықтан хабардар болып, онымен оқушыларды өз беттерінше айналасуға бағыттауы қажет.

Екіншіден, мұғалім оқушылардың ақыл-ойын ғана емес, ғаламдық ойлауын дамыту мәселесін мектепте ендіру қоғамның сұранысы екенін түсінуі керек. Себебі, ғаламдастыру, қазіргі әлемдегі динамикалы дамудағы салыстырмалы жаңа «Адам және әлем» жүйесін нақты түсіндірудегі кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелерді қамтиды. Мысалға айтатын болсақ, бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекеттер мен аймақтардың артта қалуын жою, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санының өсуі, ядролық жарылыстың зардаптары, әлеуметтік экономикалық дағдарыс, табиғатқа аяусыз әсер етуден болған экологиялық мәселелер.

Сонымен ғаламдық мәселелердің негіздеріне тоқталатын болсақ : демографиялық жарылыс, өндірістік дағдарыс, ресурстардың азайюы, табиғи ортаның бұзылуы, ядролық энергияны теріс мақсатта пайдалану және нашақорлық, жұмыссыздық, өмір сүру мағынасын жою, адамзаттың рухани кедейленуіне байланысты антронологиялық дағдарыс.

Осыған байланысты техниканың ілгері дамуының екі жағы бар: жақсы жақтары – жақсы өмір сүру үшін қажет, ал жаман жақтары – адамзаттың әрекетінен ғаламшар арасында тепе-теңдіктің бұзылуы, қоршаған ортаның ластануының артуы, табиғи ресурстарының қорының азаюы.

Үшіншіден, мұғалім қазіргі кездегі ғаламдық проблемаларды шешуге жеке тұлғаның бойынан біртұтас-жүйелі ыңғайға негізделген, ерекше интелектуалдық біліктілікті талап етуі тиіс.

«Адам және әлем»жүйесін түсіндіретін біртұтас әдіс, ойлаудың жаңа бағыттарында және категориялық құрылым өзгерістерінде өзіндік көрініс табады.

Ғаламдық өзара тәуелділік және ХХІ ғасырдағы ғаламшардағы мәдениеттің дамуындағы әртүрлілік, жас ұрпақтарға білім және тәрбие беруде, болашақ ұрпақтарды өмірге деген жаңа көзқараспен, жаңаша ойлауға, өзгерістерге толы, құбылып жатқан мына заманда өз орнын дұрыс таба білетін болашақ ұрпақты тәрбиелеуді талап етеді, құрметті ағайын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ