«Алаш арыстарының ағартушылық қызметінің тарихи маңызы»

0
3665
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

«Алаш арыстарының ағартушылық қызметінің тарихи маңызы»

           Еліміз тәуелсіздік алып  төл тарихымызда жабық тақырыптарға жол ашылып, бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтандықтардың орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлары. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің еңбектерін жариялауда.

         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ» — деп жазған болатын .

       Қазақ тарихында Алаш қайраткерлерінің ағартушылық қызметініің тарихы ерекше орын алады. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине Алаш партиясының құрылуыы еді. Елдің мұң мұқтажын саяси партия басшылыққа алып, отарлықтан басылып, жаншылып қалған халықты азат күнінің туғанын ұғындырып, саяси күреске бастап шықты. Сонымен қатар Алаш қайраткерлері саяси партия қатарында  қызметте жүріп ағартушылық қызметтері арқылы халықтың ой санасын оята бастады.

Осындай халық ағарту ісінде белсенділік танытқан жанашыр тұлғалардың бірі А.Байтұрсынов 1909 жылы «Қырық мысал» атты кітабын шығарады. Ол Крыловтын еркін аудармалары болатын. Түпнұсқаның мазмұнын ала отырып, оның сюжеттерін қазақ өмірінің тіршілігіне бейімдеп жазды. 1913 жылы қолында еш қаражаты болмасада қалың көпшілікке тез тараған және бұқараның ықыласына ие болған «Қазақ» газетін шығарады. Оның өзі сол кезде қазақ өмірінің мәдени және қоғамдық талаптарына іс жүзінде жауап  беріп отырған мерзімдік басылым болды. Сондықтанда қазақ баспасөзінің тарихында бұқаралық тұңғыш басылым деген құрметке ие болды.

      Көптеген Алаш қайраткерлерінің еңбектері осы қазақ газеті арқылы көпшілікке жарияланып отырды.  Сондай-ақ  М.Тынышбаев –Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері. Сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене айналасты. Ол Орыс география қоғамы Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, Талап ұйымының мүшесі болды. Халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кзендеріне арнап, дереккөздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазды. Оның тарихты терең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады.

Бұл пікірге М.Тынышбаев еңбектеріндегі » Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Ақтабан шұбырынды «,  «Қырғыз- қазақтың шығу тегі», «Қазақ этнонимі туралы», «Алтын Орданың күйреуі және қазақ хандығының құрылу тарихы» секілді т.б тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көне дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заман кезеңі жеке қарастырылатын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынысы ғалымның өзіндік қалыптасқан тарихи көзқарасы бар екенін аңғартады. Сонымен қатар еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен  ерекшеленеді.

    Алаш тарихында өткен ғасыр басындағы саяси оқиғалардың бел ортасында белсенді еңбек еткен жерлестеріміз Ғ.Қараш, У.Танашев, М.Бекімовті ерекше атап өтуге болады.

   Ғ.Қараш Алаш қозғалысына дейін ақ ел өміріне ерте араласып, соңынан бай мұра қалдырған ақын. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының көмегімен ауыл молдасынан сауат ашса да, кейін өзінің білім беделі арқасында өз заманының ең көзі ашық, халқын алға жетелеген зиялы өкілдерінің қатарынан табылады. Ғұмардың бірінші қыры ұзтаздығы болса, екінші еңбегі 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетін ашуда айқын көрінеді. Әуелі Бөкей Ордасында, кейін Оралда жарық көрген газет  «Қазақстан» сөзін тұңғыш рет ресми қолдануымен де құңды, соныменде айрықша бағаланады.

    Ел тағдыры, дәуір сипаты, өмірдің өзекті мәселелері шығармаларының негізгі тақырыбына айналады. Өзі ұстаз тұтқан қазақтың белгілі ақыны Ш.Бөкеевтің қолдауымен ел аузынан жинаған әдеби мұралады құрастырып, Орынбордан  «Шайыр»,  «Көкселдір» жинақтарын шығарады. Сонымен қатар, «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Қарлығаш» (Қазан, 1911) «Тұмыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914),  «Тұрымтай» (Уфа, 1918) өлеңдер жинағы,  «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1911), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) үш зерттеу кітабы жарық көреді.

            Абайдан кейінгі дәуірдегі XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде іргелі орын алатын ірі классик ақын, қазақтың жазба, көркем әдебиетін дамытуда, әдебиет, тілін қалыптастыруда Ғұмардың тарихи еңбегі ерекше. 

            А. С. Пушкиннің «Капитан қызын» қазақша сөйлеткен  — Қаратөбе өңірінен шыққан жерлесіміз Молданияз Бекімов. Ол – қазақ халқынан шыққан санаулы офицерлердің бірі.

            М. Бекімов есімі зерттеушілер мен оқырмандарға 1903-1911  жылдарда ғылыми басылымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, аударма кітаптары арқылы таныс. А. С. Пушкиннің «Капитан қызы» повесі  М. Бекімов аудармасымен 1903 жылы Қазанда басылып шығады.  Сондай-ақ, «Қазақтың халықтық эпосын зерттеуге қатынасты материалдар» деген тақырыппен 6 еңбегін, 1916 жылы «Қырғыз-қазақ ертегісін» жариялайды. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеп, «Қырғыз (қазақ) тілін оқып-үйренуге басшылық» деп аталатын еңбегі 1909 жылы Ташкентте жарық көреді. «Айқап» журналы бетінде мақалалары жаияланады.

            Жалпы Бекімовтың шығрмашылық қызметін 4 салаға бөлліп қарастыруға болады:
  • қазақ әдебиеті нұсқасын жинауы;
  • аудармашылығы;
  • әдет-ғұрыпты зерттеуі;
  • ағартушылық-әдістемелік қызметі.

Әскери қызметте жүрсе де, орыс ғалымдарының еңбектерін зер сала оқып, салт-дәстүр, өнеге мен өз халқының бай ауыз әдебиеті үлгілерін, әәдет-ғұрып,     салт-санасын   білдіретін  материалдарды орыс тілінде жариялап, кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Орыс әдебиетінің көркемдігі жоғары, әлеуметтік мәні зор «Капитан қызы» сияқты туындысымен қазақ жұртшылығын таныс етті.

            М. Бекімовтың еңбегі зерттеушілер мен ғалымдардың мақалаларында, оқулықтар мен әдебиет тарихында әркез лайықты бағаланады деп сенемін. Қортындылай келе қазақ халқы ғылымнан кенже қалған халық болғанмен де өз ішінен шыққан зиялы халыққа қызмет еткен ағартушылардың арқасында сауатын ашып білім кеңістігіне қанат қағып еркін бойлады. Алаш қайраткерлерінің еңбегін әлі де зерттеп толық тану болашақтың еншісінде. Халық үшін игі еңбек еткен атаулы қайраткерлердің атын өшірмей жұлдызын жарқырату біздің басты міндетіміз.

     Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағлымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылып жатыр. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда  негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми шығармашылық  мұралары  насихатталуда. Алайда, әлі де болса жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет ететін тұстары да жеткілікті.

Қазбаева Айгүл Сатбайқызы
БҚО.Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы ЖОББМ
Тарих пәні мұғалімі

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ