Алмастырып қолданатын тістері бар тіршілік иесі

0
2062

1. Ең алғашқы акулалар осыдан 400 миллион жыл бұрын пайда болған. Ол кезде динозаврлар да болмаған деген дерек бар.
2. Оқымыстылар оларды жер шарындағы барлық мұхиттардан кездестіргенін айтады.
3. Акула шеміршекті балықтар тобына жатады. Өйткені денесі толықтай шеміршектен құралған.
4. Бұл жыртқыш туралы алғашқы деректерді «тарих атасы» деп танылған Геродот жазбаларынан (484-425 ж.ж.) кездестіруге болады.
5. Адамдар егеуқұм қағазын (наждачная бумага) ойлап табу үшін «шагрень» аталатын акуланың қалың терісін пайдаланған. Ал жапон әскерлері бұл терімен қылыш сабын қаптаған. Сонда қылыштары ұстағанға ыңғайлы әрі қолдан тайып кетпейтін болған.
6. Кейбір балықшылар акулаларды аулап, сорпа жасау үшін жүзбеқанаттарын кесіп алып, қайтадан теңізге лақтырып жібереді екен. Алайда олар одан кейін жүзе де алмай, дем ала да алмай, ақыр соңында өліп қалатын болған.
7. Олардың 40-45 тісі бар. Жанында алмастыру үшін тағы бірнешеуі тұрады екен. Тістері түсіп, немесе сынып қалған жағдайда қайтадан қалыпқа келтіру үшін акулаға небары бір күн жеткілікті. Олар өз өмірінде отыз тіске дейін алмастыра алады. Бірақ жаңа тістері ескісінен үлкендеу болады. Сондықтан бұл жыртқыштар қорқынышты көрінеді.
8. «Акула» деген сөзді ағылшын тілінде ең алғаш рет 1569 жылы қолданған. Ал оған дейін ағылшын балықшылары мен теңізшілері оны «теңіз қасқыры» немесе испанша «tiburon» деп атаған.
9. Португалдық акулалар 3,5 километр су түбінде өмір сүреді екен. Алайда олардың адамға шабуылының басым көпшілігі 1-2 метр тереңдікте болған.
10. Олар шабуыл жасамастан бұрын міндетті түрде ескертпе белгілерін береді. Мысалы: су бетіне арқасын шығарады және басын көтереді.
11. Акулалар шабуылына қарағанда, найзағай соққысынан немесе ара шаққанынан өлетін адамдардың саны көп. Бұл алып балықтың шабуылынан әлем бойынша бір жылда 30 шақты адам өмірімен қош айтысады. Олардың көбісі Солтүстік Америка (Флорида мен Гавайи), Австаралия және Оңтүстік Африка жағалауларында тіркелген.
12. Жылына 100 миллионнан астам акула өлтіріледі. Оның тістерін түрлі зергерлік бұйымдарға, бауырын бетке жағатын иіс май жасауға, ал жүзбеқанаттарын жоғарыда айтқанымыздай сорпа әзірлеуге қолданады екен.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ