Жылына қай елде 4 млн мысық желінеді?

0
1082

Қытайда адамды таңқалдыратын таңсық жағдаяттар көп. Біреуге ерсі көрінер, біреудің есін екеу, түсін төртеу ететін көріністер көп бұл елде. «Біле жүргеннің артығы жоқ» деген нақылды ұстанып, қытай «қызықтарын» алдарыңызға тартып отырмыз.

1. Әскерилер басын тік ұстауы үшін жағасына ине қадап алады. Суретке анықтап үңіліп қарасаңыз жетіп жатыр.

2. Әскери полицияның сап түзеп, шеру тартқанда қолдарының белгілі бір деңгейде көтеруін қадағалау үшін арнайы сым тартылады.

3. Қытайда 100 миллионға жуық адам күніне 1 долларға күнелтеді.

4. Чунцин елдімекенінде қалта телефонымен сөйлескен адамдар әңгімесін үзгісі келмесе осы мақсатта арнайы төселген жолмен жүреді. Жазатайым оқиғадан сақтанып, біреуді жарақаттап алмасы үшін немесе өзі кемтар болып қалмасы үшін.

5. Қытайда көбінесе мейрамханаларда тапсырыс бермейді, ондай жерге өздерімен бірге үйден ала шыққан тамақтарын жеу үшін бас сұғады.

6. Қытай зайырлы мемлекет болғанымен бұл елдегі христиандардың қарасы мұсылмандардан екі есе көп. Қытайдағы христиандардың қарасы 54 млн адамды құрайды.

7. Әлемнің өзге елдеріне қарағанда Қытайда тұтқындарды 4 есе көп жазалайды.

8. Қытай полициясы қазды агерссиялық «мінезі» мен көзінің жақсы көретініне байланысты иттердің орнына жиі пайдаланады.

9. Қытайда демографиялық ахуалға байланысты қолға алынған «бір бала саясаты» бойынша жыл сайын миллионға жуық әйел түсік жасатады.

10. Қытайда 30 миллион адам үңгір үйлерде тұрады. Бұл үйлер «яодун» деп аталады. Яғни, өз алдына бір құрлықты алып жатқан Австралия халқының санынан көп.

11. Қытайдың ластанған ауасы Тынық мұхитының ар жағындағы Сан-Франциско қаласының ауасын да ластауда. Дәлірегі, Сан-Франциско қаласы ауасының үштен бірін осы қытайлық шаһарлар ластап отыр.

12. Тағам өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін қытай компанияларының кейбірі тағамды тұрмыстық қалдық судан дайындағаны әшкере болды және етті ешкінің зәрімен маринадтайтыны да белгілі болды.

13. Бейжіңдегі ауамен тыныстау – күніне 21 темекі шеккенмен бірдей.

14. Қытайда жыл сайын 4 млн мысық желінеді.

15. Шанхайдағы көлік кептелісі рекорд орнатты. Оның ұзындығы – 99 шақырымға жеткен және көлік жүргізушілер бұл кептелістен құтылуы үшін 12 күн күткен.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ