Ажарлы ауыл — Ақжар

0
5503

  Халқымызда   «Ұлтарақтай болса  да ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат»  деген қанатты сөз бар.Бұл сөз әр адамның  туған өлкесі,өніп өскен жері өзіне ерекше қымбат екендігін білдіреді. Менің туған өлкем Ақжар ауылы туралы да осылай айтқым келеді.
   Әр өлкенің,әр ауылдың өзіндік табиғи және тарихи даму ерекшеліктеріне орай оны мекендеген халықтың, өзіндік дәстүрі мен мәдениеті,тарихы мен шежіресі және әлеуметтік,экономикалық сипаты мен сапасы қалыптасады.  Ақжар ауылы,еліміздің Шығыс өңірінің оңтүстік-шығысындағы Тарбағатай тауы жоталары мен Зайсан қазан шұңқыры арасында орналасқан іргелі, үлкен ауыл,Тарбағатай ауданының ең үлкен елді мекені,1997жылға дейін аудан орталығы болған жер. Ақжар ауылының атауы, ауылдың батысындағы ақ топырақтан түзілген ақжардың орналасуына орай қойылған.Шежіре жүйесі бойынша ауылды орта жүздің Найман тайпасынан тараған Байжігіт бабамыздың ұлдары Жұмық пен Саты ұрпақтары мекендейді.Бұл жер әйгілі батыр бабаларымыз Қаракерей Қабанбай мен Саты ұлы ер Дәулетбай батырлардың ат тұяғы тиген жер.Ауылдың жайылым жерінде ағып жатқан Қандысу өзенінің атауы, сол жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қанды шайқастан, өзеннің қанға толып аққандығына орай қойылған дейді аңызда.

Ақжар ауылының тарихы 1928жылы құрылған, Тарбағатай ауданының  тарихымен тығыз байланысты.Осы жылы «Аудандық Кеңес атқару комитетінің» шешімімен аудан орталығы-«Культпункт»-Ақжар деп бекітіледі.Содан бергі тоқсан жылға жуық уақыт ішінде,әр қилы,қиын заман кездерінде Ақжар ауылы аудан өмірінде жетекші орында болып,ауданның жан-жақты дамуына қомақты үлесін қосып келеді.2013жылы Ақжар  және Жәнтікей ауылдары Тарбағатай ауданының тірек ауылдары жобасына  енгізілді.Бүгінде Ақжар ауылы округына  Ақжар, Жаңалық,Жаңатілеу,Сағындық елді мекендері енеді.Округтағы халық саны сегіз мыңға жуық.Ақжар ауылында үш орта,екі спорт және бір музыка,бір өнер мектептері жұмыс істеуде.Осы білім мекемелерінің ішінде  1927жылы құрылған Абай атындағы орта мектебінің орны ерен.Ақжар аймағының білім академиясына айналған мектепте:аудан,облыс және еліміз бен әлемге әйгілі болған бірнеше тұлғалар білім алды,қызмет атқарды.Атап айтқанда «Ленин» орденінің иегері Смағзам Шомбин, халық қаһарманы Қасым Қайсенов,Мұхтар Әуезовтың шәкірті болған танымал ұстаз Егінбай Ақашев, халық мұғалімі атанған Қанипа Бітібаева.Қасым атамыз  Абай мектебінде ҰОС жылдарының алдында мектеп директоры болған. Биыл 2017жылы Абай мектебіне 90 жыл толады.

  Ақжар ауылы, мәдени болмысы мен рухани деңгейі жоғары ауыл.Бұған дәлел ауылда құрылған «Ақжар халық театры» 1962ж Алматы қаласында өткен республика бойынша 40-қа жуық халық театрлары арасында болған  сайыста I-орын алып,КСРО астанасы Мәскеу қаласында өнер көрсетуге жолдама алған.1963ж қазан айында Кремль сахнасында М.Әуезовтың «Қаракөз» ,Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» атты спектакльдарын қойған. «Ақжар халық театры» Одақ орталығы Мәскеуде өнер көрсеткен тұңғыш селолық театр.Осы айтулы шара туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Оралбек Малдыбаев «Ақжардан-Москваға» атты кітап жазды,
«Ақжар Москва» деректі фильмі шығарылды.Бүгінгі  күндеде Ақжар округы жыл сайынғы өтетін шығармашылық есеп беру байқауында аудан бойынша үнемі бас жүлдеге  ие болып келеді.
Ауылымыздың көркі «Байжігіт баба» атындағы мешіт 1995-99 жылдары халық қаражатына тұрғызылып, бүгінде күрделі жөндеуден өткізілді.Жыл сайын ауылымыздан, қажылық сапарға аттанған адамдардың қатары көбейіп келеді.Жақында жаңа қатымхана құрылысы аяқталып халыққы қызмет көрсетпекші.

Тарбағатай жері қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер және пайдалы қазбалар мекені.Осы негізге орай ауданда 1968жылы «Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы» құрылған.Қорықшадағы ерекше пайдалы қазбаның бірі ол  осы  Ақжар аймағына қарасты Жаңалық ауылы маңындағы бентонит  топырағының қоры.Қазір бентонит балшығы ашық әдіспен алынып Ресей еліне тасмалдануда, алдағы уақытта аймақта  осы  пайдалы қазбаны өндіретін зауыт салу жоспары бар.Бұл іс облыстың инддустриалды-инновациялық  даму картасына енді.Халыққа осы сала бойынша қызмет көрсету мақсатында 2015жылы ауылда кірпіш және сүт зауыттары ашылып,бүгінде өз өнімдерін шығаруда. Ауылымызда 2006ж «Ақниет»  атты аталар мен әжелер отауы құрылып,ауылдық ақсақалдар алқасымен бірлесе жұмыс істеп келеді.Бұл істі ұйымдастырған ата-апаларымыз.  Халықов,Ә.Масалов,С.Малғаждарова.Ал жастар ісі бойынша, мемлеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын ауданда жастар форумы өтеді.Бұл бағытта Ақжар ауылында 2007жылы «Толағай» атты жастар қоғамдық бірлестігі құрылып бірнеше облыстық,аудандық әлеуметтік жобалардың ұтыскері болып,жастар арасында көптеген іс-шаралалар өткізіп келеді.
        2012 жылы ауыл аймақтарды абаттандыру мен көгалдандыру жоспары бойынша Ақжар ауылы облыс бойынша «Үздік ауыл» атанса,2014,2015 жылдары аудан бойынша «Үлгілі ауыл» атағын жеңіп алды. 2015жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ауылымызда батыр бабамыз  Дәулетбай батырдың 310 жылдығына арналған зәулім ескеркіш бой көтеріп,республикалық деңгейде ақындар айтысы мен бәйге өткізілді.Міне ауылымыздың кешегі мен бүгіні осындай оқиғалардан тұрады.Ауылым туралы сөзімді  «Ақжарыма» атты ән сөзінің жолдарымен аяқтаймын.
 Қазақ  жерін тегіс шарлап шықсам да,
Сендей жерді ешқай елден таппадым.
Мерекелі, берекелі, мерейлім,
Ақжарым мәңгі, Ақжарым мәңгі мақтаным !

Серікова  Жанетта 
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы,
  Абай атындағы орта мектебінің оқушысы   

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ