Алтын қақпа» лингвистикалық ойыны

0
2018
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Алтын қақпа» лингвистикалық ойыны

Тақырыбы: Сөз таптары

Мақсаты: Оқушылардың сөз таптары тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау, қабілетті,білгір оқушыларды қолдау, озық болуға тәрбиелеу

Түрі: сайыс

Жүру барысы:

  1. жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер! Бүгін ,сіздер, 6-сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Алтын қақпа» лингвистикалық ойынына жиналып отырсыздар!
  2. -жүргізуші:Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Сайыс болған соң жеңу де бар, жеңіліс те бар. Сондықтан сайысқа қатысушылардан сабырлық пен төзімділікті, әрине білімділікті де күтеміз.
  3. жүргізуші: Бақдәулет, бірінші сайысты бастамас бұрын ойын шартымен таныстырып өтсек:
  4. жүргізуші: Дұрыс айтасың, Диляра! Ендеше , ойын шартымен таныс болайық
Ойын шарты: Ойын 4 бөлімнен тұрады

І . «Тас қақпа»-бұл бөлімде зымыран сұрақтар сайысқа қатысушы 6 оқушыға бірдей қойылады. Қатысушылардың алдында жауап парақтары таратылған . Дұрыс жауаптың тұсына белгі қоюларың керек.(Иә, жоқ) .Сұрақ аяқталған соң жауап парақтарыңыз әділқазылар алқасына тапсырылады. Төмен ұпай жинаған 2ойыншы ойыннан шығады.

ІІ. Көрермендермен ойын-бұл бөлімде қойылған сұраққа бірінші қолын көтерген ойыншы жауап береді. Дұрыс жауап берген ойыншы ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығын алады.

ІІІ. «Күміс қақпа» бөлім 2 айналымнан тұрады. Ұяшықтарда жасырынған сұрақтарға жауап беруі керек. Дұрыс жауап берген ойыншы сол ұяшыққа тігілген арнайы сыйлықты алып, ойыннан шығып кетуіне болады немесе сыйлықтан бас тартып, ойынды жалғастыруына болады .2 айналымнан өткен ойыншы «Алтын қақпаға» жолдама алады.

Егер сұраққа жауап бере алмаса, ешқандай сыйлықсыз ойыннан шығады.

ІҮ «Алтын қақпа»бөлімінде «Алтын сандық» ішінде жасырынған сұраққа жауап беруі керек. Дұрыс жауап берілсе арнайы тігілген сыйлыққа ие болады. Жауап бере алмаса, ойыннан шығады. Алтын сандықтағы сұраққа жауап берген ойыншы бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы атанады.

  1. жүргізуші:-Осыншама сыйлық тігіп, бүгінгі ойынымыздың қызықты да сәнді өтуіне ат салысып отырған 6 «Д» сынып оқушыларына алғысымыз шексіз!
  2. жүргізуші:Бақдәулет! Олай болса ойынымызды бастайық! Бүгінгі ойынның әділ бағасын беру үшін сайланған әділқазылармен таныс болайық.
Әділқазылар алқасы:
  1. Әділқазылар алқасының төрайымы:
  2. Мүшелері:
  3. жүргізуші:Сайысқа қатысушыларымызбен таныс болыңыздар:

6«А» сынып оқушысы

6«Ә»сынып оқушысы Рахманғали Мадияр

6«Б» сынып оқушысы

6«В» сынып оқушысы

6«Г» сынып оқушысы

6«Д» сынып оқушысы Болатбаева Нұрай

  1. жүргізуші: Сонымен сайыскерлерімізбен таныс болсақ, барлық ойыншыларға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық!

І. «Тас қақпа» сұрақтары

Қойылатын сұрақтар Иә жоқ
1 Жалпы есім-зат есімнің мағыналық түрі +
2 «Дәмді» сөзі заттың сипатын білдіреді
3 Есімдіктің 7 мағыналық түрі бар +
4 «Бесінші» сөзі заттың нақты санын білдіреді
5 Етістік қайтті? деген сұраққа жауап береді +
6 «Нешінші?» сұрағы есептік сан есімнің сұрағы
7 «Бұл, сол» сөздері жалпылау есімдігі
8 «Көңіл»сөзі деректі зат есім
9 1ден-7-ге дейін сандарға ғана –ау,-еу жұрнағы жалғанады +
10 Шығыс септігінің жалғауы арқылы топтау сан есімі жасалады +
11 Үстеудің мағыналық түрі-8 +
12 «Қызыл» сөзі сапалық сын есім +
13 «Талдықорған» –жалпы есім
14 «Қорбаң-қорбаң» сөзі етістік
15 «Тәтті» сөзі заттың сапасын білдіреді
16 1-ден 7 –ге дейінгі сандар жинақтық сан есім болады +
17 «Мен, сен,ол»-жіктік жалғауы
18 1,2,3…-есептік сан есімдер +
19 -дыр,-дір-есімшенің жұрнағы
20 «Оқыған азамат» тіркесіндегі «оқыған» сөзі-сын есім +
21 Жалқы есімдер бас әріппен жазылады +
22 -ып,-іп,-п көсемшенің жұрнағы +
23 «Бүкіл,күллі»сөздері жалпылау есімдіктері +
24 5-5-тен- жинақтық сан есім
25 -ға,-ге табыс септігінің жалғауы
26 «Тарта, жуық, шамалы» болжалдық сан есімдер +
27 -с» жұрнағы есімшеде және етісте бар +
28 «Бір адым» 1 метрге тең +
29 -ған,-ген,-қан,-кен көсемшенің жұрнағы
30 Қып-қызыл»-күшейтпелі шырай +
Барлығы 17 13
2-слайд: Көрермендермен ойын сұрақтары
  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
  3. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата
  4. Есімшенің жұрнақтары қандай?
  5. Етістіктің қандай түрлері бар?
  6. Есімдіктің мағыналық түрлері нешеу? Қандай?
  7. Көсемшенің жұрнақтарын ата
  8. Деректі, дерексіз зат есім дегеніміз не?
  9. Сын есімнің қандай шырайлары бар?
  10. Етістің түрлерін ата
  11. Мезгіл үстеу дегеніміз не? Сұрақтарын айт
  12. Сан есімнің мағыналық түрлерін ата
  13. Өздік етістің жұрнақтары қандай?
  14. Жалпылау есімдігіне қандай сөздер жатады?
  15. Сұрау есімдігінің сұрақтары қандай?
3-слайд: «Күміс қақпа» ойыны: Ұяшықтарда сұрақтар жасырынған.

«Алтын қақпаның сұрағы

1-жүргізуші: Өздеріңіздің көз алдарыңызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтадық. Осы сайыстың әділ бағасын беру үшін сөз кезегін әділқазылар алқасының төрайымы________________________________берсек.

2-жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Сайыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі сайысты ұйымдастырушы ұстазымыз Шолпан Махмұтқызына және сайысқа демеуші болған 6 «Д» сынып оқушыларына көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Нургамысова Шолпан Махмутовна

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ