Асық ойнаудың балаға пайдалы тұстары

0
1016
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың айқындалған міндеттердің бірі – балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыру.

Бағдарламаның   мақсаты:  балалардың   жас   ерекшеліктері   мен   жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани – адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген  жалпы адамзаттық  құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті  тәрбиелеу.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт – дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік  діңі ете отырып, әрбір қадамын  нық ба­с­уын, болашаққа сеніммен бет ал­уын қалаймын», — деп жазған болатын. Яғни, мектепке дейінгі кезеңнен бастап бала бойына ұлттық тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық және ой – өрісінің  дамуын  қамтама­сыз ететін жаңа технологияларды іздес­тіру өте өзекті.

Атақты педагог Н. К. Крупская қимылды ойын жөнінде былай дейді: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады».

Қазақ халқының ұлттық ойындарының балаларға берер тәрбиелік мәні толассыз. Балаларды  қазақ  халқының  ұлттық  ойындарымен ойната отырып, жан –  жақты тәрбиелеу – ұлттық құндылықтарымызды бойымызға сіңіруге әсер етеді.

Соған сәй­кес бүлдіршіндерді дамыту­ мақсатында қолданылатын технологиялар да жеткілікті.

Асық технологиясы – бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Қазір балалар  балпаң  ба­са  бастағаннан – ақ  ата – анасы  жүйкесі  тыныш  болуы үшін қо­лына планшет беріп қоятынын кө­ріп жүрміз. Педагогтардың пайымына сүйенсек, бұдан ба­ланың зейіні тұйықталады, кө­зінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қисаяды  және  кәдуілгі  адами қа­рым – қатынасты ұмытады. Вир­туалды әлемге бой ұрған бала қор­шаған ортамен сөйлеспейді.     

Балабақшадағы  асық  ойнай  бастаған  баланың бойындағы өзгерістерді ата – аналар күн сайын байқауға болады. Яғни, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыс дене сымбатына көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қабілеті дамиды, ұтып алған асығы көбейген сайын қуа­нады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады.

Асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген  асықты бір түстен кейін екінші түсті жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір – бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иіл­гіш болып жаттығады. Мұның бә­рі баланың қиялы мен ойын, ұш­қырлығын, зейінін жан – жақты дамытады. Асық терапиясы балалардың қимыл – қозғалысын реттеу­ге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөз­дік-логикалық ойлау­ды сатылай қалып­тастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бір­лесе әрекет етуге тәр­­­­биелейді.   

Балабақша тәрбие­шілері асық арқылы санау, құ­рас­тыру, асық үстінен жүру, мате­матикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ойлап тауып, бала танымына қор­шаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жет­кізуге тырысады. Асық ату ойыны арқылы  балалардың мергендігін дамытуға, асықпен ойнайтын сан алуан ойындар арқылы бала денсаулығын шыңдауға болады. Ересек топтар үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеті артады, эстетикалық тал­ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын­да шапшаңдыққа үйренеді. Асық­тан құралған тақтайшалармен жү­ру арқылы балалардың аяқ, қол еті қатаяды, қабілеті артады.­ Табандағы жүйке нүктелері арқы­лы ойлау қабілетінің дамуына, жалпақтабанның алдын алуға болады. Бұл – асық терапиясының бас­тапқы нұсқасы.

 

Нурмаганбетова Гулжанат Шакратовна

«Алтын балық» бөбекжайының әдіскері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ