Алтын күз балабақшаға арналған сценарий

0
37534
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Алтын күз   

 Мақсаты :  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрады . Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.  Балалардың қолдарында жапырақтар.

Жүргізуші:Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті ата-аналар,ұстаздар және « Балдәурен»тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше
« Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында.

Балалар хормен :   Шаршауды білмейміз
Көңілді би билейміз
Әсем сазды ән салып
Би билеуге дайынбыз

 Жүргізуші :           Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге

«Күз жомарт»     әнін      тыңданыздар.

Жүргізуші:           Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды – деп өлең шумактарына кезек береміз.

 

Нұрасыл:            Күздің казан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр,сыбдыр түседі

Еңілік:                Күн суытып жапырақтар түседі
Астық жеміс жиылды
Қамбаға құйылды

Мөлдір:             Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Аяжан  :           Жемісі  мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Нұрдәулет :     Көбейді құт береке
Астык толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз

Айша :           Алтын,сары, кызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап

Айтуған:       Қуандырып бізді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халқымыз
Айдын:         Алтын ,сары,қызыл, көк
Алуан,алуан ,жапырар

Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ

Жургізуші : Балалар мен сендерге жұмбак жасырғым келіп тұр , сендер бұл  жұмбақтың шешуін тапсаңдар біздің көптен күткен қонағымыз келеді.  Ендеше сендер дайынсыңдар ма?

 Балалар:              Әрине дайынбыз.

Жүргізуші:    Көк майсалы көрікті

Алқап тола көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін  .       ( Күз  )

 

Жапқандай жапырағымен айналаны

Қуантып байлығымен халқымды

Бір қуантып қайту үшін біздерді

Сабырлы ,сары алтын күз келді.

Балалар  хормен:  Біз сізді күтудеміз алтын куз

Күз ханшайымы келеді .

Сәлеметсіңдерме балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

 Мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Жүргізуші:  Сәлеметсізбе күз ханшайымы келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін  тамашалаңыз.

Ал балалар өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба  ?

Күз ханшайымы :  Рахмет балалар мен бүгін өзіммен бірге  Қыркүйек,  Қазан қызыммен Қараша ұлымды алып келдім.

Менің ұл қыздарым құр келген жоқ сендерге өздерінің әндерін дайындап келді.  Қане балалар менің  Қыркүйек , Қазан , Қарашамның әнін тыңдандар

Қыркүйек  ,  Қазан , Қараша ән айтады.

Жүргізуші :  Қандай   тамаша ән балалар сендерге ұнады  ма ?

Балалар  :     Ұнады керемет ән.

  Жургізуші:                  Әсем әуен салдырған

Сәбилерде алғыр жан

Балдәуреннің ұл қызы

Клип түсірді жаңадан-деп « Балдәурен» тобының      бүлдіршіндері  Ерке  Есмаханның « Қайда» әнінен  шағын клип түсірді. Сіздердің көңілдеріңізден шығып жатса , Астана қаласыны жол тартсақ деп отырмыз. Қарсы алыныздар сіздердің алдарыңызда « Балдәурен» тобының бүлдіршіндері.

Ойын ата-аналармен «Көкөністер мен жемістерден»  ойыншықтар  жасау.

Жүргізуші  :          Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің  тойын тойлайық

Би билейік ойнайык-деп    Айжан мен  Еркеназ қыздарымыздың « Алтын күз» әні мен биші қыздарымыздың  «Лента»  биін  қарсы алыныздар.

Жүргізуші :             Ерте ерте ,ертеде

Бау-бақшасы көп өлкеде

Көкөністер жиналып

Үлкен айтыс құрыпты

        Көкөністер  туралы өлең  шумактарына кезек береміз.
Бексұлтан:     Это зрения обман
Синеньки   пресиний
Зреет толстый баклажан
Он по форме длинный

Қалданай:     Думаю из овощей
Лучше всех картошка
Без нее не свариш щей

Не поешь окрошки

Полина  :  А я –сочная капуста

Витаминами   горжусь
В голубцы    борщи  салаты
Я конепригожусь
А какие вкусные
Щи мой капустные
Диас:       Дремлет под землей морковь
Что же ей там снится
Пригрозем нахмурив бровь
Покажись девица

Бірханым:   Зеленый огурец
Большой –большой хитрец
Сидит себе на грядке
С людьми играет в прятки

Айару:    Горошек зеленый бывает

И каждый из нас это знает
С пюре из горошка зеленного цвета
Любая зима превращается в лето

Жүргізуші :    Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді

Ертегіні жақсы көрем мен тегі —  деп  « Құмырсқа мен шегіртке» ертегісін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:             Жемістерді тердіңбе ?

Мұндай жеміс көрдің бе ?

Жемістердің айтысын

Ал тыңдайык кел бірге-деп « Жемістер» өлең шумақтарын тыңдаңыздар.

Эдьяр:                    Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмін
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайын
Нұрислам:            Мен өрікпін ірімін
Алма,алмұртқа інімін
Дастарханнын гүлімін
Сусыныңды қандырар
Салкын саумал шырынмын
Еркебұлан:           Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегін
Серік:                  Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім

Ролан :         Я-замороский гость банан
Переплыл я океан
Меня солнце попрсило
Передать свою вам силу
Бибінұр :       И варенье  и компот
Из созревшей вишни
Красный сок измазал рот

Все вопросы лишни

 

Жургізуші:  Қызыға біз қараймыз

Бүлдіршіндерге  бүгінгі

Көрейікші көрермендер

«Жұп» биін тамашалап-деп « Жұп» биіне кезек береміз

Жүргізуші:   Ал балалар тұрмайық

Би билейік бәріміз

Алтын күзде бүгінгі

Шырқап әнге салайық-деп  «Балабақша»  әнін тыңдаңыздар.

Күз ханшайымы:  Балалар мен сендердің    өнерлеріне риза болдым, қош сау болыңдар .

Шат көңілді балалар

Шаршағанды білмейді

Алтын күз туралы

Мақал-мәтел айтады-деп күз туралы мақал- мәтелге

кезек берейік.

Ақбота:                    Көктемде жерге түскен бір дән

Күзде мың дән болады.

Бота:                       Егіндікті күз суғар

Күзде суғарсаң жүз суғар.

Мөлдір:                  Күз келсе ,бақыт келер ырыспенен.

Жүргізуші:  Құрметті ата-аналар ,ұстаздар. Берекелі мерекелі жомарт күздің

сыйлаған сыйы,әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын еліміз аман

заманымыз тыныш болсын. Бүгінгі « Алтын күз» ертеңгілігімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға, алтын уақыттарынызды бөліп келгендеріңізге

көп –көп рахмет.  Қош сау болыңыздар.

Ертегі ;

Құмырқа мен шегіртке

Ерте ерте ертеде құмырсқа болыпты ол өте еңбекқор,жұмыстың ауырлығына қарамай еңбектеніп тынбайды екен. Бір күні құмырсқа баласын  ертіп жем іздеуге шығады .      Осы кезде бидайдың басын жеп тұрған шегірткені көреді.

Құмырсқа :  Сәлем шегіртке неге адамның маңдай терімен пісірген бидайын

қалай рахаттанып жеп тұрсың-деп сұрады.

Шегіртке ; Осыншама көп бидайдың бір түйірін жесем адамның несі кетеді.

Жылда осылай рахаттанып жеп жүрем . Бұдан адамдар кедей болып қалмас,

Жүр ; Бастары жұлым-жұлым болып қалған  бидайларға қарап тұрған құмырсқаның көзіне бидайдың парша-паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан шегірткенің балалары түсті.

Құмырсқа  ;  Көрдіңбе шегіртке балаларыңда ,сен секілді өзгенің еңбегін ұрлауға үйреніп алған . Ертең оларда ұрлыққа үйір болады. Ал ұрлық түбі қорлық-деп күрсінді.

Ашуланған шегіртке ;   Дап –дайын астан жемей терлеп –тепшіп  жұмыс істеймін ба- деп кетіп қалады.

Жүр ; Құмырсқа одан әрі жү береді.

Құмырсқанын баласы : Осы біз неге шаршап көп еңбектенеміз,тек қана қалдық қоқымдар жейміз. Ал  шегірткеге рахат әдемі , таза бидайды жейді. Рахаттанып тойып алып қыдырып жүреді-деп мұңаяды.

Осы кезде құмырсқа былай дейді ; жоқ балам әлі ақ шегірткенің дұрыс еместігіне көзің  жететін болады.

Жүр ; Жүре-жүре бидайдың алқабының шетіне шыққан олар шашылып қалған наның қоқымын көреді. Шамасы осы жерде адамдар  нан мен сусын ішкен секілді . Осы кезде құмырсқа нан кандай еңбекпен келетінін баласына былай деп тусіндіреді .

Құм ; Балам мінекей мыныу ас патшасы нан . Бұл әлгі шегіртке жеп тұрған бидайдан жасалған. Адамдар өте еңбекшіл халық. Ерте көктемде бидайдй егіп кузде жинап алады. Олар бидайды өңдеп, Осындай тәтті нан жасайды.

Әлің жеткенше нанын қоқымдарын жинап ал. Бұл қиқымдар бізден басқа ешкім ге керек емес.

Жүр ; Осы кезде адамдар келіп  ; Мына бидайдын бәрін шегіркелер жеп бітірді.  Ендеше шегіртке келмес үшін дәрілеп тастайын –деп дәрілеп кетеді.

Жүр ; Шегіртке бидайды жеуге тағы келеді. Шегіртке бидайды жеп ішін ұстап жерге құлап түседі.

Ж үр ; Құмырсқа баласы екеуі келе жатып бір дауыс естиді. Бұл шегірткенің даусы еді .

Шегіртке  ; құмырсқа деп айқайлайды.

Құмырсқа шегірткенің жанына жугіріп келеді.

Шегіртке ; Құмырсқа сен дұрыс айтыпсың. Қиналмай оңай ас т абамын деп адамдар сеуіп кеткен дәріге уланып қалдым. Тер төгіп еңбектенуге еріндім-деп  жылап шығып кетеді.

Құм ; Көрдіңбе балам ,еңбек түбі береке,ұрлық түбі қорлық деген осы балам.

Құмырсқаның баласы ; Түсіндім еңбектенуден ешқашанда шаршамайтын боламын.

Жүр ; Міне балалар еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей-деп бекер айтпаған. Еңбектің наны қашанда тәтті . Сендер де құмырсқа сияқты еңбекке жақын болыңдар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ