Әйел-ана. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлем тербетеді.
Иә, расында әйелдердің рөлі үлкен мәртебеге ие. Алайда, қоғамда
әйелдердің рөлі екінші кезекте орын алады. Үйде де, жұмыста да, қожайынер адам. Ел басқарудың өзін әйелдердің мойнына бермейді.Бұл нәзік
жандарға жүк арттырмау мақсатында ба, әлде әйелдің ақыл-ойына қанағат
қылмаушылық па?
Отбасының тірегі, әрбір үйдің ұйытқысы болып отыратын әйелдерді сыйлау
әр елде әртүрлі екен. Мәселен, ең бай мемлекет-Арабияны алатын
болсақ,шейхтер бас-басына әйел алудан жалықпайды. 1 ер адамға 4 әйел
алуға заң жүзінде рұқсат етілген.Әйел ерінің көзіне шөп салған жағдайда,
таспен ұрып өліреді, бұрындары қыз бала дүниеге келсе, басын шауып
өлтіріп тастап отырған. Алланың қалауымен қыз болып туылған бейкүнә қыз
сәбилердің құқығы тапталатын тағы бір ел-Үндістан.Бұл елде әйел затына
деген құрметсіздіктің ең төменгі деңгейі қалыптасқан. Мәселен, ата-аналар
кәмелеттік жасқа толмаған қыздарын ұзатып,ең сорақысы қыздың болашақ
жарын өзіне таңдауына да құқық бермейді. Бұл — Үнді елінде қалыптасқан
дәстүр. Бұл сұмдыққа Индира Ганди елінде заң жүзінде тыйым
салынғанымен, оның орындалуы өз дәрежесінде емес. Ал,Англия еліне
келетін болсақ, ел басқару ісін әйелдің қолына берген. Бұл ел қазіргі таңда
көркейіп, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарында.
Ал біздің елде әйелдерді сыйлау қандай дәрежеде? Рас,халқымыз ер
азаматты әрдайым бірінші орынға қойып келеді. Бірақ нәзік жандылардың
ақыл-санасы мықты болғанымен, күш-жігері ер азаматтардан әлдеқайда
төмен. Соны біле тұра,кейбір отбасыларында “ерлері жұбайларына қол
көтерді” деген сұмдықты көз көріп,құлақ естіп жатады. Өз ерлерінен осы
тұстағы ауыртпалықтарды көріп жүрген нәзік жандылар қаншама?! Бұл
әйелдің кінәсі ма, әлде еркектің санасыздығы ма? Ұрпақ әкелуші әйел
затының кемісітуге ұшырамауына кім кепіл?!
Халқымызда “алып та анадан туады” деген керемет сөз бар. Ұлы ақынымыз
Абай Құнанбайұлының анасы-Ұлжан өз заманында ауылына ғана емес,күллі
қазақ еліне үлгілі ана болған.Оның Абайды тәрбиелеуде қосқан үлесі зор.
Ертегі оқу, аңыз-әңгімелер айту, ақындардың, ғұламалардың өмірбаянын
айтып, бойына сіңіріп өсірген. Осы тұста қазақтың тағы бір керемет сөзі есіңе
түседі: «ананың ақ сүтімен дарыған» ,демекші, аналардың бүгінгі қоғамда
артына саналы ұрпақ ел тізгінін ұстар алыптарды дүниеге алып келетін,
бүгінгі қыз-ертеңгі аналарды тәрбиелеуде атқаратын еңбегі зор.