Амандасу салты

0
9194

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,\r\n\r\n \r\n\r\nСабақтың тақырыбы: АМАНДАСУ САЛТЫ\r\n\r\n \r\n\r\n            Бастауыш сынып мұғалім: Өмірзақ Шынар\r\n\r\n \r\n\r\nАна тілі        2-сынып ҮІ-бөлім Адам болам десеңіз…                                       \r\n\r\nСабақтың тақырыбы:        Амандасу салты\r\n\r\nСабақтың мақсаты:\r\n\r\nІ.Білімділік: Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға                       үйрету.Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру.\r\n\r\nІІ.Дамытушылық: Амандасудың түрлерімен таныстыру.Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру.Рөлдік ойындарға бейімдеу.\r\n\r\nІІІ.Тәрбиелік:       Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.\r\n\r\nСабақтың көрнекілігі:     Интерактивті тақта,\r\n\r\nслайдтар,видеороликтер,дыбыс жазбалар,жаңылтпаштар, мақалдар,кесте,сурет,ойын, үлестірмелі парақшалар,бағалау парақшасы.\r\n\r\nСабақтың әдісі:          Сұрақ-жауап, тест,ойын,түсіндірмелі – иллюстративті.\r\n\r\nСабақтың түрі:   Саяхат сабағы\r\n\r\nСабақтың барысы:  \r\n\r\n   1.Ұйымдастыру кезеңі.\r\n\r\nОқушылармен амандасып , түгелдеу.\r\n\r\n  2.Ғажайыпстанға саяхат  ( Үй тапсырмасы сұралады.)\r\n\r\nКішкентай  саяхатшылар Елдос пен Аяжан  сынып оқушыларын саяхатқа ертіп шығады.Олар желаяқ мінеді де,сынып оқушыларын 3 топқа бөлініп, «Әдеп»,«Парыз» , «Өнеге» вагондарына мінеді.Хормен ән айтады.\r\n\r\nКел ,балалар, кәнекей,\r\n\r\nПарақтайық әліппи,\r\n\r\nТалай қызық күтуде.\r\n\r\nБәрімізді әлемде.\r\n\r\nЖалықпа сен, жалықпа\r\n\r\nОқы, тоқы, арманда\r\n\r\nБәрін білген балаға\r\n\r\nЖақын болар алыс та. \r\n

    \r\n

  • Достар, біз Ұмай ананың ауылына келдік.
  • \r\n

\r\nҰмай ананың сөзі: — Саламатсыңдар ма, кішкентай саяхатшылар.\r\n\r\nАяжан мен Елдос бүгін көп достарын ертіп келіпті ғой.\r\n\r\nБалалар, сендер ертегі білесіңдер ме? Ендеше маған ертегі оқып беріңдер. (Балалар О.Әубәкіровтың Сүт қалай ұйықтады? ертегісін оқиды.) \r\n\r\n 1934-1986 жылдары  қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.\r\n\r\n     Оспанхан Әубәкіров – әзіл-сықақ жазудың асқан шебері,Ол мысал өлеңдерді де көп    жазған. Онда ақылсыздарды,қызғанышақтар мен  мақтаншақтарды сынайды.Оның “Бөдене”, “Күлкіңіз келді ме?”, “Қоңырау”, “Ұзын сөздің қысқасы”, т.б. жинақ кітаптары бар.\r\n\r\n Ертегіні 3 топ алма- кезек оқиды. Ертегі мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді.Суретпен жұмыс жүргізіледі.  Сүттен не және қалай жасалатыны жөнінде жазғандарын дәптерлерінен оқыту.             \r\n\r\nҰмай ана:\r\n\r\n  -Балалар, сендер тест тапсырмасын орындай аласыңдар ма?\r\n\r\nЕндеше менің дайындаған тест сұрақтарым мынадай:\r\n\r\n1.Оспанхан Әубәкіров кім?\r\n\r\nА)суретші                  Ә)жазушы                          Б)әзіл-сықақ жазушы\r\n\r\n2.Ертегінің неше түрі бар?\r\n\r\nА)2                               Ә) 3                                       Б)4\r\n\r\n3.Сүт қалай ұйықтайды? Е ртегінің қай түріне жатады?\r\n\r\nА)Жан- жануарлар туралы ертегі\r\n\r\nӘ)Қиял- ғажайып ертегілергілері\r\n\r\n Б)Шыншыл ертегілер\r\n\r\n4.Ұйқышылдық жандай қасиет?\r\n\r\nА)жақсы                  Ә)жаман                   Б) ұнамды\r\n\r\n5.Әдепті елдің баласы\r\n\r\nА)Ибалы                 Ә)сыпайы болады              Б)Алыстан сәлем береді\r\n\r\n-Балалар, енді жаңылтпаш пен мақал айтайық.\r\n\r\nҰйқышыл кісіні ұйқы қысты,\r\n\r\nҰйқышыл кісінің ұйқысы күшті .\r\n\r\nСәлем беру де  — парыз,\r\n\r\nСәлем алу да – парыз.\r\n\r\nӘдепті елдің баласы\r\n\r\nАлыстан сәлем береді . Жақсы, жаман қасиеттер туралы әңгімелесіп, Ұмай анамен қоштасамыз.  Желаяққа мініп әрі қарай саяхаттаймыз.\r\n

    \r\n

  1. Негізгі кезең. (Жаңа сабақ Амандасу салты)
  2. \r\n

\r\nЕлдос пен Аяжанға қосылып ән шырқаймыз.\r\n\r\nБалалар, балалар ,\r\n\r\nБалдай тәтті болыңдар.\r\n\r\nДостық деген бұл байлық\r\n\r\nДостарыңды сыйлаңдар.\r\n\r\n-Балалар, Білімпаз атаның ауылына да жеттік.Ендеше Білімпаз атамен амандасайық. Және ол кісінің тапсырмаларын орындайық.\r\n\r\nБілімпаз ата:\r\n\r\n-Саламатсыңдар ма,балалар.3 топқа мәтін жазылған парақшалар таратамын. Парақшадағы мәтінді өз беттерінше оқып және мазмұнын талдаңдар.\r\n\r\nИнтерактивті тақтадан  әр топ өз мәтіндерін оқиды. Дауыстап, жүргізіп және түсініп оқыту. Топпен жұмыс:\r\n\r\n1.Топ мүшелері берілген мәтіннің  бөлімдерін өз беттерінше оқиды.\r\n\r\n2.Мәтіннің мазмұнын топта талқылайды.\r\n\r\n3.Мәтін мазмұны бойынша көріністер көрсетеді\r\n\r\nӘр топ  өз мәтіндеріне байланысты көріністер көрсетеді.\r\n\r\nМәтіндегі амандасу  сөзіне байланысты ,сөйлемдерді толықтыр:\r\n\r\nМұсылман халқында амандасу “………………………. …………………..” деген сөзден басталады.Ол“Сізге…………………………………….” деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,алдымен сәлем береді.Ал сәлем алушы“……………………………….”деп оң қолын\r\n\r\nбереді.Ол“…………………………………….” дегені екен.\r\n\r\nАяжанның сұрағы: -Білімпаз ата, басқа елдердің амандасу түрлері туралы білгіміз келеді.\r\n\r\nБілімпаз ата:- Жарайды ,менің кішкентай білімқұмарларым, тыңдаңдар.\r\n

    \r\n

  • Күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын қусырып,басын шұлғып, белін бүгіп жымия күледі.
  • \r\n

  • Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе, тибеттіктерде тіпті қызық, бір- бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.
  • \r\n

  • Ауғандар алдымен қолын маңдайына  тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.Бұл «Басымыз аман болсын» дегені.
  • \r\n

  • Ертедегі қытайлар өз қолын қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды.
  • \r\n

\r\n Сызбаны толтыр.\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Амандасу түрлері Кімдерге арналған?
Ассалаумағалейкүм!Сәлеметсіз бе?\r\n\r\nСәлем!\r\n\r\nСәлем бердік!\r\n\r\nСәлеметсіңдер ме?  

\r\n \r\n\r\nЕлдос: достар, мұхият тыңдап, ойланып жауап беріңдер.\r\n\r\n Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді.Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі —  өз құрбысы Жанар.Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты.Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.\r\n\r\nЕлдостың тапсырмасын әр топ топта талқылап, ортақ шешімдерін білдірді.\r\n\r\n 4.Жаңа сабақты пысықтау.\r\n\r\n Білімпаз атаның сұрақтарына жауап беріңдер.\r\n\r\n1.”Сәлем” сөзінің мәні қандай?\r\n\r\n2.Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?\r\n\r\n3.Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?\r\n\r\n-Балалар, Білімпаз атамен қоштасайық. Сау болыңыз, Білімпаз ата,бізге берген біліміңіз үшін рахмет.\r\n\r\nБалалар желаяққа мініп, әндетіп, сыныпқа оралады.\r\n\r\nКөп қызық бар әлемде     Құштар бол сен білімге,\r\n\r\nІзден, оқы, жалықпа,        Білмегенді анықта.\r\n\r\nОйланайық, ойлайық,        Кітаптан оқиық,\r\n\r\nЖеңістерге әрдайым           Біліммен жетейік.\r\n\r\nБалалар, саяхаттан сыныбымызға оралдық.\r\n\r\n5.Сабақты қорытындылау.\r\n\r\nОйын шарты:Оқушылар тақтаның алдына шеңбер құрып  тұрады.Қоңырауды бір-біріне ұсыну арқылы бүгінгі  сабақта алған жаңа мәліметін бір ғана сөйлем арқылы  жеткізеді немесе   мына сұрақтарға жауап береді.\r\n\r\nСәлемді алдымен  кім береді?\r\n\r\nЖастардың амандасу түрлері қандай?\r\n\r\n“Амандасуға да жарамады” деп қай кезде айтылады?\r\n\r\nСәлем сөзі  қайдан шыққан?\r\n\r\nСәлем беру туралы мақал айту.\r\n\r\n“Жол болсын” деп қай кезде айтылады?\r\n\r\n-Балалар,  Елдос пен Аяжанға рахмет бізді өздерімен бірге саяхатқа алып шықты.  Сонымен бүгінгі сабақтан біз нені үйрендік? Қане қай топтың ұпайы көп екен? Оқушыларды бағалау парақшасы арқылы бағалап, үйге тапсырма берілді.Амандасу салты мәтінін түсініп оқу.Сәлемдесу түрлеріне мысалдар жазып келу.Әдептілік туралы мақал-мәтел жаттау.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ