Among us ойыны қауіпті ме?

0
1680

Жақында ғана бір танысымнан Among us ойыны туралы естіп қалдым.Ол әйелдің екі баласы бар.Екі баласы да күндіз — түні осы ойынды ойнайды екен.Бірақ бұл компьютерлік ойынның кесірінен «бір қыз асылып қалыпты.Ол ойын даулы «Синий кит» ойынына ұқсас» деген ақпаратты естігеннен соң,дереу ол ойынды қауіпті деп телефондарынан өшіріп тастайды.Ол ойын шынымен де қауіпті ме?

«Among Us ойынының танымалдылығының артуына пандемия кезіндегі оқшаулау себеп болды» деп жазды New York Times.Ал,негізі бұл ойын  2018 жылы Америкада ойлап табылған екен.Ойынды жасы 7 -ден асқан балалар ойнай алады.Ойында қан деген сияқты миды зақымдайтын контент жоқ .Сондай-ақ балаңыз жас шектеуіне іліксе, ойнамағаны абзал. Play Маркет-те ойынға 7+ деген шектеу қойылған. ESRB ойыншылардың 10 жастан кіші болмауын ұсынады. App Store-дағы шектеу – 9+. PEGI ұсынысы – 7+.

Among Us ойыны біз білетін «Мафия» ойынына ұқсастау болып келеді екен. Айырмашылығы тек компьюттерлік ойын түрінде және сюжеті сәл басқашалау. Ойынды 4 адамнан 10 адамға дейін ойнай алады. Ойынның басталарда әр ойыншыға рөл беріледі – «экипаж мүшесі» немесе «жалған кейіпкер» деген сияқты. Сонымен қатар әр ойыншы тек өзінің рөлін ғана біледі. Экипаж мүшелерінің міндеті – тапсырманы орындап, сатқындарды анықтау. Жалған кейіпкерлердің міндеті – экипаж мүшелерін өлтіру. Ереже бойынша, 8 экипаж мүшесі мен 2 жалған кейіпкер болады. Оны өзгертуге болады. Экипаж мүшелері жеткілікті дәрежеде өлтірілген кезде жалған кейіпкерлер жеңіске жетеді. Экипаж мүшелері екі жолмен жеңе алады: жалған кейіпкерлердің бәрін табу немесе тапсырманың барлығын орындау арқылы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сауал жолдап, ойынның қауіптілік деңгейін тексеруді сұрады.

Шын мәнінде «Синий кит» пен Among Us арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Ойында расында тапсырма беріледі, бірақ тапсырма шынайы өмірде емес, ойынның өзінде орындалады. Ол жерде «көшеде тығылып қалу» немесе одан да сорақысы – «өзіңе қол жұмсау» сынды тапсырма жоқ. Бұл онлайн-ойын және ол жерде ортақ чат бар, сол арқылы ойыншылар шектелген уақыт аралығында бір-бірімен хат алмаса алады. Сондай-ақ дыбыстық хабарлама жіберу мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін Discord бағдарламасын пайдалану керек. Ойыншылармен сөйлесу – ойынның ажырамас бөлігі. Егер бала танымайтын адамдармен ойнаса чатта түрлі сөздер жазылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Соған қарамастан, зерттей келе біз осы ойын аясында дөрекі сөйлесу өзіне қол жұмсауға әкеп соғу мүмкіндігі төмен деп ойлаймыз. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Білім және ғылым министрлігінің сауалына ойында қандай да бір тәртіпке қайшы контенттің бар екені, оның ішінде ойыншылардың суицидке бейімділігі туралы қорытынды шығара алмайтынын айтты.

Сатқын ойында экипаж мүшесін өлтірген кезде, оқиға орнында мәйіт қалады. Адам өлтіру сахналарында қан жоқ және жалпы шынайы көрінбейді. Байқағаныңыздай, ойындағы анимация балалар аудиториясына арналып жасалған екен.

Ойында ортақ чат арқылы немесе телефонға discord жүктеп, сол арқылы дыбыстық хабарламалар арқылы тілдесуге болады. Хатты ойын қатысушылары арасында алмасуға болады, бірақ басқа қатысушыларға ол қолжетімсіз. Сол себепті ойын қатысушылары не туралы әңгімелесіп жатқанын білу мүмкін емес. Осыған байланысты министрлік ойында тәртіпке қайшы контенттің бар-жоғын, оның ішінде қатысушылардың суицидке бейімділігі туралы қорытынды жасай алмайды. Сонымен қатар министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әр ата-ана өз баласы үшін жауапты екенін әрі баласы ақпарат кеңістігінде немен айналысып, кіммен, қандай тақырыпта хат алмасып жатқанына өзі жауапты екенін атап өтті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ