«Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» тақырыбында ертеңгілік

0
3345
Дене шынықтыру

Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: жүргізуші, клоун

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра. 
• Ойын:
1. «Гүлді ұсын»

Ертеңгіліктің барысы:
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Нұрай:

Армысыздар аяулы аналар, мейірімді әжелер, қызғалдақтай құлпырған қыздар! Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірімін, Орнар еді бар әлемде тыныштық. Аналар, барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

Рахман

Примите наши поздравленья

В международный женский день !

Пусть будет вашо настроение

Всегда цветущим,как сирень

И дети счасливы всегда,

Пусть дом ваш будет полной чашей!

Удачи,счастья и добра!

Қошеметпен балаларды шақырайық.
(қолдарына ұл балалар жүрекше алып шығып тұрады)
Хормен 
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
қолдарына жүрекше ұстапқыздар Ана әніне билеп шығады
Ән: Балабақшам әні
Жания:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Інжу:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Аружан:
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап,
гүл атты!

Нұрасыл:
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамам.

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)

Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Би: Павлин биі

Айзере:
Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Нұрсұлтан: Мен анамды сүйемін,                                                                                  Құшағына енемін.                                                                                                          Мәпелеген анамды,                                                                                                  Қуантсамдеп келемін.

Аяла:                                                                                                                              Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Інжу: Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді.

Анамызға мың алғыс.

Асылхан: Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам ай мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қашанда.

Би: Әжелер биі

Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын «Гүлді ұсын»
Ойынның шарты: Балалар аналарын ортаға биге шақырады құмыра ішінде төрт гүл бар сол құмырадағы гүлді алып анасына сыилаиды.
Сайқымазақ:
Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. . Қазір бізге қыздарымыз ән айтып береді.
Ән «Келші келші балашым» әнін айтады.
Жаттау орыс тілінде:
Нұрай:                                                                                                                                                                 С праздником, мамуля!
Я тебя люблю.

И всегда с тобою
Рядом быть хочу.
Тахира:   Наша милая бабуля,
Ненаглядная мамуля,
Мы, так сильно любим вас,
Поздравляем вас сейчас!
Інжу:    Мамочка красивая
Добрая и милая.
С 8 Марта, мамочка
Самая любимая!

Аружан: Самая красивая,
Самая любимая,
Ласковая, нежная,
Как цветок подснежника..
Аяла:     Моя мамочка родная,
Всех нежнее и добрей,
И улыбки не скрывая
Обниму тебя скорей!

Би: Шығыс биі

Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламын. Сендерге де қазір фокус көрсетемін.
Фокус: Саусақпен. Саусақты жұтып алады. .
Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ: Фокус, мокус. Саусақ жайында болды.
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
енді біздің Тахира қызымыздың орындауында «Гүл көбелек» әнін қабылал.

Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сау болыңыздар!

 

Түркістан облысы, Келес ауданы

№4 «Айгүл» балалар бақшасы МКҚК

Тәрбиеші: Салықбаева Жазира Егенбердиевна 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ