«Ана-өмір шуағы» мерекелік сценарий

0
2102
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ана-өмір шуағы»

Мақсаты:

8 — наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының

берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік

жанды қыздарды сыйлауға үйрету;

Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу;

Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға

деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құттықтау сөздері жазылған плакаттар,слайд, гүлдер, шарлар, магнитофон, үнтаспа.

Барысы: Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Мұғалім: Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қымбатты қыздар! 8-наурыз —  мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бұл күн тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:

  1. «Ана — өмір шуағы»
  2. «Наурыз аруы»

І бөлім «Ана — өмір шуағы»

Ортаға жүргізушілер шығады.

16-оқушы: Ақыл құйған санама,

Алғыс айтам анама.

Күн алыста, ал анам,

Үнемі менің жанымда.

17-оқушы: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

 

18-оқушы: Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы анашым!

 

19-оқушы: Ана деген — асқақ ән,

Орындайтын әрқашан.

Анадай қымбат сыйлықты,

Таба алмайсың ешқашан.

2-жүргізуші: Ән «Бақыттымыз бәріміз»

ІІ бөлім. «Наурыз аруы»

1-жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз — дей келе қыздарымызға арналған сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысалық.

1.___________________________

 

2.___________________________

 

3.___________________________

2-жүргізуші: Біздің қыздар білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Біздің қыздар елгезек,

Алады тез тіліңді.

Сыныбымыздағы ақылды, білімді, ару қыздарымыз алдарыңызда өнерлерін ортаға   алмақшы. Қарсы алыңыздар!

Шыққан қыздарды бір — бір ұлдар алып шығып таныстырады

1-жүргізуші: Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,

Махамбет Бойындағы бар дарынды танытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға.

2-жүргізуші: Таныстырсын өздерін,

Тамылжытып сөздерін!

І кезең. Таныстыру (Әр сайыскер өзін таныстырады)

1-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Қыздар шығып ортаға

Би де билеп, ән де салып береді.

ІІ кезең. «Өз өнері» (Өз өнерлерін көрсетеді)

2-жүргізуші: Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір,

Өнер болар ұрпақпыз — дей келе келесі сайысымыз – қол өнері.

ІІІ кезең. «Қол өнері» (ою қию)

ІV. Ширату сұрақтары

1 — жүргізуші: «Ширату сұрақтары» сайысында әр сайыскер қыздарымыз ортаға шығып, бір әріпті таңдайды. Берілген сұраққа сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.(уақытқа)

Ойын

  1. Аналармен. « Әндер сақинасы» (бір ана ән бастайды келесі ана жалғастырады)
  2. Ер балалармен. «Жүрекке жылы сөздер» (ұлдар анам қандай? деген сұраққа жауап болатын сөздер тізбегін айтады) мейірімді, ақылды, әдемі,

сабырлы, әйбат, т. б

2-жүргізуші: Сырымен қарап барлық сымбатына,

Қызды жұрт қылығымен әсем деген.

Бүгінгі мерекеде біздің қыздар ерекше киім үлгісін жасап көрсетеді.

  1. Ерекше киім үлгісі

Слайд. Бейнеклип.

1-жүргізуші: Көңілді көтердік біз мерекеде,

Әжелер, аналар мен қыздар үшін.

Қаттырақ соғайықшы алақанды,

Келгенде алдымызға қыздар біздің!

2-жүргізуші: Ару — қыздарымызды марапаттау сәті туды.

Келесі кезек — әділ қазылар алқасы, сіздерде!

(Әр қызға мадақтау қағаздары тапсырылады, сыйлықтар беріледі.)

1-жүргізуші: Ең жақсы сөз АНА!

Өсіп жатса бала.

Ана оған пана,

Аман болсын ана!

2-жүргізуші: Ата-аналық үлкен сын,

Бала өсіру ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл өсер.

Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүл — аналар,

Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!

Құрметті аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер!

Назарларыңызға рахмет!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ