«Ана тілім-ардақтым!» атты балабақша ертеңгілігі

0
17398
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ана тілім-ардақтым!»

                Мақсаты: балалардың өз балабақшасы туралы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып

тілін дамыту,әңгімелесу,тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер,слайд, музыка

Әдістемелік әдістер:  түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап

Тәрбиеші сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар және балалар! Біздің тобымыздың

«Ана тілім-ардақтым!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың

тіл мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!  Ендеше бүгінгі мерекені

бастау үшін «Қошақан» тобының  кішкене бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.

             Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр,олармен салемдесіп алайықшы.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды бақшамыз.

Қайырлы таң, қонақтар,

Қайырлы таң, достарым!

Балалар, сендер білесіңдер ме біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Біз қандай ұлтқа жатамыз?

Біздің елбасымыз кім екен кім айтат білесіңдер ме?

Біз қай тілде сөйлейміз?

Біздің Қазақстанда тұратын қандай ұлттарды білеміз?

Балалар, бүгін біз тіл мерекесін тойлағалы жатырмыз солай ма,ендеше тіл бізге не үшін керек?

Сөйлеу үшін, қарым-қатынас жасау үшін, бір-бірімізбен сөйлесу үшін керек екен. Бүгінгі мерекеге басқада ұлт өкілдері келу керек еді олар неге кешігіп жатыр екен?

            Кенет ұшақтың дыбысы естіледі.  

             Музыка әуенімен өзге ұлт өкілдері кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сіздер неге кешігіп келе жатырсыздар?

             Қонақтар: Сәлеметсіздер ме, ренжімеңіздер біз Қазақстанның әсем қалаларын аралап келе

жатырмыз.

Тәрбиеші: Қанеки келеген қонақтардан қай ұлттың өкілдері екен өздеріннен сұрап көрейікші.

Орыс ұлт өкілі: біз орыс еліннен келдік.

Грузин:ал біз грузинбіз.

Қазақ: ал біз қазақ кызарымыз,сендердің бауырларыңбыз.

Тәрбиеші: Қане ендеше келген қонақтарды да бүгінгі мерекені бізбен бірге тойлау үшін орта-

мызға отырғызайық.

Тәрбиеші: балалар.мына суретке назар аударайықшы.

             Суретпен жұмыс.

Билингвалды компанент: Елтаңба-Герб, Отан-Родина, тіл-язык,

Тәрбиеші: Бізге келген қонақтар біздің елдің рәміздерімен, қалаларымен танысты енді олармен

бірге Әнұранымызды орындайық!

«Әнұран» орындалады.

Тәрбиеші: Балалар,бізге келген қонақтар біздің тіл мерекемізді тойлап жатқанымызды білу үшін

оларға әдемі жыр шумақтарымызды айтып береміз бе?

Дінмұхаммед:

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған

Айбын:

Ана тілім-менің

Әлдилеген әнім

Ана тілім-демім

Ана тілім-жаным.

              Әділет:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

Диас:

Бейбітшілік ұраны

Жарқыраған алтын күн

Ән қанаты қыраны

Еркіндігі халқымның.

             Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал енді бізеге келеген қонақтар да мерекеге арнап қандай сый

әкелді екен?

Жолсерік: Бізде мерекеге бос келген жоқпыз. Өз ұлттарымыздың биін ала келдік және жыр

шумақтарымызда бар.

Әмірхан:

Дoстық шырағымыз

Достық ұранымыз

Дoстық туымыз

Достық әніміз

Сәуле:

Ана тілім елдігім

Ана тілім ерлігім

Тілді бүгін құрметпен

Тойлап жатыр ел бүгін

Шахмардан:

Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақты тіліңді

Аяна:

Ана тілім тірегім

Ана тілім жүрегім

Қасиетті елімнің

Теңі өзің деп білемін

Диана:

Жаныма қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам

            Жолсерік: Ал енді, биімізді де тамашалаңыздар?

Би: «грузин биі», «орыс биі»

Тәрбиеші: Міне керемет, ендеше бізде қалыспай өзіміздің қлттық ойынымыз «Қыз қуу» ойынын

ойнайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, сендерге ойын ұнады ма?

Құрметті қонақтар,сіздерді тағыда тіл мерекесімен құттықтай отырып ертеңгілігімізді

«Дос болайық  бәріміз» әнімен қорытындылаймыз!

Сау саламатта болыңыздар!          

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ