Аналар – асыл жандар! балабақша ертеңгілігі

0
2618
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: Аналар – асыл жандар!
Мақсаты:
мерекелік көңіл-күйін құру;ән айту және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы: 

Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. («Тәттім-ау» әуенімен)

Тәрбиеші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Аналар – асыл жандар» — атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Балалар хормен:
— Құттықтаймыз анашым, 8-ші наурызыңызбен!

Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық, -дей келе балалардың орындауында «Ақ мамам» әнің қабыл алыңыздар.
Хор: «Ақ мамам» 

Тәрбиеші:

— «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Жантөре: Немересін жанындай,

Әжем жақсы көреді.

Қонаққа барса ұмытпай,

Кәмпит әкеп береді.

Аяжан: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әженіде ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ерасыл: Жүре берсен қасымда,

Әйбат анам әй анам.

«Ботам» деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Аяла: Апам мені айым дейді,

Мен мұнайсам уайым жейді.

Апам мені күнім дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Бекзат: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Алуа: Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем.
Апатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.

Мөлдір: Анам болса қасымда,

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Нурали: Аппақ мамам, ақ мамам.

«Ақ мамам» деп мақтанам.

Түн ұйқынды төрт бөліп,

«Бөпешім» деп жатпаған.

Үміт: Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге түсер күн шуақ,

Бізге қымбат Анамыз.

Расул: Аялы алақан,

Әлпештеп өсірген.

Аяулы жан анам,

Қатемді кешірген.

Ойын «Өз суретін табу»
Ойынның шарты: Балалардың аналарын салған суреттері тақтада ілулі тұрады. Сол суреттердің ішінен аналары өз суретін табуы керек.

Тәрбиеші: Келесі кезекте балалрдың орындауында « Апатайы анашым» әні.

Тәрбиеші: Өмірге ана бұлақ ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем талай шешен.
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана, ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы Отанына
Ана деп біздің халық текке айтпаған, — дей келе балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:

Бексұлтан: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өнері,

Таусылмайтын жыр маған.

Заманбек: Анамыздың мейірлі,

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді.

Жомарт жанға балаймыз.

Дильназ: Айтқан сөзін тыңдап бағам,

Асыл анам – қымбат маған.

Алғаш қалам алғанымда,

Анашым деп жыр бастағам.

Әлемдегі ақылды адам,

Сонда да ол тасынбаған.

Еркелесем күлімдейді,

Бәрінен де ол жақын маған.

Абылай: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін күнде мен.
Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызыңмен.

Аяулым: Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Бізді ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Темирлан: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Дана: Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегіңде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Алима: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!

Мұхамметали:Ана өмір шырағы,
Ана өмір бұлағы.
Бесігіңнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.

Әсия: Менің апам ақ апам,

Ұл мен қыздың бағы апам.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы апам.

Тәрбиеші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп бекер айтылмаған. Келесі биіміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Би: Бабушки.
Келесі кезекте балалардың орындауында «Анашым қартаймашы»
атты тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:

Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім — дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Ойын «Ананы дауысынан тану» 

Ән: «I love my mommy»
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Тәрбиеші: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аналар-асыл жандар!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ