Тақырыбы: Аналар мерекесі
Мақсаты: Анаға деген баланың сүйіспеншілігін арттыру,анасын сыйлауға,адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.Балаларды ана деген қасиетті де, құдіретті тұлғаны сыйлауға, құрметтеуге,бағалауға тәрбиелеу. Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге баулу. Мерекелік көңіл – күй сыйлау,өзінің жақын адамдарын қуанта білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мерекеге сай безендірілген зал,әдемі киінген балалар,шарлар, жалаушалар.
Жүру барысы:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар! Армысыздар құрметті аналар, ұжымдастар, сүйкімді бүлдіршіндер!Көк желекті көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер! Бүгінгі «Жұлдыз» тобында ұйымдастырылған «Мерекеңмен,анашым!» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Хор: «Ақ мамам». Армысыздар, аяулы аналар, Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән,би,тақпақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Мирас: Өзің мені өсірген Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Айша: Анаңың біз гүліміз
Ана – біздің күніміз.
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Би: «Балбырауын» Арда,Мирас, Ильияс,Нұрәлі,Айбар.
Нұрбек: Көктем келді, су ақты
Қырда алғашқы гүл ашты
Әжем отыр шуақта,
Айналдырып ұршықты.
Қанаттары әдемі,
Қызыл-жасыл көбелек
Бар даланы жайнатып,
Гүлден – гүлге қонады,
«Көбелектер» биімен Айша, Наз, Нұрайша, Жаннұр.
Ильияс:
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне
Ұлдана:
Сағындым,әже өзіңді Мейірімді көзіңді
«Құлыным»деген сөзіңді.
Хор: «Мама дорогая».
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен,домбыра, «Домбыра» биімен Кәусар,Көркем, Айшабибі,Ақбота.
Би:«Қаражорға» Бекзат,Асхат,Нұрбек,Беколжас,Айбар.
Жүргізуші: Барлық балалар бүгін аналарына сыйлық жасап әуре болуда. Осы мерекеге Мақта қыз да, анасына сыйлық дайындап жатқанда, бір қызық оқиға болыпты. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалаңыздар!
Сахна ортасында үстел басында Мақта қыз отырады. Ол қағаз, бояу алып, анасына сыйлық жасау үшін, сурет салып отырады. Үстел үстінде түрлі-түсті бояу, стаканда су, қарандаштар. Мақта қыздың қасына мысық келеді.
Мысық: Мақта қыз не істеп отырсың? Маған да көрсетші.
Мақта қыз: Сурет салып жатырмын. Ары тұршы. Қазір бір нәрсені бүлдіріп тастарсың. Мысық:Қарайыншы, енді, ақырын ғана қараймын.
Мақта қыз: Көрсетпеймін! Мысық: Көрсетпесең, мен сенің бояуыңды төгіп тастаймын.
Мақта қыз:Осыдан төгіп көр, құйрығынды кесіп аламын.
Қырсық мысық бояуды төгіп тастайды. Мақта қыз мысықты шап беріп, құйрығын кесіп алады. Мысық қатты мияулап, Мақта қызға жалынады.
Мысық:Мақта қыз-ау, Мақта қыз, құйрығымды берші. Кешірші.
Мақта қыз:Бермеймін. Маған қағаз бен бояу тауып әкеліп берсең ғана құйрығыңды қайтарамын.
Мысық жан-жағына қарап енді не істеймін деп қатты уайымдайды.
Мысық:Мен бала бақшаға барайын, балаларда қағаз бен бояу деген көп болады ғой.(Балаларға барады)
Мысық:Балалар, менің құйрығыма күлмеңдер. Оны Мақта қыз кесіп алды. Мен оның бояуын төгіп, қағазын бүлдіріп тастадым. Маған қағаз бен бояу тауып беріндерші. Осы кезде балалар:Сен бізге кәмпит әкеп берсең, біз сенің іздегеніңді тауып береміз.
Мысық жан-жағына қарап ойланып тұрып, сахнаны айналып шығып кетеді. Сахнада дүкеннің көрінісі. Тәттілер, әр түрлі ойыншықтар бар. Бір қыз дүкенші болып отырады.
Мысық: Дүкенші, маған ойыншықтар, тәттілер берші, — дейді.
Дүкенші: Әуелі маған ақшасын төле. Сонан соң қалағаныңды беремін.
Мысық: Менде ақша жоқ.
Дүкенші: Онда саған ештене бере алмаймын. Мысық, енді ақшаны қайдан табарын білмей, көп ойланады. Осы кезде сахнаның екінші бұрышында, есік алдында жұмыс істеп жүрген әже көрінеді.Мысық оған жақындайды.
Мысық: Әже, мен сізге көмектесейін, есік алдын тазалап берейін.
Әже:Сөйтші айналайын, өзім де белімді көтере алмай тұрмын, дейді.
Мысық сыпырып көмектеседі.
Әже: Ой, айналайын саған көп рахмет.Өте еңбекқор екенсің.Ұзақ жаса! Бүгінгі мерекеде аналары мен әжелерін құттықтап жатқан ұл-қыздардыңда денсаулықтары да мықты болсын.Осы бүлдіршіндердің бәрі үлкен азамат болып өссін! Осылай деп әже, мысыққа көмектескені үшін ақша береді. Мысық ол ақшаны дүкеншіге беріп, кәмпит пен ойыншықтар алады. Кәмпит пен ойыншықтарды балаларға апарып береді. Балалар, мысыққа бояу мен қағаз береді. Мысық бояу мен қағазды Мақтақызға апарып береді. Мақтақыз мысықтың құйрығын тағады. Осымен Мақтақыз бен мысық татуласады.
Мысық Мақтақызға 8-наурызымен құттықтап сыйлық береді. Осы кезде, балаларда, мерекелік сыйлықтарын аналар мен әжелеріне табыс етеді.
Осымен, «Жұлдыз» тобының аналар мерекесіне арнаған «Мерекеңмен,анашым!»атты ертеңгілігі аяқталды.Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын аналар!
Каламбаева Айкен Кумисбаевна
Атырау облысы,Кызылкоға ауданы
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасы