Әннің құдіреті

0
8746

Әннің құдіреті

\r\n \r\n\r\nАдамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. Ән бір жерден үйлесімін тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады…\r\n\r\n«Әннің де естісі бар, есері бар»-деген екен Абай атамыз. Кейбір әуендер ерекше әсер беріп, жүрегіңді тербетсе, кейбірі керісінше жүйкеңе кері әсерін тигізеді. Мен ән айтқанда жаным жадырап кетеді. Сонда адамдар мына әнді айт демейді, өзімнің жүрегіме жақын әнді өзім таңдаймын және оған дауысымның келгенін білгеннен кейін ыңылдап айта бастаймын. Өйткені оны жүрек қалап тұр. Міне, бұл саз құдіретінің жаныңды ерекше баурап алатындығының белгісі болса керек. Әсіресе, соның ішінде өзіміздің халық әндерінің қай-қайсысын алып қарасақта, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігімен құлақ құрышын қандыратын өзіндік сарыны бар. Мен бала кезімнен-ақ халықтың рухты әнін бойыма сіңіріп, халық әуеніне сусындап өскенмін. Меніңше, өзге елден ерекшелейтін асыл дүниеміздің бірі-бойымызға ана сүтімен дарыған құдіретті тіліміз болса, екіншісі халықтың асыл қазынасы-халық әндері. Бәрін тұжырымдай келе өзімнің жүректен шыққан өлеңіммен аяқтағым келеді. Жүректен шыққан өлең жүрекке жетер деген үміттемін.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ деген халық бар, жаны жайсаң,\r\n\r\nҚұдіретін әнінің айтар болсаң.\r\n\r\nҚазынасы халықтың көңіл тұтар,\r\n\r\nҚандырып жан сарайын, әнін салсаң.\r\n\r\n \r\n\r\nМенде бүгін қолыма қалам алып,\r\n\r\nӘн ажары өмірдің дедім жазып.\r\n\r\nЖүректен шын көңілмен шығып жатыр,\r\n\r\nЖүректен жүректерге жетсін тасып.\r\n\r\n \r\n\r\nӨлең жазу ән құдіреті деп білемін,\r\n\r\nТоқталмай шықса екен бұл әуенім.\r\n\r\nҚаншама ақын жырласа да сөз жетпейтін,\r\n\r\nБұл әнімнің құдіреті деп білемін…\r\n\r\n \r\n\r\nЖансая Мұратқанова\r\n\r\nТимирязев ауданы\r\n\r\nжалпы білім беретін\r\n\r\nқазақ мектеп-интернатының\r\n\r\n11 «ә» сынып оқушысы\r\n\r\nЖетекшісі: Еркін Ахметұлы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ