«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым, Желтоқсан» атты салтанатты жиын

0
1855
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым, Желтоқсан» атты салтанатты жиынның жоспары:

  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
  2. Салтанатты жиынның ашылуы
  3. ҚР Әнұраны орындалады.
  4. Оқушылардың хабар тапсыруы.
  5. Құттықтау сөздер
  6. «Желтоқсан құрбандарына» арнау
  7. Баяндама
  8. 1-5 сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына қабылдау.
  9. Оқушылардың ант қабылдауы
  10. Оқушыларға галстук тағу рәсімі
  11. Құттықтау сөздер
  12. Салтанатты жиынның жабылуы

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым,Желтоқсан»

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар! Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бой найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым,Желтоқсан» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі Әнұраны!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

жүргізуші:

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы,әрі бақытты күн. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да әділетсіз көтерілістің бірі.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,

Аталарым оны қолдан берген жоқ

Отан үшін құрбан болған боздақтар

Ел есінде дейміз олар өлген жоқ.

Елім тыныш, жақсы өмір сүрейік

Жерімізді аман басып жүрейік

Бар адамға сәлем жолдап айтарым

Бейбішілік қасиетін білейік.

деп құттықтау сөз кезегі мектеп директорың міндетін атқарушы Биржанова Замзагүл Мұхаметқалиқызына беріледі.

Жүргізуші:

Желтоқсан оқиғасы………….. Осы бір сөзден желтоқсанның ызғары есіп тұрғандай. Осы күнді еске алған сайын сонау мұз жастанып, қар төсенген күндер ойға оралатыны сөзсіз. өйткені, дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күрескен қайсар да өр ұрпақтың келгенін әйгілеген еді.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік бақытына оранып,

Елім жатыр шаттығына қуанып

Желбірейді көк туы әдемі

Қазақ елін туған жерді сүйемін.

«Желтоқсан құрбандарына» арнау

1-оқушы: Томирис

Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан Отаным,

Болашағы алға тартқан көшелі.

Атыңнан айналайын, егемен ел

Тәуелсіз күннің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

2-оқушы: Қарақат

Азат бүгін байлыққа туған жерім

Азап жүгін, ел жауын қуған жерім

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Қорғап өткен ағалар туған жерін.

Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім!

Өз қолыңа берген ерлік тізгінін

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

2-оқушы: Мереке

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын жас Қайраты халқымның,

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан

өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы.

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан жалауы

өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ