«Қара індет» Европаны қалай өзгертті?

0
3714
Гомотетия және оның қасиеттері

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

XIVғасыр-XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам

Мектеп: Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Тарих пәнінің мұғалімі Еркингалиева Айдана
Сынып: 7 Сабаққа қатысқандар: қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы «Қара індет» Европаны қалай өзгертті?
Концепт Себеп/салдар
Сабақ түрі Жаңа тақырыпты меңгеру
Күтілетін нәтиже Тақырып бойынша оқушылар қажетті мәлімет алады. Келесі тақырыппен байланыстырады
Сабақ мақсаттары
XIV-XV ғғ Европа тарихында болған оқиғалардың арасындағы байланысты анықтау
Бағалау критерийі
  • «Қара індеттің» салдарын анықтау
  • Г. Каль және У.Тайлор бастаған көтерілістердің себептерін анықтау
  • Қара індеттің салдары мен көтерелістердің арасындағы байланысты анықтау
Тілдік мақсаттар

МәтінненҚараіндеттіңтаралудыңсебептерін, оның Евразия аймақтарына әсері және салдарын көрсететін негізгі мәліметті жазып алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

себептер, сылтау, катализаторлар, қысқамерзімді, ортамерзімді жәнеұзықмерзімді әсер, Қара індеттің салдары

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Қара індеттің салады…

Қара індеттің әсері …

Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық–сабақ барысында оқушының басқа оқушылармен және мұғаліммен өзара әрекеттесуі
Пәнаралық байланыс Саясаттану
Сабақ барысы
Сабақтың қезеңдері Сабақта орындалатын іс — әрекеттер Оқытуресурстары
Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру сәті

Тақырыпқа шығу мақсатында өткен тақырыпты қайталап, «Қара індеттің» Европаға тигізген әсерін түсіндіру

«Қара індеттің» салдары XIV ғасырдағы еуропалық мемлекеттердің және адамдардың өмірінің барлық салаларына әсер етті.Европада Жүзжылдық соғыс және көтерілістер туралы қысқаша шолу жасау

Миға шабуыл:

«Қара індет» шаруашылыққа қалай әсер ету мүмкін?

«Қара індет» саясатқа қалай әсер ету мүмкін?

Оқушылар өз гипотезаларын шығарады

Презентация
Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып шығып, «Қара індет» салдарын анықтап, оларды экономикалық, саяси және әлеуметтік топтараға жіктеу

Сонымен қоса, мәдени салдарын да зертеуге мүмкіндік бар

Зерттеу нәтижелерін талқылау

Қосымша сұрақ:

«Қара індеттің» жағымды салдарын анықтаңыз

Жауапта оқушылар медицинаның дамуын, ауруханалардың санының өсуін, сауда мен шарауашылықтың дамуын көрсете алады

XIV ғаысырдың саяси күйзелістері» атты мәтінмен жұмыс басында мұғалім орта ғасырлық мемлекеттік басқару формаларына қысқаша шолу жасайды:

Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды. Феодалдық кезеңде Монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның ерте феодалдық Монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі Монархия, шексіз Монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық Монархия жауланған жерге басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар алып феодалдық империялар құрды. Феодалдық бытыраңқылық кезінде монарх “теңдестер арасындағы бірінші” жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі біртұтас, орталықтанған Монархияны тудырды

Европадағы шаруалар көтерілістерді зерттеу үшін кестені толтыру

Себептері Мақсаты Нәтижесі
Англия
Франция

Деректерді қарастыру.

Хроника авторы бақташы, ит, қасқыр, қой ретінде кімдерді суреттейді? Осы мысалда шаруа көтерілістерінің қандай себебі жасырынған?

Қосымша 1

Қосымша 2

Соңы

Оқушылармен пікір-талас ұйымдастыру: «Европада шаруалар көтерілісін Қара індеттің салдары ретінде қарстыруға бола ма?»

Қорытынды сұрақ: «қара індет Европаны қалай өзгертті?»

Үй тапсырмасы: Жүзжылдық соғыс туралы мәліметті қарастыру

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ