Қызыққа толы жаз мезгілі

0
1360
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

 

Күні:

Сынып:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманмадиева Ж.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қызыққа толы жаз мезгілі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Мұғалім көмегімен жеке сурет (сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау) әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді

Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды

Кейбір оқушылар: Тыңдау арқылы жоспар құра алады. Жоспар бойынша әңгімелей алады.

Бағалау критерийлері Мұғалім көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Әңгімелеу мәтіндерін құрап, жаза алады.
Құндылықтарды дарыту ерекше шаттану, мәз болу, есте қаларлықтай
Пәнаралық байланыс Ынтымақтастық, ашықтық
АКТ қолдану дағдылары дүниетану
Тілдік құзыреттілік Слайд, суреттер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

1.Ширату

Жұмбақ жасыру

Қойны толы жеміске,

Көк майсалы еңіске.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

2.Топқа бөлу «Мазайка» әдісі бойынша.

Берілген суреттер арқылы 2 топқа бөлінеді.

Слайд

Суреттер

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

3 минут

5 минут

7 минут

3 минут

Ж1.Жұптық жұмыс

1-тапсырма

«Ойлан- жұптас – талқыла» стратегиясы

«Жаз мезгілі»

Тапсырма: Жаз туралы көршіңмен пікірлесіп,ой бөліс

 

Дескриптор:

Жаз туралы көршісімен пікірлесіп, бір – біріне айтып, ой бөліседі

Ұ2.Ұжымдық жұмыс МК

2-тапсырма

Келесі тапсырманы орында:

Бұлтшадағы сөздерді мәнеріне келтіріп оқы.

Жазғы демалысыңды есіңе түсір.

Қандай қызықты оқиға куә болдың?

Суретке қара. Үлгі бойынша әңгіме құрастыр

Дескриптор

Мәнеріне келтіріп оқиды

Сұраққа жауап береді

Суретке қарап әңгіме құрастырады

Сергіту сәті

 

Ж3.Жұптық жұмыс

3-тапсырма.

Бағытталған жазылым

Сынып «Жазғы демалыс» тақырыбында кеш өткізбек. Кештің шақыру қағазын дайында. Мәтінді оқы, толықтыр, дәптеріңе жаз.

Жас дос

Жаз мезгілі – қызыққа толы ….

Бұл кезде біз … Оқимыз, саяхаттаймыз, ….. Ендеше бізге өзіңнің қызыққа толы демалысың туралы …. Бер.

Біз сені күтеміз.

Т4.Топтық жұмыс.ОТ

4-тапсырма

Ойымызбен бөлісейік және жазайық

Суретке қара. Әр суретке ат қой, негізгі ойды анықта. Қоянның сапары туралы әңгіме құрастыр. Дәптеріңе жаз.

1-топ 2-топ

Дескриптор

Тыңдау арқылы әңгімелейді, негізгі ойды анықтайды, жазады. Саралау

1.Баянда

Сөз тіркестерін қолданып, «Менің жазғы демалысым» тақырыбына әңгіме жаз

Дескриптор:

Тірек сөздерін қолданып, шағын мәтін жазады..

2.Кластер жасау

 

Дескриптор:

Жаз туралы ой бөліседі

Слайд

Слайд

Видео

Слайд

Слайд, суреттер, А3

Тірек сөздер

Сабақтың соңы

Кері байланыс

4 минут

Сабақта екі ұнаған сәтті және бір ұсыныс білдіреді
Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалауды – қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Кейбір оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында саралау тапсырмалары алынды Сабақтың өн бойында мадақтау жүргізіледі Сабақ және үзіліс кезінде өзін өзі ұстау ережелерін есте сақтау
Курсқа кері байланыс:

Осы курс барысында бастауыш сынып пәндері бойынша Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны және мақсатымен таныстым. Сонымен қатар жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, қысқа мерзімді жоспар туралы толық түсінік алдым. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді, тілдік дағдылар мен белсенді оқыту , саралау және оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында кретериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуді үйрендім.

Ықшам сабақ құруда белсенді оқу саралау тәсілдерін қолдануды және қажетті ресурстарды тиімді пайдалануды үйрендім. Ойымды жинақтайтын болсам, Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында үйренгендерімді толық игеріп, бағдарлама идеяларын басшылыққа ала отырып, өз тәжірибемде қолданамын.

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ