Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы

0
2518
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақтың тақырыбы
Арифметикалық амалдардың қасиеттері және олардың әріптік жазылуы
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор
Сабақтың жабдығы

Мақсаты: Білімділік:Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерінің тұжырымдамасын айта білу және әріптермен жаза білуге үйрету.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауы, бағалауды үйрету.

Тәрбиелік: білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кестелер, суреттер,тік төртбұрыш

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау

№7 үш баған. (қатармен тексеру)а)1064 қаз ә)1000 г б)16 рет

Әр түрлі тәсілді пайдаланып шығару,өрнек түрінде жазу.

Көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер? Ауыстырымдылық қасиет деп нені айтамыз? Үлестірімділік қасиет ше? Терімділік қасиет туралы не айтуға болады?«Үндемес» ойыны:

18∙10:2∙60∙10:2:100∙3∙2=162720:8∙9-400∙2:4∙3+75:3=230

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

Сергіту сәті: 
Ойын: «Сыңарын тап».

Жауаптары бірдей мысалдарды ата және оларды меңзермен біріктір.

4 · 46 8 + 72

2 · 7 64 + 30

22 + 58 100 – 6

7 · 2 25 + 25

46 · 4

— Қандай өрнек сыңарсыз қалды? Оған сыңар болатын өрнек ойлап табыңдар.

Ұжымдық жұмыс. Көбейтудің қасиеттерін қолданып есепте:

2 ∙ 9 ∙ 5 = 2 ∙ 5 ∙ 9 = 90  5 ∙ 6 ∙ 2 = 5 ∙ 2 ∙ 6 =10 ∙ 6 = 60

3 ∙ 5 ∙ 2 = 15 ∙ 2 = 30 8 ∙ 5 ∙ 2 =  40 ∙2 = 80

2 ∙ 4 ∙ 5 = 2 ∙5 ∙ 4 = 10 ∙ 4 =  40            7 ∙ 2 ∙ 5 = 7 ∙ 5 ∙ 2 =70

Ережелерді қайталап өту:Бүгінгі сабағымыз,арифметикалық амалдардың қасиеттеріжәне олардың әріптік жазылуы деп аталады.

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: Көбейткіштердің орнын ауыстырғанда көбейтіндінің мәні өзгермейді. Яғни ол

a ∙ b = b ∙ a теңдігімен жазылады.

Мысал келтіріңдер: __________________________________________

Көбейтудің терімділік қасиеті: Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші мен үшінші сандардың көбейтіндісіне көбейту керек, яғни

(a ∙ b) ∙ c = a ∙ (b ∙ c) теңдігімен жазылады.

Мысал келтіріңдер: __________________________________________

Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті:Қосындыны санға көбейту үшін санды қосылғыштардың әрқайсысына көбейтіп, шықан нәтижелерді қосу керек, яғни

(a + b) ∙ c = a ∙ с + b ∙ c немесе с ∙ (a + b) = с ∙ а + с ∙ b

теңдіктерімен жазылады.

Мысал келтіріңдер: 1)__________________________________________

2)_____________________________________________

— Екі өрнектің мәндерін салыстырыңдар:
256 * 2 және 2 * 256
Қалай әрекет жасайсыңдар? (Ең алдымен 256 * 2 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін қосамыз 256+256=512, содан кейін 2 * 256 өрнегінің мәнін табамыз, ол үшін 2 деген қосылғышты 256 рет қайталап, алынған нәтижелерді салыстыру қажет).
— Қайсысы сендерге қиынға соқты?
— Қалай есептейміз? (а) есептейміз, (ә) ауыстырымдылық қасиетін қолданамыз).

Нәтижелері тең, көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен, көбейтіндінің мәні өзгермейді деген қорытынды жасауға болады.
Мұғалім сандарды атайды: 10, 15, 12, 14, 11, 13, 18, 19, 8, 17.

Егер сан екіге бөлінсе – оқушылар екі рет секіреді, ал егер бөлінбесе – бір рет орнында адымдайды.

№8 Есепке теңдеу құру.

a)х•12+12354=27870 ә)с•100=1600+24000 б)d-30985:15=12000-9731

Нұргүл ойлаған сан-1293 Нұржан ойлаған сан -256 Әлия ойлаған сан -65020

№9 Есептеп дұрыстығын тексеру.

138276:46=3006 458687:229=2003 55590:545=102 738123:123=6001

685828:218=3146 305584:142=2152

№10 тиімді тәсілмен шығару.

№11 Бос орындарды толтыр: тапсырманы орындаған кезде бөлінгішті табу табу тәсілін анықтайды: бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, оған қалдықты қосамыз.

3080•46+35=141715 141715:46=3080 (35 қалд.)

№12 a)(30+50)•565=29200 ә)250:5=50  350:5=70 70+50=120 л-бір күнде

Бір аптада:120•7=840 л

№13 а) есепті сыныптағы балалармен орындау. Тақтамен жұмыс.

1) 16326:6=2721 (авт.) – қызыл.

2) 16326-2721=13605 (авт.) – жасыл және ақ.

3) 13605-2725=10880 (авт.) – ақ.

ә) 236∙425=100300 (бөлшек) – барлық жұмысшы жасап шықты.

2) 100300:25=4012 (бөлшек) – сатуға жіберілді.

3) 100300-4012=96288 (бөлшек) – қалғаны.

4) 96288:2=48144(бөлшек) – машина жасайтын зауыт сатып алды.

Сабақты қорытындылау.1№4-АУЫЗША
— Сабақта қандай жаңалықты білдіңдер?
— Сабақтың соңындағы көңіл күйлерің қалай?

1 — қатарға ауыстырымдылық қасиетіне байланысты.
245*5=5*245=1225
805*2=2*805=1610

2 — қатарға үлестірімділік қасиетіне байланысты.

(56+4)*6=56*6+4*6=360
(430+5)*4=430*4+5*4=1740
3 — қатарға терімділік қасиетіне.

(70*4)*5=(70*5)*4=1400
(15*7)*2=(15*2)*7=210

Ой толғаныс Дұрыс пікірді ата- Егер фигура үшбұрыш болмаса, онда ол ақ түсті;
— Егeр фигура шеңбер де, үшбұрыш та болмаса, онда ол ақ түсті.
— Егер фигура көгілдір түсті болмаса және ол үшбұрышқа жатпаса, онда ол шаршы.
— Егер фигура қызыл сары түсті болмаса, онда ол шеңбер емес.
Жинақтау.
Жеке жұмыс
Сәйкестендіру
210*3+870*3 ауыстырымдылық қасиеті
40*(512*6) терімділік қасиеті
2579*1579 үлестірімділік қасиеті
Қорытынды.
«Қарлы кесек» әдісі
Үйге тапсырма:
Бағалау. «Бағдаршам», «Сэнгвич» әдісі, өз — өздерін бағалау
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы № 15 16.17 78-79- бет Оқушылар күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын толтырады

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының
№4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Сандибаева Жаннат Калидоллаевна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ