Қаршақыз (балабақшаға арналған тәрбие сабағы)

0
2483
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Қаршақыз (Орыс халық ертегісі бойынша)

Сабақтың мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетін шығармаларымен таныстыру. Ертегітерапия әдісінің көмегімен зейін мен қиялын дамыту, психоэмоционалдық қызуын түсіру, қолайсыз жағдайды азайту, шаршаудың алдын алу. Топта жайлы атмосфера қалыптастыру.

Қажет құралдар: Шарф немесе қызыл түсті мата, ақ түсті моншақтар, капрон орамал. Ойыншықтар.

Кіріспе

    Ойын: «Табиғат құбылыстары». «Су, ауа, от, жер»

    «Су» — дегенде балалар қолдарын алға созып толқынға ұқсас қозғалыстар жасайды. «Ауа» дегенде – қолдарын жоғары көтереді. «От» дегенде – қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарымен қөзғалтады. «Жер» — дегенде қолдарын төменге түсіреді.

    Осы табиғаттағы су, ауа, от, жердің қайсысы сендерге ұнайды? Неге?

Ертегіге кіру

    Отты өзеннен кім секіре алса, сол бүгін ертегіге тап болады  (жерде қызыл мата).

    Бұл отты өзен өте ыссы, алауы жоғарыға жетердей. Өздеріміз өттан секіре аламыз десеңіздер өте жақсы, ал өте алмаймыз дегендеріңе сиқырлы заттар көмектеседі (сиқырлы таяқша, ұшақ кілем, жеті түсті гүл)

  • Бәріңіз де оттан өте алдыңыздар, біз бәріміз «Қаршақыз» ертегісіне тап болдық.
Ертегі…

    Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті. Екеуі тату тәтті өмір сүріпті. Бәрі жақсы болса да, бір қайғыса болыпты. Оларды балалары болмапты.

    Бір жылы қыста қар өте қалың жауыпты.

  • Кемпірім, қардан өзімізге қыз жасап алсақ қайтеді.
  • Жарайды, — деп кемпірі келісе кетіпті.

    Далаға шығып қардан қыз жасауға кіріседі. Қарды домалақтап денесін жосап, аяқ-қолын, басын қойып, қыз жасап алыпты…

1-ші жаттығу. «Қарды домалақтау»

    Балалар жерден қарды алып домалақтай бастайды.

  • Қарды қатты қысып домалақтаймыз, қолдарыңның қай жеріне күш түсіп жатыр.

    Ал енді қарды жерге қойып қолдарымызды сілкілейік шаршағаны басылсын.

    Келесі қарды домалақтайтық…

2-ші жаттығу. Үлкен домалақтар жасау.

-Ал енді, балалар, кішкентай домалақ қардан үлкенін жасауымыз керек. Қолың қарға домалатайық, арқамызға  күш түседі. Тұрып, демалып алайық, денемізді бос ұстайық.

    Қандай үлкен қар!

Кәне, қозғалтайық қарларымызды?

Балалар екіөекіден жұп құрады. Біреуі-«домалақ қар», екіншісі – «әжей» немесе «атай» ролін ойнайды. «Қар» жерге шолқасынан жатып, аяқтарын ішіне жинап, басын кеудесіне қойып, домалана қалады. «Атай» қарды қозғалтады. Сөйтіп алмасып ойнайды.

Ертегінің жалғасы

… Атай қаршақыздың бетін әдемілеп мұрынын, көзін жасайды. Бір кезде қаршақыздың еріндері қызарып, көздері ашылады, кемпірмен шалға қарап күліп тұрады. Сонан соң басын қолдарын, аяқтарын үстіндегі артық қарды қағып, алдарына тұра қалды…

 3-ші жаттығу. Қаршақыз

    Балалар Қаршақызға айналады. Көздерін жұмып қозғалмай, денесіні тыныштықта тыңдап тұрады.

    Жүргізушінің айтуымен балалар алдымен кірпектерін қозғалтып, сонан соң көздерін ашады, көздерімен оңға, солға қарайды. Терең дем алады, өзінің дем алғанын тыңдай алады.

    Сонан «Қаршақыз» балалар күліп, бастарын оңға, солға қөзғалтып, қолдарын созып, алға қарай бір адым жасайды.

Ертегі…

    Кемпір мен шал қуанып, Қаршақызды үйлеріне алып келеді. Олардың алдында қараса көз тоймайтын әдемі қыз тұрады.

    Сөйтіп Қаршақыз күннен күнге әдемі болып, атай мен әжейдің үшінде тұрып жатты.

    Қыста аяқталып, қөңілді көктем де келіп жетті. Ал Қаршақыздың күннен күнге томсырайып, көңіл күйі болмай жүрді. Салқын жел болса, жаңбыр жауса қуанып, күн көзінің жылуынан тығылатын болды.

4 жаттығу. Күн мен жаңбыр.

    «Күн» деген сөзге балалар бастарын қолдарымен бүркеп, аяқтарын кеудесіне жинап отыра қалады. Ал «жаңбыр» дегенде балалар тұрып, қуанып, билеп кетеді.

Ертегі…

    Бір күні аспанды қара бұлт қаптап, қатты бұршақ жауып кетті. Бәрі үйлеріне тығылып жатты, ал Қаршақыздың қуанышында шек болмады. Аулаға шығып билеп кетті.

5 жаттығу. Бұршақ

    Балалар саусақтары шаршағанша жерге бұршақ түсіп жатқандай соға бастайды.

    Сонан соң саусақтарды сілкілеп, қолдарын еркін ұстайды.

    Жүргізуші жерге «бұршақтарды» шашып жібереді (ақ моншақтар). Балалар моншақтарды алақандарына жинап алып, бір алақанынан екіншісіне ауыстырып қарайды. Бұршақ жауғанда қандай болатынынмен танысады.

Ертегі…

    Көктемнен кейін, жадырап жаз келді. Қыздар орманға (тоғайға) қыдырып қайтуға бара жатып, Қаршақызды да өздерімен ала кетті. Орманда қыздар гүл теріп, гүлдерді бастарына әдемі етіп өріп тағып алын, ән айтып шеңбер құрып би биледі.

6 жаттығу. Шеңбер құрып жүру

    Балалар жүргізушімен бірге шеңбер құрып ән айтады.

Ертегі…

    Ал күн бата бастағаннан қыздар ағаш бұтақтарын жинап от жақты да, бірбірлеп сол оттан секіріп ойнай бастады. Ал Қаршақыз болса қыздардың соңынан тұрды. Өзінің кезегі келгенде Қаршақызда жүгіріп барып, оттан секіре бергенде, аппақ бұлтқа айналып еріп кетті Бұлт аспанға биік  көтеріліп, қалықтап жүзіп кетті.

7 жаттығу. «От»

    Жерге жүргізуші қызыл мата қойып, балалар біртіндеп «Оттан» секіре бастайды.

8 жаттығу. Бұлт.

— Ал енді оттан Қаршақыз секіреді. Қалай ойлайсыңдар, ол қорқып тұрды ма? Оның сол кездегі жағдайын көз алдарыңызға елестетіңіздерші… Қойғы, мұңын көрсетіңдерші. Қаршақыз қорықты ма?…

Әуен қосылады

    Балалар біртіндеп «оттан» секіре бастайды. Секірген балаға жүргізуші ақ капрон орамал жауып жібереді де, Қаршақыз ақ бұлтқа айналады. Ақ бұлт әуенге байланысты қимылмен «аспанда» қалқып жүреді.

  Соңы

    — Балалар, бүгінгі, Қаршақыз ертегісіне саяхатымыз аяқталды. Айтыңдаршы, сендерге бұл ертегінің соңы: мұңды, қайғылы болып көрінді ме, әлде қалай?..

    Сендер Қаршақыз үшін қуандыңдарма, әлде оны аяп кеттіңдер ме? Неге қуандыңдар? Неге аядыңдар? Қалай ойлайсыңдар бұлтқа айналып кеткені жақсы болды ма, әлде жаман болды ма?

    Неге жақсы, неге жаман?

    Балалар, бұлт аспанда қалқып жүріп, қандай қызықтар көре алады?

    Бұлт бізге қандай жақсылық жасай алады…

Клещёва Татьяна Ивановна

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ