Асхат Аймағамбетов: Онлайн олимпиадалардың мазмұнын арттыру керек

2
1998

Бүгін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта жылдық есеп беруін өткізді. Ашық түрде өткізілген есеп беруде аудитория тарапынан еркін сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. 

Министр өзінің баяндамасында жыл бойы атқарған жұмыстары мен шешілуі тиісті мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Соның ішінде онлайн олимпиадалар туралы да сұрақтарға жауап берді.

Осы ретте сіздерге Асхат Аймағамбетов мырзаның онлайн олимпиадалар туралы айтқан негізгі ойларын ұсынамыз. Министр өз сөзінде сапалы онлайн олимпиадаларды өткізу қажеттілігін айтып, олимпиадалардың мазмұнын арттыруды тапсырды.

Ақылы олимпиадаларға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. 

 Үйде болғанда, сабақтан бос уақытта ақылы олимпиадаға қатысамын десе оған ешкім шектеу қоя алмайды. Өйткені, бұл — адамның жеке таңдауы. Олимпиадаларға қатысу әркімнің өз еркінде. 

Мектептерде ақылы олимпиадалар ұйымдастырылуына тыйым салынады.

 Мектеп олимпиадаларды ұйымдастырып, олар ақылы олимпиадаға қатыс деп мәжбүрлесе, бұл басқа мәселе болып саналады. Яғни, ешкімді еркінен тыс міндеттеуге болмайды,- деді білім министрі.

Мектептерде өткізілетін олимпиадалардың аудиторияларда ұйымдастырылатындығы және жүлде бөлуде кездесетін сыбайлас жемқорлық фактілеріне жиі жол берілетіндігі анық.

Онлайн олимпиадалардың мазмұнына мән беру керек

«Қазір олимпиада көбейіп кетті деп айтуға болмайтын шығар. Олардың саны біршама азайды. Кейбір олимпиадалардың мазмұны да жоғалып кетті. Олар тапсырманы береді. Кейін оны бала алып, үйіне барады. Туған-туыстарымен бірге тапсырманы орындап, жауабын береді. Ол жауап бойынша 1 емес, 30 адам бірінші орын, 30 адам екінші орынды алады. Сонда мұндай олимпиаданың қандай мәні бар?»,— деді Асхат Аймағамбетов.

Олимпиадаға қатысушылардың барлығы жүлде алып кетпеуі керек

Олимпиадаларда 10 бірінші орын, 45 екінші орын деген мәселені білімнің әбден құнсызданғанына теңеуге болады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша тиісті шешімді қабылдап, оны бірнеше рет айттық. Сондықтан бұл мәселе шешіліп жатыр.

Онлайн олимпиадалар өте әділетті өтеді. Онда сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Барлығы ашық түрде жүзеге асырылады. Және қатысушылармен кері байланыс қолжетімді болғандықтан қатысушылардың пікірлері көптеп ескеріледі. Мәселен, Qaztest.kz  олимпиадаларының алғашқы жылында қатысушылардың тек 10 пайызы ғана жүлдеге ілінді. Бірақ оған көпшілік қатысушылар өз ренішін білдірді. Қатысушылардың пікірін ескере отырып, келер жылы көптеген қатысушылардың өтініші бойынша орын ұпайлары төмендетілді. Яғни, біздің олимпиадаларымызда орын ұпайлары күрделілік деңгейлеріне қарасты бөлініп отырды. Бұл ретте Министр Асхат Аймағамбетов мырза қатысушылардың барлығы орын алып кететін сапасыз олимпиадалар туралы айтса керек.

Qaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті тест сұрақтарын арнайы тест құрастырушы мамандарға құрастыртып, авторлық құқық алу арқылы сатып алады. Педагогикалық сұрақтарды Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің оқытушылары, мектеп бағдарламаларының авторлары жасайды. Осы ретте сайт Ұлттық педагогикалық университетпен меморандум жасасты. Меморандум аясында студенттер мен педагогтарға арналған бірнеше олимпиадалар өткізілді.

Qaztest олимпиада ұйымдастыру комитеті мазмұнды олимпиадалар ұйымдастырып келеді. Порталымызда 4 жыл қатарынан қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Ермұхан Бекмаханов атындағы тарих олимпиадалары және бірнеше пәндік олимпиадалар мен «Қазақстан үміті», «Үздік педагог», «Үздік тәрбиеші», «Үздік жас маман» сынды олимпиадалар ұйымдастырды.

Олимпиадалар қолданушылар тарапынан ерекше қолдауға ие болып, сұраныс артуда. Алдағы оқу жылында тест формасын өзгертіп, мазмұнын одан әрі жақсартуды қолға алуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз —  тұтынушыларымызға тек сапалы олимпиадалар мен қызмет ұсыну.

Олимпиадалардың сапасын арттыруда қатысушылардың пікірі біз үшін өте маңызды. Ұсыныс пікірлеріңіз болса, біздің qaztest.kz@mail.ru почтасына жазыңыздар.

Құрметпен Qaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті


2 ПІКІРЛЕР

  1. Ия, сапаны арттыр керек. Бірақ бізге Qaztest ұйымдастырған олимпиадалар ұнайды. Тек тест санын азайтсаңыздар. Ұсынысымды почталарыңызға жіберемін

  2. Министрмен толық қосыламын. Мазмұнды олимпиадалар қазір көбейіп келеді. Qaztest ұйымдастыратын олимпиадаларға бірнеше жылдан бері үздіксіз қатысып келеміз. Сұрақтары өте оңай деуге келмейді. Өткен жылы педагогика бойынша 2-орын иелендім

ПІКІР ҚАЛДЫРУ