Қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы

0
3017
Гомотетия және оның қасиеттері
Күні:
Мектеп: №6
Мұғалімнің

аты-жөні:

Ошанова А.К.
Сынып: 9
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттық өзектілігін анықтау;

9.5.1.2 жазба жұмыстарында (қарсылықты бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру;

Сабақтың мақсаттары
Көбі: иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдайды және қарапайым сөздерге жауап береді.
Кейбірі: «Бес арыс» туралы түсінік біледі.
Бағалау критерийі -мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

мәтіндегі мәліметтерді постер,сызба-кесте түрінде ұсынады;

-ақпараттың өзектілігін анықтайды;

-қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді жазба жұмыстарында қолданады;

Күтілетін нәтиже: Қазақша сипаттайды, ерекше қасиеттерін атай алады.
Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалім оқушылармен амандасады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жылулық шеңбері»

Күндей жадырап,

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастайық.

Оқушылар «Жылулық шеңбері» тренингінің негізінде сәлемдеседі бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту барысында сұрақтар қойылады.

Бес арыс деген кімдер?

Ахмет Байтұрсынұлы кім?

Оқушылар жауап береді. Жеті жарғы деген не екенін анықтайды.
Мағынаны тану

Сабaқтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

«Дұрыс айт» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады. Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады.
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Топқа бөлу

Отырған жерлерінде кәмпит арқылы топқа бөлемін.

Мозаикамен топтың аты шығады.

1-топ «Әліппе» 2-топ «Әліпби»

Тақтаға назар аударамыз

Криптограмманы шешу

5 6 7 8 9 10 11 12 13
ф з қ а в а и т і

2,1,6,4,8 9,3,5,11,10,12,13,15,14,15,17

16,18,17,20,19,21 24,22,5,23,27,28,9,13,23,24,26

Қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы — Ахмет Байтұрсынұлы.

Сонда кім туралы әңгімелейміз? Сабақтың мақсатын сұрау.Бағалау критерийі арқылы айтып шығады.Өзім айтып кетемін.

Үй жұмысын сұрау

141-беттегі 1-тапсырма.Мәтін мазмұнын айту.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін жатқа айтып беру.

142-беттегі 2-тапсырма.Берілген сұрақтарға жауап беру.

Дескриптор:

— қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін жатқа айтады;

-берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді;

-қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге сөйлемдер құрады;

Үй жұмысын қорыту:

Алаш идеясын қолдаған қайраткерлер кімдер?

Міржақып Дулатов,Әлихан Бөкейхан,Елдес Омарұлы,Мұстафа Шоқай,Мұхаметжан Тынышбайұлы.

Оқу комиссиясында кімдер болды?

Ахмет Байтұрсынұлы,Мағжан Жұмабаев,Телжан Шонанұлы.

Бейне көрініс

Енді,балалар бейне көрініс тамашалайық.Бейне көріністен кім туралы мәліметтер айтылды?

Ахмет Байтұрсынұлы туралы.

Мәтінмен жұмыс жасау үшін жаңа сөздермен танысамыз.

Ұлтжанды – патриот

Саяси — әлеуметтік – политический и социальный

Қоғам қайраткері – общественный деятель

Өзекті мәселе – актуальная проблема

Қуғын-сүргін – репрессия

Надандық – безграмотность,невежество

Жаңа сөздерге,сөз тіркестеріне,сөз тіркесін,сөйлем құрастырыңдар.

Енді балалар,Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәтінмен танысайық.

1-топ «Әліппе»

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы,осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш әліппесін сыйлаған ұлтжанды ғалым,тұңғыш «Қазақ» газетінің редакторы. Абайдан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты көтерген көрнекті ақын,аудармашы,публицист-журналист,ірі қоғам

қайраткері,ағартушы-ұстаз,этнограф,фольклорист болған.

2-топ «Әліпби»

Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі «Қырық мысал» болатын. Орыстың атақты мысалшысы Иван Андреевич Крыловтың шығармаларын аударды, ондағы өзекті мәселені өзінше еркін жырлауға, қазақ өмірімен байланыстырып ой айтуға ұмтылды.Орынборда тұрған жылдарында «Маса» өлеңдер жинағын жазды. Ақын өз өлеңдерінде надандық пен кемшілікті көріп қана қоймай, ащы шындықты сыртқа шығарып, сынап та алады.

Дескриптор:

-мәтінді дұрыс оқиды,аударады;

-негізгі ойды анықтайды;

«Сұрақты ұстап ал!» әдісі

Дескриптор:

-сұрақтарды дұрыс қояды;

-сұрақтарға дұрыс,толық жауап береді;

Оқушылар мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

Берілген сөйлемдерді қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңдар.

1-топ «Әліппе»

Орыстың атақты жазушысының шығармаларын аударды,мәселені еркін жырлауға ұмтылды.

Орыстың атақты жазушысының шығармаларын аударса да, мәселені еркін жырлады.Дескриптор:

-қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге дұрыс айналдырып жазады;

-қатесіз жазады;

2-топ «Әліпби»

Ақын өз өлеңдерінде надандық пен кемшілікті көріп қана қоймай, ащы шындықты сыртқа шығарып отырды.

Ақын өз өлеңдерінде надандық пен кемшілікті көргенмен, ащы шындықты сыртқа шығарды.

Дескриптор:

-қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемге дұрыс айналдырып жазады;

-қатесіз жазады;

Сабақты қорыту: Постер қорғау

1-топ «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлы кім?

Дескриптор:

мәтін бойынша ақпараттарды жинақтайды;

-ақпараттарды өмірмен байланыстырады;

2-топ «Әліпби»

Ахмет Байтұрсынұлының

шығармашылығы

Дескриптор:

мәтін бойынша ақпараттарды жинақтайды;

-ақпараттарды өмірмен байланыстырады;

Жазылым. Мәтінді түсінік айтады.
Бағалау Оқушылардан бағалау сұрау Оқушылар бір-бірін бағалайды.
Рефлексия Бағдаршам

Жасыл түс –көп нәрсе үйрендім

Сары түс- ұнады,алайда түсініксіз ұғымдар бар.

Қызыл түс- маған қиын болды,түсінбедім.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа белгілерді қою арқылы білдіреді.
Үйге тапсырма: 1-деңгей. Ахмет Байтұрсынов туралы ақпараттар жинақтап келу.

2-деңгей.Мәтіннің мазмұнын айту.3-деңгей. 2-тапсырма.А.Байтұрсынұлының қызметін сызба арқылы айту.Жазбаша: 3-тапсырманы жазу.Берілген сөз тіркестерін басқа сөздермен ауыстырып жазу.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мeн өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ