Атом электр станциясының Қазақстандағы орны

0
4616
Атом энергетикасы
Қазіргі таңда энергияны алудың көптеген түрі бар, бірақ кең тарағаны АЭС өндіретін электр энергиясы. Электроэнергияның шамамен 15%-ы атом электростанцияларынан алынады. Энергия өндірудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатын АЭС үлкен мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасында, өкінішке орай, бұл сала дамымаған. Алайда біздің еліміз энергетиканың дамуы үшін үлкен септігін тигіздіре алатын уран элементіне бай. Айта кетерлігі, Қазақстанда 100-ге жуық уран кені барланған. Бүкіл әлемде уранды өндіру бойынша мемлекетіміз бірінші, ал барланған қоры бойынша екінші орында. Қазірде 470 мың тонна барланған уран біз үшін үлкен жетістік, бірақ одан өзіміз энергия ала алмасақ бұл саланы дамыту қолдан келмейді. Егер еліміз осы салада дамитын болса, сөзсіз, экономикамыз жоғары деңгейге жетеді. Сонымен қатар, атом энергиясы дәстүрлі отын түрлеріне қарағанда бірнеше есе көп энергия береді. Атом электр станцияларында ядроларды біріктіру және бөлшектеу арқылы атом ядросының ішкі энергиясы алынады. Қазірде экономикасы дамыған елдерде атом электростанциялары энергияның негізгі көзі болып табылады. Бұл әдістерді қолдану аталмыш елдердің қатарына кіруімізге жол бермек.

Көп жағдайда «жасыл технологияны» қолдайтындар бұл энергияны дамытудың қажеті жоқ деп санайды. АЭС құрылысы мемлекет үшін қолжетімді болып табылады.Баламалы энергия құрылысы 20 есе қымбатрақ және көп орын алады. Көпшілігіміз оқығандай не теледидардан көргендей, біз жел мен толқын энергиясын экологиялық жағынан ең тазалары деп білеміз. Бірақ, бұл да даулы сұрақ. Өйткені көбіне жел станциялары суқоймалардың жанына салынғандықтан, ол аймақтың экологиялық балансын едәуір бұзады. Олардың саны көп болған сайын табиғатқа келетін шығын да арта түседі. Ал АЭС-тің бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен. Бәрінен бұрын адамдарды атом электр станцияларынан бөлініп шығатын қоршаған ортаға үлкен залал келтіретін қалдықтар толғандырады. Алайда соңғы есептеулер бойынша, АЭС-тен бөлінетін қалдықтар полиметалл қалдықтарыңа қарағанда залалсыздандырылғандықтан қоршаған ортаға қатты әсер етпейді.Егер оны қоймаларда сақтасақ оның қауіптілігі 20 жылда жойылады.

Атом энергия станцияларының Қазақстанда салудың көптеген тиімді жақтары бар.Осы АЭС өндіретін энергияны қолдану мемлекет үшін қолжетімді және тиімді болғандықтаң баламалы энергия көздеріне қарағанда 72%-ға тиімдірек.

Атом электростанциясының зиянының да барын жоққа шығара алмаймыз. Үлкен жарылыстар экологиялық мәселелерге әкеп соғуы мүмкін. Тек экология ғана емес, экономика да зардап шегеді, себебі станциядағы құрылғылар көп шығынға түсіреді. Кейін қайта қалыпқа келуге де аз уақыт кетпейді. Осы қиындықтар адамдар арасында көптеген қарама-қайшы ойларға алып келді

Атом электростанциясын соғу немесе соқпау туралы нақты шешім қабылдау қиын. Бұл энергияны қолданатын елдер дәстүрлі отын энергиясын қолданатындарға қарағанда даму дәрежесі жоғары болады. Егер АЭС соғу шешімі қабылданса, атмосфера ластануы және көмір тасымалы қысқаратын еді.

Нұрмаханметова Адема
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 Е сынып оқушысы

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ