«Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу кешінің сценарийі

0
1518
Иллюстрация: Freepik.com

Экранда іс-шара тақырыбы көрсетілген

Кездесу қонақтарын отырғызу

Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, оқушылар!

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне  Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылдады.

Соғыс-зұлымдық. Жазықсыз төгілген — қан. Заман өзгереді, дәуірлер ауысады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қазақстандықтар тартылған. Біздің арыс азаматтар бастан кешкен ірі әскери қақтығыс-Ауған соғысы болатын. Бұл қанды қырғын 1979-1989 жылдар аралығында аттай он жылға созылды

Жүргізуші: 1989 жылы, ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді???  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Жүргізуші: Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын,суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. Рахмет отырыңыздар!

1 минут үнсіздікпен еске алу

Жүргізуші: Бүгінгі іс шарамызда ауған соғысына қатысқан

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, РҚБ «Әмбебап жекпе-жек федерациясының» президенті, «Қазақстан Республикасының әскери-патриоттық спорттық клубтар Федерациясының» төрағасы  ақын, Смағұл Бақытбек ағамыздың «Мен көрген соғыс» атты бейнефильмге назар аударайық.

Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды сол кез,

Қирады талай арман көңілге алған.

Тұғыры биік заманда,

Тамыры терең адамға.

Кенде емес мынау ұрпағым,

Сіз тұрсыз мәңгі жанымда.

Бүгін кездесуге келген, Кездесу кешіне арнайы шақырылған Ауған соғысына өзіміздің қаламыздан  қатысқан ауған соғысының  ардагерлері…………….

Жүргізуші: Кір жуып кіндік кескен жері үшін,аялап,әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп,от кешкен ер азаматтарымыз ешқашан ұмытылмайды. Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, елге аман оралған, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға мың тағзым!

Құрметті ардагер ағалар.Ортамызда сіздермен кездесуге зор ықыласпен келіп отырған Қазақстан жерін қорғайтын азаматтар арттарыңыздан ерген ұрпақтарыңыз,болашақ жауынгерлер отыр.

Сол балаларға Ауған соғысы кезінде бастан кешкен оқиғаларыңыз жайлы қысқаша әңігімелеп берсеңіздер.

Жүргізуші: Ендігі кезек жас оқырмандарымыздың  соғыс кезінде жазылған ақын,СМАҒҰЛ Бақытбек ағамыздың  өлең жырлардан үзінді оқиды.

  Ардагер ағаларымызға ойландырып жүрген сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады.

 ( оқушылар сұрақтар қояды)

Жүргізуші:

1.«Соғыс» деген алғашқы сөзді естігенде ,өзіңізді қалай сезіндіңіз?

2.Алғашқы оқ дыбысы,жарылыстарды көргенде бойыңызда қорқыныш болды ма?

3.Жалпы соғыс кезінде адам баласы мен адам баласы бір-біріне қарсы шығады.Жаудың көзін жою керек деген сөз әр жауынгердің санасында болады ғой, бірақ адам болған соң оқ атқанда аяушылық сезім жаныңызда ояна ма ?

4.Сіздер өз Отандарыңызды емес,өзге Республиканың жерін қорғау үшін бардыңыздар.Бірақ сіздерде, сол жердің жауынгерлерімен бірге, жауға қарсы шықтыңыздар, олар сіздерге ризашылығын қалай білдірді?

5.Отбасыңызды,еліңізді сағынғанда өзіңізді қалай жұбатып жүрдіңіз?

6.Сіздерді қалай тамақпен,киіммен қамтамасыз етті?

7.«Соғыс бітті,елге қайтасыңдар» деген сөзді естігендегі сіздердің қуаныштарыңызда әрине шек болған жоқ.Ерекше қуанған кездеріңіздегі сезімдеріңізді айта аласыздар ма?

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, Бүгінгі Ерлік сабағынан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер.

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарыоғанына 29жыл өтсе де,сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлерісоғыс жарасынан айыға алмай келеді.Елінің көсегесін көтеруге ат салысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп құрметтеу –біздің борышымыз деп ойлаймын

Жүргізуші: Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

Жүргізуші: Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін деп осы кітапханамыздың атынан естелікке сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар!

ӘН :«Соғыстан қайтқан солдаттар» 

Жүргізуші: Өткеніміз ұмытылмайды. Бүгініміз бейбіт күн, Ертеңіміз жарқын болсын, бейбіт өмірдің ақ таңында көріскенше күн нұрлы болсын құрметті ардагерлер! Қош сау болыңыздар!

Ұқсас материал: 

  1. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
  2. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
  3. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
  4. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  5. М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңы
  6. М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
  7. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз
  8. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  9. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  10. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ