С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз

0
954
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің бірі – дүр тұлғалы Сырбай Мәуленов.

Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тіршілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық.

Оның шығармашылығының негізгі бір тобы соғыс тақырыбына арналған, ол заңды да. Өйткені жастық шағының елеулі бір кезеңін ұрыс даласында өткізген майдангер ақын жүрегінің лүпілі ақ қағазға түсірілген өлең жолдарына айналуы табиғи құбылыс. . Бүкіл адамзатқа зардап шектірген бұл соғыс кезеңіне арналған С.Мәуленов өлеңдерін оқып отырып толғанасың, күйінесің, күрсінесің.

Сырбай Мәуленовтің поэзиясы соғыс құрбандарына мәңгі тұрғызылған ескерткіш тәрізді. Сондықтан да, оның өлеңдері көздің ұясынан жаңа шығып, жерге тамбай мәңгі қалған көз жасының бір түйір тамшысы сияқты әсер қалдырады. Сондай туындыларының бірі – «Құлын» өлеңі.

Бұл өлең шағындығына қарамастан, миллиондаған адамның қанын судай ағызған сұрапыл соғыстың зардабы мен сұмдығын көзбен шұқып емес, жүрекпен сездіреді. Өлеңнің философиясы – Алланың бұйрығымен болған немесе тағдырдың жазуымен болған өлім болса да, өмір жалғаса береді дегенгей:

«…Шашыраған көк жалын бүркіп темір,

Орманның іші үрейлі.

Ал оттың ортасында –

Шіркін өмір,

Құлын боп кісінейді».

Сырбай Мәуленов қазақ поэзиясын өлеңнің жаңаша түрлерімен байытқан, жаңалық әкелген ақын екені бүгінде даусыз. Небәрі он бес жолдан тұратын «Түбірлер» өлеңі – соғыс тақырыбына арналған суреткердің мәңгі өшпейтін бейнелі полотносы тәрізді. Бұл алапат соғыстың не екенін сізге бүкіл тұла бойыңызбен, жүрегіңізбен сезінуге мәжбүр етеді. Өлеңнің мәні де, маңызы да сонда.

Бірақ, ақын бұл өлеңін неліктен «Түбірлер» деп атады? Түбір – жайқалған жапырағынан, аспанмен таласқан биіктігінен, берік діңінен айырылған, сынған ағаштың түпкі бөлігі. Соғыс небір бозымдарды жалмады емес па?! Халық діңінен, тірегінен, қамқоршысынан, жақынынан айырылды. Дегенмен, жойылып кеткен жоқ, «түбір» қалды.

Ағаш түбірі барда қайта көктеп бой көтерері сөзсіз. Зұламат соғыс зардабы қаншалықты ауыр болғанымен, өмірді жалғастырар «түбірлер», ұрпақтар қалды. Менің пайымдауымша, ақын бұл тақырыпты сондықтан да таңдады. Ата-баба жолын жалғар, ешкімді де, еш нәрсені де ұмытпайтын, ұлтын ұлықтар жас ұрпақтың өсіп жетілуіне сенді. Қандай астарлы ой, әсери оптимизм!

Қорыта келгенде, Сырбай ақынымыздың соғыс тақырыбындағы жырлары соғысты әлі күнге ұмыттырмай келе жатқан сезімдерді сыздата бейнелеген асыл мұра, бейбіт күннің бағасын бағамдатар құдірет.

Ұқсас материал: 

  1. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  2. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  3. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  5. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  6. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  7. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  8. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  9. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
  10. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  11. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  12. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  13. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  14. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  15. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  16. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  17. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ