Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз

0
1342
Иллюстрация: Freepik.com

Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серлік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иісі бола білген.

Сонымен қатар олар атақты шерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі. Аттың өң жүйрігін таңдап мінген атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген.

Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан. Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы XIX ғасыр ақын-әнші, сазгерлердің өзіндік «алтын ғасырына» айналып, қазақтың кәсіби өнері-әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына шыққан кезі болды.

Сөйтіп, XIXғ екінші жартысы-қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанарлар қалыптасты. Солардың ішінде, әсіресе, ақындардың өзін-өзі бейкелеуге арналған әндерін келтіруге болады.

Оған мысал ретінде “Біржан сал”, “Ақын Әнші”, “Мұса”, “Мәди” “Сары”, “Әсет” өлеңдерін атауға болады. Олар мұндай әндерінде әрі ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өткен, екіншіден, туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп, соны әнге қосады.

Менім ойымша әр әнші-ақының өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасады. Мысалы,әрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма өнердің, актерлік элементтердің болуы, тіпті, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көз қарасы, әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды.

Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық жерлерін сипаттай келіп, оны “жалғыз актердің театры” деп айтқаны кездейсоқтық емес. Сері де – сол атақты әнші, күйші, ақын өнерпаз. Оның киім киісі сұлу да сыпайы. Осындай жердің сыртында ол сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын.

Әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, шешен, шебер, қысқасы халық сөзімен айтқанда “сегіз қырлы, бір сырлы” аса биік азамат – қазақ әнші-ақындарының өлеңдеріндегі серілер дәл осындай.

Ұқсас материал: 

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы. «Еңлік-Кебек» дастаны (Сабақ жоспары)
  2. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)
  3. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  4. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  5. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  6. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  7. Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ