М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз

0
1583
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік ен ойшылдығы қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын-Мағжан Жұмабаев.

Ол өз жерін де, өз тегін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, асыл маржанға теңелген сұлу лирикалық жырларымен оқырманын еліткен халқынығ дара перзенті.

Мағжан ақынның табиғаты өте күрделі, жұмбақ, сырға толы. Оның сыры неде, талайды аузына қаратып тамсандырған ақын феноменін қалай түсінуге болады? Дарын табиғатының көрінісі бұлақтай мөлжір поэзиясынан көрінеді. Мағжан ақын поэзиясында кездесе бермейтін өрнек тауып, рухы мықты жалынды жырлар мен үлбіреген нəзік əуез əкелді.

Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Осындай өлеңдерінің бірі-«Толқын». Бұл өлеңде ақын толқындардың қозғалысының əртүрлі болып келетіндігіне назар аудартады.

Сылдырап аққан бұлақтың бетінде бірде көпіршіп, бірде иіріле ағатын толқындар нəзік, қарапацым, зиянсыз, сырттай қарағанда өмірге қатер тудырмайды. Меніңше, бұл өлеңді адам өмірімен байланысты қарауға болады.

Біріншіден, толқынының қимылынан бірінен-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін жымысқы адамдардың əрекеті көрінеді.

Екіншіден, толқындар бірін-бірі қуалай алдап, еркелей ойнап, жарыса жүгірген болып, абайсызда итеріп, құлатып жібергеннен кейін өтірік жылап, көз жасын сүртіп, жағалауға шегініп, өзге толқындарға ілесіп, көрінбей кететін адам образын ойға салады. Үшіншіден, жартасқа сүйеніп, көз жасын сүртіп, сылқ-сылқ күліп, бірінің ізін бірі аңдып, жоғалып жататын адам тағдырымен астарлайды.

Осылайша, өмірдің толқынды құбылысының қозғалысын ойға салғандай образдайды. «Толқын» сөзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің ырғалсынан пайда болатын тербелісті білдіреді. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын ала отырып, терең ой толғайды.

«Толқын»- қозғалыс перзенті, ал өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Ақын өлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, өмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, өмірдің өзгермелігін, өмір жолындағы жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның болмысы мен сезім-күйін өлеңнің мағыналық астарына дәріптейді.

Алдыңғы толқынның өмірден озуы, кейінгі толқынның орын басуы заңдылық. Өлеңнің идеялық өзегінде өмір философиясы бой көрсетеді. Ақын өмірдің бар болмысын толқынның тууы мен өлуі арасына тізбектей отырып көркем безендірген.

Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет әлемінде қатар қанат қаққан ақындардан Мағжанның басты ерекшелігі өлең өрімінің өзгеше сұлулығы мен саздылығының ерекше үйлесім табуында.

Ол сыршыл да өршіл жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын.

Ұқсас материал: 

  1. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  2. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
  3. Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
  4. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
  5. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  10. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
  11. Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
  12. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
  13. А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
  14. М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ