Автоматтандыру туралы жалпы мағлұмат

0
4238
Әбіш Кекілбаев

Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.

  1. Кіріспе

Автоматтандыру туралы жалпы мағлұмат

  1. Негізгі бөлім
  • Есептің қойылымы

                Программаға арналған негізгі шарттар мен оны орындау жолдары

  • Кіру құжаттары

Программаны орындау барысы

  • Қорытынды
  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

       

КІРІСПЕ

Ғылыми прогресс — білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы — автоматтандыру.  Қазіргі  кезде біздің елімізде, шет елдерде де  ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.

Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. /1/

Онда:

1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;

2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;

3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.

Жалпы автоматтандыру — адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.

Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді,  темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады.

Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.

Автоматтандыру – ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.

Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.

Автоматтандыру дәрежесі – автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.

Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанн талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер қоры — ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер қоры деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.

Delphi жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер басқару жүйесі ) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.

                             Есептің қойылымы    

Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар

Бұл курстық жұмыстың мақсаты — деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу.Олардың қарым-қатынасын құрып,оларға қойылған талаптарды жүзеге асыру.  Қатынастар құру барысында “Реляциялық алгебра”- операциясын қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:

  • Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті болуы тиіс.
  • Жолдың реттілігі маңызды емес.
  • Атрибуттардың реттілігі маңызды емес.
  • Қайталанатын жолдары болмауы тиіс.

Сонымен қатар біз SQL-тілін қолдануымыз керек. Бір маңызды қасиет SQL-тілі тек “Реляциялық алгебра” оперциясында ғана істейді. Осы жұмысты іске асыру алдында, қатынас құру схемасын сызып ақиқатқа жақын жолын таңдадық. Оның ең тиімді жолы екі кестені қолдану болып табылады.

Кафедра  жұмысын автоматтандырылған анықтаманы жасау – кафедра мұғалімдерінің   базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Сол кафедра  осыншама күрделі ақпарттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр.Жасалынған жоба мұғалімдердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып мұғалім жөнінде  толық мағлұматтарды алуға болады.

Кафедра жұмысын  автоматтандырудағы біздің мақсатымыз —  өте аз уақыт ішінде мұғалімдер жайлы толық, нақты мәліметтерді алу.Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, Delphi ортасында жұмыс жасай білу керек.

Кіру құжаттары

Программаны орындау барысы

        Осы курстық жұмыста мен әрбір топтың студенттері жөнінде мәліметтер қорын жасадым.

1.Database Desktop – ты ашып, File – New командасын таңдаған кезде мынадай менюді көреміз:

QBE Query

Визуалды сұраныстарды құру және оларды файлға жазу.

SQL File

SQL-де сұраныстар жасау және оларды файлға жазу.

Table

Жаңа кесте құру.

 

Table  алғаннан кейін бізге мынадай сұхбат терезесі ашылады. Сырғымалы тізімнен  МҚБЖ таңдап алуға болады, содан кейін Paradox7-ні таңдап алдым.

Жоғарыдағы кестеде программаны іске қосудың жалпы кестесі көрсетілген. Яғни ең алдымен Delfi-6 Borland – Tools – Database Desktop- File – New – Table арқылы жаңа кесте құрамыз. Содан кейін келесі кестені толтырамыз. Ол үшін берілген есептің шарты бойынша керекті мәліметтерді жинаймыз.

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key – “*”символы, егер бұл өріс бойынша біріншілікті кілт қою керек болса.

        Әр өріске ең алдымен ат (Field Name) беріледі. Өріс идентификаторы. Ол 255 символдан тұрады. Осыдан кейін біз типін анықтаймыз.

             Validity Checks —   бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 1.2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

1.2-кесте

Required Field

Бұл идентикаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.

Minimum

мәннің минимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.

Maximum

Мәннің максимумы. Бұл қасиетті сандық өріске берген тиімді.

Default

Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.

Picture

Енгізілетін мәннің түрін көрсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны ( ##-##-## ).

Assist

Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.

 

Кесте қасиетін беру

“+”- Autoincerement, 1 мөлшерге өсіп отыратын ұзын бүтін сан. Тек оқуға арналған. Өшірілген кезде қалған өрістердің мәні өзгермейді.

“A”-Alpa, жолдық өріс.

“S”-Short, қысқа сандар тізбегі.

“D”-Date, Мезгілді көрсетеді.

“L”-Logical, логикалық өріс.

“I”-Long integer, ұзын сандар тізбегі.

Енді төмендегі терезеге назар аударсақ, одан біз кестедегі өріске берілген қасиеттерді көре аламыз:

Table Lookup- көру терезесі

Table Lookup – бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Бұл терезеде драйверлер мен пвседонимдерді қолдана аламыз.   Table Lookup таңдап алғанда терезеде Define-анықтау кнопкасы ғана көрініп тұрады. Осы кнопканы басып келесі терезені ашамыз:

Drive (or Alias) сырғымалы тізіміне Browse… кнопкасын басу арқылы қосымша кесте орналасқан папканы іздеп табамыз.Менің жұмысымда екі кестедегі топтарды байланыстырамыз. Ол  стрелка арқылы жүзеге асады. Осыдан кейін ОК кнопкасын басамыз.

Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысында керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.

Жаңа индекс құру үшін Define- анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның сол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.

           Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал екіншісі – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.

Fields панелінен керек деген өрісті таңдап аламыз. Стрелкасы бар кнопка арқылы сол өрісті Child Fields қосымша кестелер тізіміне қосамыз. Осыдан кейін ОК кнопкасын басамыз.Нәтижесінде 9-суретте көрсетілген терезе ашылады. Сілтеме деңгейіндегі бүтінділік сақталады.                               

BDE Administrator – да мәліметтер қоры драйверлерін және жалған аттарын құру және көру.

Delphi қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге  қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.

BDE Administrator программасы түрлі типтегі BDE мәліметтер қорының жаңа драйверлерін көруге, құруға, түзетуге мүмкіндік береді. Ол төмендегі 10-суретте көрсетілген:

Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бір қолданушылық режимде жұмыс істейді. Standart драйверлері үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және Path – деректер базасына жол.

Бұл программа терезесі екі беттен тұрады:

Databases-мәліметтер қоры және Configuration- конфигурация. Сол жақ панельде мәліметтер қорының жалған аттарының бұтақшасын көре аламыз. Кез келген бір жалған атты ерекшелеп, оң жақ панельде Definition драйвері сипаттамаларын көре аламыз. Paradox  мәліметтер қоры үшін Standard драйвері қолданылады және минималь сипаттамалары: Type-драйвер аты, Path- мәліметтер қорына жол. Path параметрлерін ерекшелеп көп нүктелі кнопканы көреміз. Ол кнопканы басқанда жаңа каталогын таңдауға мүмкіндік беріледі.

Қорытынды

XXI ғасырды ақпараттық технологиялар дәуірі деп атайды. Қазіргі ғалым немесе кез келген маман қандай да бір мәселені шешу үшін, ол ақпаратты дұрыс өңдей білуі керек: іздеуді, таңдауды, талдауды және оны қолдануды білу керек. Сондықтан ол ақпараттану білімінсіз бұл мәселені шеше алмайды. ЭЕМ – ді қолдануды, бұл өңдеудің белгілі- бір бөлігін,адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін және жылдамдғы адамның жылдамдығынан бірнеше миллион есе көп, автоматты құрылғыларға аударуға болады.

ЭЕМ – дер адам қызметінің барлық салаларына еніп жатыр, сондықтан онымен жұмыс істеуге ұмтылған адамдар үзіліссіз артуда. Есептеу машиналарын көпшіліктің жаппай пайдалануында түрлі программалау тілдерінің алатын орнының мағынасы үлкен. ЭЕМ – мен қатынас тілі түсінікті және қарапайым болған сайын, адам мен ЭЕМ – нің өзара байланысы тиімді болады. Программалау дағдыларын бала кезінен қалыптастыруға болатын, миллиондаған қолданушыға түсінікті болатын тілдері ерекше қызығушылық танытты.

Қорыта айтар болсақ, кафедра жұмысын жеңілдету үшін автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдаланған өте дұрыс. Автоматтандыру іске аспаған жерде бұндай іздестіру әрекеттері көп уақыт алады және алынған ақпараттың дәлдігіне де сенімсіз қарауға тура келеді.

Осы курстық жұмыстың тапсырмасы-қандай да бір мұғалім жайлы мәліметті тез арада алу керек болатын. Мұндай сараптауға арналған автоматтандырылған программаны көбінде жоғарғы оқу орындарында пайдаланылады. Себебі өте күрделі ақпараттарды топтастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мәліметтер қорымен,онымен қалай жұмыс жасау керектігін үйрену болатын.

                           

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Уэйт М., Прата С., Мартин Д. Язык СИ. Москва: «Мир», 1998 .
  2. С.В.Федотова. Москва: “ Создание Windows – приложений в среде Delphi ”,2004./201-203 беттер/.
  3. Фаронов В.В. Москва, изд.” Нолидж ”: “ Работа в среде Delphi ”,2000.
  4. Архангельский А.Я. “ Программирование на Delphi — 7 ”-Москва: Бином, 2004./324-328 беттер/.
  5. Гофман В.Э, Хоманенко А.Д. “ Delphi — 6 ”-СПБ:БХВ.2001. /95-103 беттер/.
  6. Иванова Т.С, Ничушкина Т.Н, Пугачев Е.К. “ Объектно – ориентирование программирование ”- Москва: изд.МГТУ   Им.Н.Э.Баумана, 2003.
  1. Фаронов В.В. “Delphi — 6” Учебный курс – СПБ. Питер,2002

ПІКІР ҚАЛДЫРУ