ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінде педагогтық тәжірибемен алмасу өтті

0
598
Иллюстрация: Freepik.com

Білім беру саласындағы бәсекелестік күн сайын заман талабына сай артып келеді. Соған сәйкес кәсіби өсуін жалғастырғысы келетін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын оқытушылар саны көбейіп жатыр. 

Біліктілікті арттыру — кәсіптік білім мен дағдыларды өзектендіру, оларды мамандандырылған курстарда немесе жұмыс орнында тәжірибелі, жоғары кәсіби әріптестерінің басшылығымен оқу барысында жетілдіру.

Біліктілік, біржағынан, оқытушының қарапайым педагогикалық іс-әрекеттерін, екінші жағынан, оның интеллектуалды даму деңгейін жүзеге асыруының мүмкіндіктерін сипаттайды. Еліміздегі білім беру жүйесін модернизациялау процесі, әрине, мамандардың біліктілігін арттырудан көрінеді.

Бүгінгі таңда оқытушы жаңа технологиялардың, әртүрлі өзгерістердің, қиындықтардың бәріне дайын білім беруші өкіл, тәлімгер ғана емес, сонымен қатар зерттеуші, жаңашыл маман ретінде әрекет етеді.Бір пәннен сабақ берсе де әр дәрісінде оқытудың жаңа принциптері мен әдістерін ашады, жаңалықтармен ұштастырады, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолданады.

Осыған сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ақпараттық технологиялар» факультетініңжас педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Жас оқытушылар мектебінің» дәстүрлі жыл сайын өткізілетін кезекті семинары 2021 жылдың 20-22 қаңтар күндері өз мәресіне жетті.

Оқытушылардың өзіндік дамуына және тәжірибе жинақтауға деген ұмтылысын қолдау мақсатында және осы тәжірибені қысқы студенттер демалысын пайдала отырып, кең ауқымды әріптестер шеңберінде өткізу мүмкіндігін жібермей осы жылы да қызу белсенділікпен өткізді.

Бұл әсіресе жаңа білім беру стандарттарына көшу жағдайында өте маңызды баламалы оқу бағдарламаларын жедел дамыту жағдайында өте тиімді болды. Семинарда «Ақпараттық технологиялар» факультетінің біліміне біліктілігі сай оқытушылар баяндама жасады. Семинарда «Ақпараттық технологиялар» факультетінің әдістемелік кеңесінің төрайымы Ф.Р.Гусманованың бастауымен және факультеттің әдістемелік кеңесінің мүшелерінің қолдауымен А.Р. Турганбаева, М.Е. Мансурова, Б.С. Баймулдина, А.А. Бедельбаев, М. Бисалиев, Н. Керімбаев, Ш.А. Джомартова, Е. Бейбітхан, М.А. Жомартов, М.А. Жомартов, С. Жүнүсбаева баяндама жасады.

Баяндамашылардың кейбірі қазіргі заманғы практикалық білімді жеткізуді көздесе, екінші жағынан оқытушының интеллектуалдық әлеуетін жан-жақты арттыру бойынша тұрақты жұмыс қажет екенін түсіндіруді көздеді.

Біліктілікті арттыру семинарында мақсат оқытушылардың өз тәжірибелерін сыни тұрғыдан түсіну дағдыларын қалыптастыру, кәсіби іс-әрекеттерін талдау және жетілдіру, оқытудағы жаңа тәсілдерді, жаңа технологияларды меңгеру және кәсіби қызметке белсенді қатысуға

бағыттауболды. Оқытушылардың көпшілігі өз әріптестерінен, жаңашыл ұстаздардың тәрбиесімен бөлінуін, олардан үйренуді жөн көреді.

Үш күндік семинар нәтижесінде, қатысқан әр оқытушы белсенділік танытып, қисынды да қиын сұрақтарына жауап алып, тіпті кей жерінде қызу талқыға түскен, кейіннен бір жауапқа келген оқытушылар құнды тәжірибенің, тиімді әдістердің, педагогикалық техниканың тәжірибесін меңгергені сөзсіз. Әр жылғы өткізілген семинар тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оқытушының жетістігі — олардың құзыреттілігін үнемі жақсарту.

www.kaznu.kz

 Тюлепбердинова Г.А.,
Гусманова Ф.Р.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ