ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 

0
5074
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 

Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде ос екі ұғымның мән-мағынасы  бір-бірімен  жиі  қабысып  ұштас келеді. Демографиялық  процестерге обьективтік  түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның  бүгінгі  этногрфиялық  келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған  этникалық астары тым мол болды.

Егеменді  ел  болып, іргемізді  бүіндеп  отырған  кезде  ұзақ жылдар бойы отаршылдық  тұзағына түскен  ұлттық  санамыз  қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір  жарқын көрінісі  ұлттық  демографиялық  мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі  өзгерістерден  айқын байқалады.

Халықтың  демографиялық  санасы  көп  қатпарлы, ол ұлттық  санамыздың бастау алар мәйегі  және оны  өсіре  алатын  басты  дәнекері.

Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда  орналасқанын  байқаймыз.   Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді  Европалық  және  Евразиялық  мемлекет  деп  есептеуге  болады.

Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар,  күңгірт  көріністер  туындайын болса   оның өзінен саны басым халықтармен  іргелес  жатуы  қосымша  қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам  милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек.  «Қара  қытай қаптаса – ақыр заман болады» деп  бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше  ескерткен. Солтүстігімізде  Қазақстан 15 еседен артық  «ормандай көп орыс»  жайғасқан.  «Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын»  деп бұдан 300 жыл бұрын  айтқан екен отаршылдық өктемдіктен  әбден  мезі  болған  момын  қазақ  бабамыз.

Республикамызда славян халықтарымен қатар  түркі  тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай  дәрежеде  қоныстанған.  Олардан  араласудан  тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері,  нәсілі де,  тілі де,  мәдениеті де  бөтен келімсіктерді арамыздан  жылдам ығыстырып  шығаруға  себін  тигізе  алады. Жақын  арада  3-4 есеге  дейін  өсім бере  алатын шығыс  халықтарының саны  республикада  1,5 млн. адам.

Туған  отанымыз  Қазақстанның  бүкіл  Евразия  құрлығындағы  нағыз  демократиялық  өркениетті,  жан-жақты дамыған,  жетілген  елге айналары  анық.

Қазақ халқы санының әр түрлі  тарихи  кезеңдердегі  өсіп  кеміген  күрделі динамикасы.            

жылдар Жалпы саны Орташа жылдық кемуі (-), өсуі (+), қарқыны (%-есептегенде)

1465ж.

1723ж.

1725ж.

1845ж.

1900ж.

1916ж.

1921ж.

1931ж.

1933ж.

1941ж.

1945ж.

1950ж.

1960ж.

1970ж.

1980ж.

1990ж.

2000ж.

2015ж.

2040ж.

2090ж.

2165ж.

2300ж.

2500ж.

1млн. 100 мың

3 млн. 330мың

2 млн. 222мың

3 млн. 600мың

5 млн. 000мың

5 млн. 650мың

4 млн. 800мың

5 млн. 450мың

3 млн. 400мың

3 млн. 750мың

3 млн. 150мың

3 млн. 460мың

4 млн. 470мың

6 млн. 280мың

7 млн. 990мың

10 млн.000мың

12 млн.300мың

15 млн.000мың

18 млн.500мың

23 млн.000мың

26 млн.500мың

30 млн.000мың

33 млн.000мың

+0,8 %

-16,8 %

+0,5 %

+0,7 %

+0,8 %

-3,0 %

+1,3 %

-12,5 %

+1,3 %

-4,0 %

+2,0 %

+3,0 %

+4,0 %

+2,7 %

+2,5 %

+2,3 %

+1,5 %

+0,9 %

+0,5 %

+0,2 %

+0,10 %

+0,05 %

 

Бұл  кезеңде қазақ  халқының  алғашқы ұлттық  мемлекеттегі қазақ хандығы  құрылып,  орнықты  Алаш  ұлысы  қазақ  ұлты  болып  қайта  қалыптаса  бастады. Ұлттық  ынтымақтықтың  нәтижесінде  сол  тарихи  кезеңде  қазақтар  саны  жағынан  тез өсіп,  өзінің  ата-мекенін  толық  игеріп  үлгерді.  Ортақ  ұлттық  тіршілігіміз – халықтық  демографиялық өмірбаянымыздың  жемісті де  жеңісті  өсу  қарқыны  басталды. 

Алда  тосып  тұрған  жауапкершілік  пен отаршылдық  сияқты  әртүрлі  тарихи  қиыншылықтар мен сан  қилы  әлеуметтік  апаттарға  қарамай,  осы  өткен 525 жылдың  ішінде  біздің  санамыз  10  есеге  жуық өсе  алған.  Біздің жыл  санауымызға  дейін,  яғни  осыдан  2000 жыл  бұрын  қазақ  халқының  құрамына  енген  түркі  тілдес  ру-тайпалар  саны  200 мың адамға  жеткен. Қазақ  халқы  сәтті  өсіп  келе  жатқан  кезінде  алғаш рет  қатты жауапкершілікке ұшырар  «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  жылдарына  тап  болды.  Осы  екі  жылдың  қияметті  кезең  халқымыздың  тірнектеп  258 жыл бойы  жинаған санының  жартысын  жоқ  етіп,  оны  демографиялық  деңгейі  жағынан  128 жылғатөмен  түсіріп  тастады.

1725  жылдан бастап  191 жылға  созылған  (1916ж.) екінші  сәтті демографиялық  қайта  өсу  кезеңіміз  басталды. Осы  кезеңде,  яғни 1916 жылға  дейін  қазақтың  саны  2,5 еседен  астам   қайтадан  өсті. Ақтабан  шұбырындының  шығыны  100  жылда  әрең  тоқтады.

1916 жылдың  ортасынан  бастап  қазақ  үшін  баяу  болса да, бірқалыпты  демографиялық  даму  үрдісі  аяқталып,  жаңаша  «отыз жыл  (1916-1945ж.) ойран» басталды. Дәл осы  жылы  қазақ  халқы  сан  жағынан  өзінің  ең  биік  тарихи шыңына  көтеріліп  үлгерді.

(1931-1933ж.) ашаршылық  және  Ұлы Отан соғысы, жалпы  алғанда  барлығы  13  жылға  созылған  қасіретті  демографиялық  апаттар халқымыздың  санын  3,5  млн. олқыландырып  кетті. 1916 жылдың  деңгейіне қазақтар  50 жылдан соң, тек  1966жылы  ғана  көтеріле  алды.

1946-1960 жылдар  аралығында  халқымыздың  өсу  қарқыны  1,5-2,0  %-тен  4 %-ке дейін  үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға  дейін  бір  деңгейде  сақталып  қалды.

 «Демографиялық  қайта  жаңғыру» деген  1970-2000 жылдардағы  отыз  жылдық  кезең бізге  несімен  құнды? 1990 жылдың  ортасында  әлемдегі  барша қазақтың  қасиетті жеті  нөлі  бар 10.000.000 млн. адамға  жетті.

2000 жылы  яғни  ХХІ ғасырда  туған  халқымыз едәуір  есейіп,  салмақты санға  ие  бола  алды.  Алдын ала  жасалған  жорамалдарға  қарасақ  2025 жылы  халқымыздың саны  15.000.000 млн. адамға  жеткен.  Осы  жылдары  Қазақстандағы  халық санының  3/2 қазақтардың  өздері құрайтын  болады  деп  жорамалданған.

Халқымыздың  саны  2000 жылы  15.000.000 млн.  адамға  жетті,  ал  енді 1-ші  кестеде көргендей, халқымыздың  саны  осындай қарқынмен  көбейсе  2030 жылы  20.000.000 млн.  жетеміз  деген  үміт бар.

Бірақ еліміздің  президенті  Н. Назарбаевтың  жоспары  бойынша  2015  жылы  халық  саны 20 млн. болуы  қажет.  Сондықтан  халықтың  санының  азайып кетпей, одан әрі  көбеюіне  барлығымыз бірдей  атсалысайық.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтану. Алматы. 2003
  2. Қазақстан және оның аймақтары.  №3 – 2000 жыл.  Алматы. 2000.
  3. Қазақстан және оның аймақтары.  № 5 – 2000 жыл.  Алматы. 2000.
  4. Қазақстан өңірлері  бойынша халықтың  экономикалық  белсенділігі. 1995-2004. Алматы. 2005
  5. Қазақ қайтсе көбейеді?  Алматы.  2006

ПІКІР ҚАЛДЫРУ