«Қазақстан кең байтақ елім»

0
6731

II – кіші тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Музыка

Топтама: «Қазақстан»

Апта тақырыбы: «Менің Қазақстаным!»

Тақырыбы: «Қазақстан кең байтақ елім»

БМ: Қазақстан кең байтақ елі және Отан туралы түсінік беру.

ДМ: Әнді тыңдап, сезіне білуге, әнді мәнерлеп айтуға және ой – қиялын, қимыл қозғалысын дамыту.

ТМ: Қазақстан кең байтақ еліне, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвистік компонент: Отан – Родина.

Көрнекілігі мен құралдары: Қазақстанның кең байтақ жерінің суреттері, слайдттар, бейне таспалар, жалаушалар, үлестірмелі карточкалар, композитор, сырнай аспабы,т.б.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті Балалардың іс — әрекеті

Ынталандыру,

сезімді ояту

Мотивациялық –

қозғаушылық

«Менің сүйікті Отаным»

жылулық шеңбер

Тәрбиеші: Балалар, қане жылулық шеңберіне тұрайық. Амандасу рәсімін жасайық.

Енді балалар бүгінгі оқу қызыметімізді жақсы сөздерді айтудан бастайық.

Тәрбиеші: Балалар, бүінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызыметімізге сиқырлы ертегілер әлемінен, қонаққа Ер Төстік келіпті, қане қарсы алайық,

амандасайық.

(Интерактивті тақтадан Ер Төстік көрініп сөйлейді)

Балалар шеңбер бойына жиналады.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Мен балабақшамды, тобымды, достарымды жақсы көремін! Мен туған жерімді сүйемін! Мен елімді сүйемін! Менің елім бақытты!

Балалар таң қалады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, тәрбиеші апайлар! Құрметті балалар, біз бүгін сендермен «Қазақстан кең байтақ елім» туралы әңгімелейтін боламыз. Қазақстан елі, егемендік алғаннан бері санамыз қайта жаңара бастады. Жаңғырған елдің болашағы мына отырған сендерсіңдер, Қазақстан кең байтақ ел, сол елді қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер.

Құрметті балалар бүгінгі оқу қызыметтімізді мына суретте тұрған ақын ағаларың Жұмекен Нажмеденов және еліміздің елбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өлеңіне жазылған, композитор Шәмші Қалдаяқовтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын тыңдаудан бастайық.

1.Ән тыңдау:

«Менің Қазақстаным» Ш.Қалдаяқов.

Ер Төстік: Ой жарайсыңдар, еліміздің нағыз азаматтары мен азаматшалары. Бақытты болыңдар!

Балалар, мен сендерге құр қол келгенім жоқ, төмендегі мына қорапшада бірнеше тапсырмалар бар, сол тапсырманы орындау үшін сендердің көмектерің керек.

Тәрбиеші: Қане, балалар, Ер Төстікке көмектесеміз бе?
(Қорапшаның ішінен бірнеше сұрақтар мен тапсырмалар шығады)

Балалар бұл тапсырма тәрбиеші апайға арналған тапсырма екен. Оқиын :

Балаларға «Отан туралы»,

«Қазақстан кең байтақ ел» туралы әңгімелеп беріңіздер, – деген екен.

Тәрбиеші: Мына экранға назар аударайықшы Жандос деген бала және оның достары «Отан туралы» айтамыздеп біздің бүгінгі оқу қызыметімізге келіп отыр, тыңдалық.

(Жандос және оның достары)

(видео)

Тәрбиеші: Міне балалар, көрдіңіздерме біздің Отанымыз – Қазақстан деп аталады екен.

Енді Қазақстан кең байтақ ел туралы видео слайдқа назар аударайық.

(Бұл біздің кең байтақ – Қазақстан) (видео)

Тәрбиеші: Қазақстанның жері бай, үлкен, әдемі. Қазақстанның жерінде, жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер,үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер, т.б. бар.

Бас қаламыз Елордамыз Астана қаласы бас көтерді.

Ал, балалар, Қазақстан Республикасы қазірге кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. (Тәрбиеші, слайдпен әңгімелейді)

Келесі тапсырмамыз балалар, сендерге арналған сұрақтар екен. Оқиын сендер жауап беруге тырысыңдар жарайма.

Сұрақ:
Балалар, сендер қайда тұрасыңдар?
Сұрақ:

Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Сұрақ:

Елбасымыз кім?
Сұрақ:

Біз қандай тілде сөйлейміз?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұл сұраққа жақсы жауап бердіңдер.

Енді келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

Бұл тапсырманың сұрағы мынадай:

Қазақстан кең байтақ еліміздің бақытты балалары би билеп, ән айталама екен?

Тәрбиеші: Балалар біз әнде айталамыз, биді де билей аламыз. Өткен оқу қызыметімізде жаттаған әнімізді қайталап айтайықшы.

2.Ән айту: «Біз өмірдің гүліміз» Б.Ғизатов.

Тәрбиеші: Балалар Б.Ғизатовтың

«Біз өмірдің гүліміз» әнін жақсы айтыңдар.

Енді мына жалушалармен әуен ырғағына сай түрлі қимылдар салып би билейік.

3.Ырғақты қимыл: «Жалауша»

Тәрбиеші:

Балалар мынаны қараңдаршы Ер Төстік бізге Қазақстан елі мына күндей күннен – күнге жарқырай берсін және бұлтты жаңбырдың тамшысымен жері көгере берсін деп – бізге беріп отыр. Осы күн мен жаңбырды пайдаланып, «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнайық.

4. Дидактикалық ойын:«Күн мен жаңбыр»
Ойынның шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады. Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап, әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Тамаша!

(Интерактивті тақтадан Ер Төстік көрініп сөйлейді)

Балалар Ер Төстіктің айтқан әңгімелерін мұқият тыңдайды.

Әнұранның авторларымен танысады.

Әнұранды тыңдап, мәнерлеп айтуға тырысады.

Балалар Ер Төстіктің мақтағанына қуанады.

Балалар қорапшаға қызығушылықпен қарайды.

Көмектесеміз

Балалар бейне таспаны қызықтап тамашалап көреді.

Атырау қаласында.

Қазақстан деп аталады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақ тілінде сөйлейміз.

Кең байтақ Қазақстан туралы мағұлматтар алады.

Атырау қаласында

Әнді де айтамыз, биді де билейміз.

Балалар әнді мәнерлеп айтуға тырысады.

Биді жалаушалармен ырғаққа сай билейді.

Дидактикалық ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар музыканың әртүрлі сипатын ажыратып

(көңілді, ойнақы, сабырлы, мұңды) карточкаларды көрсетеді.

Жинақтау,

қорытынды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші: Ер Төстік біздің балалардың білімі қалай?
Ер Төстік: Рахмет, балалар! Сендер тәртіпті, білімді екенсіңдер! Менің жол жүретін уақытым болды, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Балалар, сендер еліміздің болашағысыңдар! Тәртіпті, ақылды болыңдар! Осымен үйымдастырылған ашық оқу қызыметіміз аяқталды.Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

1. Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
2. Елбасымыз кім?

3. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

4. Бүгінгі оқу қызыметімізге бізге кім келді?

Жақсы жауап берген балаларды бағалау. Қоштасу.

Балалар қызықтап қарайды.

Балалар Ер Төстікпен қоштасады.

Қазақстан!

Н.Ә.Назарбаев

Қазақ тілі

Ер Төстік келді

Балалар топтарын қуанышпен оралады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы екенін білді.

Игереді: Әнді тыңдап, сезіне білуді, әнді мәнерлеп айтуды игерді.

Меңгереді: Қазақстан кең байтақ елі екенін, Отанға сүйіспеншілікпенен қарау керектігін меңгерді.

 

Бопылдықова.А.Т.

КМҚК «Шағала» балабақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ