Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні

0
2252
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң “Қазақстан-2030” халқымызға арналған  жолдауында  елiмiздiң экономикалық болашағына айрықша назар аударған.

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе………………………………………………………………. 3

  1. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні

1.1 Мүлiк салығы……………………………………………………………4

1.2 Жер салығы……………………………………………………………..7

1.3 Көлiк құралдары салығы………………………………………….9

Қорытынды………………………………………………………… 45

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………….. 46

Кiрiспе

Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң “Қазақстан-2030” халқымызға арналған  жолдауында  елiмiздiң экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкiндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының “Қазақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай “Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек.

Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады.

Мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi кiрiс көзiнiң көп бөлiгiн қамтитын салықтардың бiрi меншiкке салынатын салықтар        болып табылады. Қазақстан Республикасындағы меншiкке салынатын салық бюджетке түсу сомасы бойынша да маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, меншiк салығы ең кең тараған салық тұрiнiң бiрi. Ол жеке және заңды тұлғалараға қатысты болып табылады. Кез-келген жеке және заңды тұлға мiндеттi тұрде салық төлеуi қажет. Салықтан тек жеңiлдiк берген кезде ғана босатылады.

Сонымен қатар, меншiкке салынатын салық ең кең тараған және айтарлықтай салық салу тұрiмен қатар, салық салу механизмi ең күрделi және ең қиын тұрi. Ал бұл салық салудың моделiнiң күрделiгiне байланысты ғана  анықталмай, осы салық реттелiп отыратын заңдылықтың дұрыс орындалмауына да байланысты анықталады. Яғни, бұл заңдылықтың қиындығын және қолдану мүмкiндiгiн салық төлеушiлер ғана емес, салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы бейхабар болуына байланысты, өз мүдделерiн қорғауларына мүмкiндiк болмайды.

Меншiкке салынатын салықтың кең таралуына және салық төлеушiмен мемлекет бюджетiне жалпы әсерiнiң айтарлықтай дәрежеде болуына байланысты, ол туралы заңдылықты бiлудiң қажеттiлiгi өте зор болып отыр, яғни бұл заңдылықты салық төлеуге мiндеттi салық төлеушiлер мен салық жинауға мiндеттi салық қызметi органының қызметкерлерi ғана емес, салықтың қатынасқа қатысатын кез-келген субьектi бiлуi қажет.

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні

   1.1 Мүлiк салығы

Жалпы  салықтардың  iшiнде  мүлiк  салығының  алатын  орны  ерекше.  Мүлiк  салығы  толығымен  дерлiк  жергiлiктi  бюджетке  барып  түседi.  Мүлiк  салығы  нақтылай  тiкелей  салықтардың  қатарына  жатады.  Мүлiк  салығының  сомасы  салық  төлеушiнiң  табыс  көлемiне  қарай  емес,  мүлкiнiң  қарқына  қарай  анықталады.

Дамыған мемлекеттерде  капиталға және  меншiкке салық салу  келесi салық топтары арқылы  жүзеге асырылады:  жеке әлауқат салығы, мұрагерлiкке және сыйға  салық салынатын, капитал өсiмiн салық, мүлiктiк  нақтылай түрлерiне  салынатын салық (жерге, құрылысқа).

Жеке әл-ауқат салығына – мүлiкке ие  болуына  байланысты туындайтын  жеке тұлғалардың  мүлкi табылады. Мүлiктiң бағасы  нарық құны бойынша  туындайды.  Потенттер, аннуитеттер, салықтандыру полюстары (өнiмдердi  сақтандыру  бойынша ғана), либель және  басқа да  үй жиїаздары, өнер туындылары, жеке коллекциялардың белгiлi бiр түрлерi, автомобильдер және басқа  да салынатын бiтпеген жер  учаскелерi, егер оларға арнайы  салықтар салынатын болса, онда  олар салық салудан босатылады. /8/

Бiрлiк сатвка бойынша Бельгияда (1%), Данияда (2,2%), Германияда (0,5% жеке тұлғалар үшін, 0,6- корпорациялар үшін), Исландияда,  Люкембургте жеке әл-ауқат салығы салынады.  Прогрессивтi салық салу  Финляндияда, Норвегияда, Испанияда, Щвецияда  және Щвецарияда  әрекет етедi. Ал басқа дамыған мемлекеттерде салықтың бұл тұрi  әрекет етпейдi немесе  әкiмшiлiк территориялық  бiрлiк денгейiнде  жүзеге асырылады.  Айтарлықтай  жоғары сомма  және салық  салу кезiндегi  жеңiлдiктер бұл  салықтық ерекшелiктерi  болып табылады.

Мұрагерлiктен салық – бұл мұраға алу құқығы  бойынша  жаңа иегерге өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын және жылжымайтын). Сыйға салынатын салық –бұл меншiк иесiнен  екiншiсiне  сый тұрiнде  өтетiн мүлiкке салынатын  салық (жылжитын немесе жылжымайтын).

Көптеген елдерде салықтың бұл түрлерi  жеке –жеке  әрекет етедi, ал кейбiр мемлекеттерде мұрагерлiкке және  сыйға салынатын салық  бiр салық ретiнде  қарастырылған.  Бiрақ, бiрiншi жағдайда  салықтар ереже бойынша  жалпы нормалармен  реттеледi және салық ставкалары мен  салық салынатын соманы анықтау тәртiбi бiрдей.

Барлық  дамыған мемлекеттерде   мұрагерлiк және  сыйға салынатын  салық орталық (федералды)  денгейде  жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттерде  мұрагерлiкке және  сыйға салық салу  ставкалары күрделi  прогрессия бойынша қалыптасады.  Мұрагерлер мен сый алушылар  туыстық денгейiне  байланысты топтарға   бөлiнедi (I-тiкелей мұрагер,   II-ерлi-зайыптылар,   III- ағалары мен қарындастары, iнi, әпкелерi, IV-алыс туысқандары және тағы да басқа). °рбiр топқа салық ставкаларының  жүйесi белгiленген. Салықтық класқа  салық салу сомасы  көлемi де тәуелдi.

Жылжымайтын мүлiктердiң жекелеген түрлерiне  салықтар әрқалай болып келедi. Барлық мемлекеттерде бұл салықтар жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару органдарының  қызметкерлерiнiң қатарына жатады. /9/

Құрылыстарға салынатын жер салығы. Мемлекет территориясында  барлық құрылыстарға  жер салығы салынады (жер салығын төлеуден босатылғандардан басқа). Құрылыстың фундаментi  ғимараттың өзi қандай  материалдардан салынғанына  байланыссыз, цементтен, кiрпiштен және бетоннан салынуы тиiс. ±имараттардың негiзгi түрлерiне келесiлердi жатқызуға болады: адамдар үшін  ғимараттар  мен баспаналар, жабдықтар мен запастар (шеберханалар, ангарлар, кез келген тұрдегi  өндiрiстiк құрылғылар және тағы басқа); қоймалар (сүрленген шөптi сақтау орындары,  резервуарлар); қатты және мықты жабыдқталған құбырлар; архитектура және өнер туындылары (көпiрлер, жағалаулар, тоннельдер, виадуктер және тағы  да басқалар); өндiрiстiк  мақсаттағы жарнама  үшін орындар.

Қоғамдық ұжымдық меншiктегi  құрылымдарға салық салынбайды. Оларға мемлекет меншiгiндегi ғимараттар мен  құрылымдар, территориялық   ұйымдар, ұжымдық бiрлестiктер жатады. Сондай-ақ қоғамдық меншiкте  яғни ұжымдық мақсаттарға  пайдалануы керек және меншiк иесiне  табыс әкелмеуi тиiс.

Ұйымның ұжымдық меншiгiндегi  құрылымдар үшін  нақтылай жеңiлдiктер бекiтiлген. Ұйымның қоғамдық меншiгiне   ғимараттарды коммерциялық  емес және  өндiрiстiк емес жағдайларда пайдаланылған  жағдайларда салықтың  толық ставкасында  жеңiлдiктер берiледi. /10/

Салықтан  тез арада  босатуға  жататындар: бiрiншiден, құрылыс салынған жылдан кейiнгi  келесi жылдың  1 қаңтарына  дейiн барлық  құрлыстар; екiншiден, жергiлiктi үкiмет органдарының шешiмi бойынша  тұрғын үй, өндiрiстiк, өнеркәсiп және  коммерциялық қызмет  мақсатында пайдаланылатын құрылыстар 2 жылға дейiнгi  мерзiмге; үшіншiден қолөнер  қызметiмен айналысу  үшін құрылыстар; төртiншiден, 1983 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1988  жылдың  31 желтоқсаны  аралығында  құрылған жергiлiктi  кәсiпорындар 1973 жылдың  1 қаңтарнан кейiн салынған ғимараттарға 15 жылға жеңiлдiк берiлуi мүмкiн. Егер бұл –тұрғын үйлер  болса және муниципалды  меншiкте, яғни төменгi  бағадағы пәтерлер сондай-ақ құрылысының 50 %-тi мемлекеттiк дотациямен жабылса. Егер бұл құрылыстың 50 %-тен жоғарғы бөлiгi мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылса, ол келешекте тұрғын үй мақсатында пайдаланып және жеке меншiкке  өтетiн болса, онда салық төлеушi салықты төлеу мерзiмiнен он жылға дейiн босатылады.

Өндiрiстiк мақсаттағы құрылыстар тұрғын үй құрылыстарының ажырамас бөлiгi болып табылатын болса (пәтердегi немесе үйдегi бөлме және тағы да басқа) салық салуға жатады. Жеке және өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылатын құрылыстарға (мысалы, дәрiгердiң жеке тәжiрибелiк қабылдау бөлмесi және пәтер холлы) тұрғын үй салығы немесе кәсiпшiлiк  салынады. /11/

Салық салу ставкасы құрылыстың заңды иесi немесе жалға алушы заңды және жеке тұлғаларға байлансты бекiтiледi. Берiлген тұлғаның құрылысты өзiне ыңғайлы кез-келген уақытта және өз мақсаттарына пайдалануы  салық  салу негiзi болып табылады.

Салық салудан келесi құрылыстар босатылады:

  • әлеуметтiк мақсатта пайдаланылатын және меншiк иесi кәсiпшiлiк салық төлейтiн құрылыстар (яғни, өндiрiстiк, қол өнерлiк және коммерциялық құрылыстар);
  • мектеп оқушылары, лицей, коледж және пансионаттардың оқушлары үшін белгiленген, сондай –ақ оқу өткiзу үшін белгiленген құрылыстар;
  • мемлекеттiк және қоғамдық  ұйымдар мекемелерi (соттар, мунициналиметтер және тағы да басқа).

Салықтың бұл тұрiнен ғылым, бiлiм беру саласында әрекет ететiн заңды тұлғалар (медициналық, әлеуметтiк  және тағы да басқа), сонымен қатар шетел дипломатиялық өкiлдiктерi, сауда  және консулдық қызметтер босатылады. Тұрғын үй салығының ставкасы үйдiң құнына сәйкес анықталады және  құрылыс тұрiне қарай тұрақты болып табылады. Тұрғын үй құрылысының бағалануы  ең соңғы рет 1970 жылы жүргiзiлдi, оның негiзiне нақтылай бектiлген құндылық кестесi бойынша нақтылық құндылық табылады. Жыл сайын франк курсымен бағасының өзгеруiне сәйкес бұл құндылықтың қайта есептелуi өткiзiледi. Салық ставкалары келесi  параметрлерден қалыптасады: жанұяның алғашқы екi тұрғынына салық салудың минималды шкаласы  бойынша 15-20  процент салық салынады. Жанұяның басқа да тұрғындарына –минималды бойынша 15 процент және жоғарлатылған бойынша 20-25 процент. Тұрғын үй салығы есептелiнетiн жанұя тұрғындарына: меншiк иесiнiң  туыстары, 70 жастан асқан әйел бiрге тұратын және табыс салығын төлемейтiн мүгедектер,  камiлетке толмаған (18 жасқа дейiн) туған және асырауындағы балалар, сондай-ақ өз бiлiмiн жалғастыратын 25 жасқа дейiнгi балалар. /12/

Тұрғын үй және өндiрiстiк құрылыстардың жiктелуi. Құрлыстар 8 топқа бөлiнедi әрбiр категорияның құны  келсiдей  критерийлер  бойынша анықталады: құрылыстың архитектуралық сипаттамасы (құрылыс жұмыстарының техникалық және әдеби денгейi); құрылыстың ауданын бөлу (жалпы бөлу, қонақтар қабылдау үшін арнайы құрылыс санитарлы гигеналық құрылыстар); жабдықтар (су құбыры, канализация, орталық жылу, лифт, орталық тепшектегi кiлемдiк  төсенiштер), экспертиза  нәтижесi бойынша әрбiр категорияға атау берiлдi; ²өте сәндi², ²сәндi² , ²өте жабдықталған², ²жабдықталған², ²жеткiлiктi жабдықталған², ²кәдiмгi², ²орташа², ²жәй орташа².

Бiрiншi және екiншi категорияларды бiрiктiруге болады, себебi олардың  арасында айырмашылық ²сәндi² сөзiне ²өте² сөзiнiң  қосылуы. Сонымен құрылыстың сапасы келесiдей болуы тиiс (архитектуралық сипаттама): бiрнеше  және жоғарғы  сортта құрылыс материалдары, ғимараттардың сапалығы, ыңғайлы жоспарлау құрылыстың бөлiнуi және белгiленуi көп функциялылығымен ерекшеленуi керек. Мiндеттi тұрде қонақтар қабылдау  бөлмесi, жаңа жабдықтар, лифт және орталық  теппешек кiлемдiк жабдық (және  ²черный ход² әсiресе ескi үйлерде).

²Орташа ² категорияға тоқталып  өтетiн  болсақ, құрылыстың сапасы  үнемдi  сипаттымен ерекшеленедi, яғни арзан материалды пайдалану нәтижесiнде  жабдықтылық  денгейi төмен. Құрылыстың бөлiнуi және саны келесiдей : кiшкентай құрылыстар, сатылық клеткалар, тар, қараңғы, ыңғайсыз подъездер және тағы басқа, қонақты күту бөлмелерi жоқ,  барлық пәтерлерде төрт  бөлмеден аз, су құбыры, канализация, қазiргi  салынған үйлерде лифт (бiрақ ескi үйлерде көбiнесе жоқ).

Өндiрiстiк пайдаланудағы құрылыстар негiзгi 4 категорияға  бөлiнедi: А,В,С,Д. Негiзгi назар, құрылыстың негiзгi элементтерiне, сондай-ақ жабдықтарға (электр жабдықтау, су жылу және тағы да басқаға) бөлiнедi. Элементтердiң  берiлген ерекшелiкерiне  байланысты әрбiр категорияны бөлемiз ²жақсы², ²қанағаттанарлық², ²орташа², ²нашар². А (жақсы) категориясына  сапалы конструкциялық материалдардан салынған, магистральдi электр және  жылумен қамтамасыз етiлген, жабдықталған подъездер мен авто көлiк үшін тұрақтар және  темiр жолдармен қамтамасыз етiлген құрылыстар жатады.  В (қанағаттанарлық) категориясына кәдiмгi  құрылыс материалдарынан салынған құрылыстар жатады. Бұл категориядағы құрлыстар  сыртқы табиғи жағдайлардан әсерiнен жеткiлiктi  көлемде сақтайды. С және Д категориялары уақытша құрлыстар болып табылады және өте арзан құрылыс материалдарынан  салынған. Жылу және электр коммуникациялары толығымен жоқ. Соңғы екi категорияның бiр бiрiнен айырмашылығы ²құрылыстың түрлi денгейiндегi зияндылығына және ахаулардың  санында².

Дамыған шет мемлекеттердегi мүлiкке салынатын салық мөлшерi келесiдей: Бельгияда –24 %, Ұлыбританияда-12%, Германияда-3,1%, Италияда –2,5%, Нидерландыда-3,5%, Америка Құрама Штаттарында –10,3 %, Францияда-4,8%./13/

1.2 Жер салығы

Жер – өндiрiс факторларының бiрi. Жер терминi кең мағынада қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық  затарын қамтиды, яғни жер, су мен орман ресурстары, пайдалы қазбалар байлығы.

Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiгiне қарай мынадай санаттарға:

— ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;

  • елдi мекендер жерлерiне;
  • өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзгеде ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи—мәдени мақсаттағы жерлерге;
  • орман қорының жерлерiне;
  • су қорының жерлерiне;
  • запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады;

Жердiң  белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы  заң актiлер мен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшін мынадай екi топқа бөлiнген:

  • тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi; тұрғын үй
  • қоры,оныңiшiндеолардыңжанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

Жердiң мынадай санаттары бар:

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi:
  • орман қорының жерлерi:
  • су қорының жерлерi;
  • запастағы жерлер салық салуға жатпайды.

Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.  Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.

Жер салығы:меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

  • жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнiң деректерi негiзiнде есептеледi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiмен  жасалған  келiсiм-   шарттарына  сәйкес  жер  қойнауын  пайдаланушылар  бонустың  барлық  тұрiн  төлеушi  болып табылады:

  • қол қойылған  бонус  бiр  жолғы  тiркелген (фиксированный) төлем ретiнде жер қойнауын геологиялық зерделеу мен кейiнгi өндiру құқығы үшін төленедi. Іол қойылған бонус жер қойнауын пайдаланушы мен үкiмет арасындағы екi жақты келiсiм шарт бойынша төленедi. Төлем негiзi екi жақ қол қойған келiсiм-шарт;
  • коммерциялық табу бонусы бiр жолғы тiркелген төлем болып табылады және оны жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм –шартта көрсетiлген аумақтағы коммерциялық табу көзiнде төлейдi.

Коммерциялық табу келiсiм-шартта көрсетiлген аумақта өндiруге тиiмдi бiр немесе бiрнеше кенiштiң табылуын бiлдiредi.

1.3 Көлік құрадары салығы

Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарынан салық төлейді.

Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдарынан түскен салық сомалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тэсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі жэне қуатсы көліктердің салық сомасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығы есептелінеді.

Қазақстан Республикасында көлік салығына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді, яғни түскен салық сомалары жолды жөндеуге жұмсалады және бюджетке түсуіне орай жергілікті салық болып саналады.

Көлік салығын төлеушілер:

  • меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;
  • меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды бас құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар,
  • заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша.

Көлік құралдары салығы бойынша жеңілдіктер. Көлік салығын  есептеу  барысында қарастырылған  салық жеңілдіктеріне тоқталып өтейік:

 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тізбесін белгілейтін ауыл шаруашылығы өнімін мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасымен өндірушілер;

2)   жүк көтерімі 40 тоннадан асатын карьерлік автоаударғыштар;

3) бір автокөлік құралы бойынша:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушалар мен соларға теңестірілген тұлғалар;
  • меншігінде мотоколяскалары мен   автомобильдері   бар мүгедектер;
  • Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» атағын алғандар, III дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталғандар, «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және көп балалы аналар;

4)  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;

5) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы:

— қазақ зағиптар қоғамы;

— Қазақ саңыраулар қоғамы;

— Ақыл-есі мен ене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік үнемдеу;

— олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы;

— ЖЕҚ Орталық комитеті;

— Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз);

6) Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде  50 пайызы мүгедектерден тұратын өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар — есепті кезеңде алынған табыстың кемінде 50 пайызын мүгедектерді әлеуметтік қорғауға нақтылы пайдаланған жағдайда ғана сатылған еді.

  1. Бүгінгі таңда көлік құралдары салығын төлеуден босатылады:

1)  Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілейтін көлік құралдарына  қажеттілік  нормативтері   шегінде   бірыңғай  жер салығын төлеушілер;

2) меншікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде пайдаланылатын  мамандандырылған  ауыл  шаруашылық  техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

3)  мемлекеттік мекемелер;

4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілетін адамдар;
  • меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
  • Кеңес Одағының Батырлары;
  • Социалистік Еңбек Ерлері;
  • «Халық қаһарманы» атағын алғандар;
  • III дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар;
  • «Ардақты ана» атағын алғандар;
  • «Алтыналқа» және «Күмісалқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесінде паи ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тулғалар.

Көлік құралдары салыгы бойынша салық салу объектілері болып уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге жататын окз есепте тұрған көлік құралдары саналады.

Мына төменде аталғандар көлік құралдары салығы боиынша салық салу объектілеріне жатпайды:

1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік самосвалдар;

2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары. 

Қорытынды

Қазiргi   таңда  бюджеттiң  негiзгi  қайнар  көзi –салықтар  болып табылады.   Салықтық  түсiмдердiң  бюджетке  түсуi  әрбiр  жыл,  әрбiр  тоқсан  және  тiптi  әрбiр  ай  сайын  прогрессивтi  тұрде  өзгерiп  отыр.

Кез-келген  мемлекеттiң  салық  жүйесiнiң  айтарлықтай  бөлiгi  жергiлiктi  бюджеттi  қалыптастыратын  меншiк  салықтары,  яғни  көлiк  құралдары  салығы,  жер  салығы ,  мүлiк  салығы. Меншiкке  салынатын  салық  тiкелей  салықтар  қатарына  жатады.  Меншiкке  салынатын  салық ,  салық  салудың  таралған  тұрi  ғана  емес ,  сонымен  қатар  маңызды  тұрi  болып  табылады.  Меншiк  салығының  ставкалары  салықтарды  басқа  түрлерiмен  салыстырғанда  орта  дәрежедегi  салық  болып  табылады.

Іазiргi  таңда,  жалпы  салық  жүйесiн  жетiлдiру  және  соның  iшiнде  кез-келген  мемлекеттiң  салық  жүйесiнiң  негiзiн  құрайтын  меншiк  салығының  түрлерiн  жетiлдiру  бағыттары  маңызды  роль  атқаруда.

Бiрiншiден,  меншiк  салығы  бойынша  салық  салу  механизiмiне  кейбiр  өзгерiстер  мен  толықтырулар  енгiзу  қажеттiлiгi,  оның  iшiнде  меншiк  салығының  өз  қызметiн  жүзеге  асырудағы  басты  мақсаты-бюджетке  неғұрлым  аз  салықты  төлеу  болып  табылады.  Бұл  мақсатқа  өте  оңай  әдiспен  жетуге  бiркелкi  көбейтiлуi  кезiнде  салық  салынатын  сомасы  да  азаяды.  Осыған  байланысты  мынадай  қорытынды  жасауға  болады,  яғни  салық  төлеушiге    меншiк  салықтары   құралдарын  азаита  отырып  меншiк  салығын  азайту  тиiмдi  болғандықтан  меншiк  салығының  әрекет  етушi  механизмi  меншiк  құралдары  емес  шығындардың  өсуiн  ынталандырады.  Тыйым  салу  мен  нұсқау  беру  тәсiлдерi  бұл  арада  жағдайды  өзгерте  алмайды,  сондықтан  неғұрлым  көп  табыс  табу  үшін  салық  төлеушiлердi  шығындарын  азайтуға  ынталандыру  қажет.

Бюджеттiң  қалыптасуы  экононикаға  салық  жинау  арқылы  ықпал  етедi.  Мұнда  бюджеттiң  бүкiл  экономикаға  ықпал  құралы  ретiнде  рөлi  көрiнедi.  Экономиканы  реттеу  орталықтандырылған  қаражат  қорының  көлемiн  белгiлеу,  оны  құру,  пайдалану  формалары  мен  әдiстерiн  реттеу,  бюджеттi  құру  және  орындау  процесiндегi  қаржы  ресурстарын  қайта  бөлiске  салу  жолымен  жүзеге  асырылады.

Нарықты  экономикалық  елдерде  салықтар  мемлекеттiк  және  муниципалдық  табыстарда  басты  роль  атқарады  да  экономиканы  басқарудың  күштi  стимулдық  құрамы  болып  келедi.  °сiресе,  олар  ғылыми — техникалық  прогрестi  жеделдетуге,  анти  инфляциялық  және  құрылымдық  саясатты  жүзеге  асыруда  белсендi  орын  алады.

Сондықтан  салықтарды  төлеушiлер  үшін  қызық  iс  болып  келмегенiмен  өте  қажетi  де  маңызды  iс  болып  отыр.

Бүкiл  елдiң  тәжiрибесiнде  көрсетiп  отырғандай,  бүкiл  өркениеттi  мемлекеттердегi  салықтың  реттеу  несие – қаржылық  реттеумен  бiрiгiп  әрекет  еткенде  ғана  нарықтық  экономиканы  жүргiзудiң  аса  тиiмдi  формасы  болып  табылады.  Ол  нарықтық  қатынастардың  қалыптасуына  әсерiн  тигiзiп,  мемлекеттiк  экономикаға  тигiзетiн  әсерiн  реттеп  отырады.

Пайдаланылған   әдебиеттер  тiзiмi.

  1. Қазақстан  Республкасы Салық кодексi 2003 жыл қаңтар
  2. Карагусова Г. ²Налоги: сущность и практика пользования² -Алматы, ²Іаржы -қаражат², 2000ж
  3. Ермекбаева Б.Ж. ²Жалпы мемлекеттiк салықтар² / Алматы ²Экономика², 1997ж.
  4. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2000ж, 1999ж N1-12
  5. Дуканич Л.В. »Налоги и налогообложение» Ростов-не-Дону Феникс 2003г
  6. Мән берiлер мәселелер- Салық қызметi туралы, ²Іаржы -қаражат² 2000ж. N24-27б.
  7. Аудит и налогооблажение –2000 N1-12
  8. Деловой мир Казахстана –2000г. N3,с 20-22
  9. Юткина ²Налоги и налогооблажения². Москва, Учебник  М,  Инфра-  М  1999 г.
  10. Налоговое законодательство РК. /Изд ²Іаржы-қаражат²-1997г.
  11. А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г.ТОО Баспа.
  12. А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы ²Жетi жарғы² 1998г.
  13. Дербисов  Е.Ж.,  Ержанов  С.Ж.  Налоги  в  Казахстане. Алматы,  ЮКЗЭ,  1999 ж.
  14. Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2000ж.
  15. Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Іаржы-қаражат 1998/8.
  16. Экономика и право Казахстана 2000-6 6 стр. Налоговая  политика.
  17. Бабкина С.  Новая  налоговая  политика ; Финансы  Казакстана  1999-N6.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ