Қазақстан табиғатын қорғау (дүниетану пәнінен ашық сабақ)

0
1573
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Берілген уақыт — 45 минут
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан табиғатын қорғау
Жалпы сабақтың мақсаты Оқушылар Қазақстан табиғатын қорғауға бейімделеді, табиғаттың адам өміріндегі маңызы жайында түсінік қалыптастырады. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктерді ажыратады. Қорықтар мен саябақтармен танысады. Ойлау қабілетін дамытады, сыни ойлана еркін жауап беру дағдылары қалыптасады, ұжымда және шағын топта жұмыс жасауға дағдыланады, бір-бірін тыңдауға, бағалауға үйренеді.
Күтілетін оқу нәтижелері
  • Қазақстан табиғатын қорғау әр адамның міндеті екенін түсінеді;
  • Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктерді ажырата алады;
  • табиғатты қорғауға құрылған қорықтар мен саябақтармен танысады;
  • жұмыс жасау барысында шығармашылық, ізденіс дағдысы, қабілеті артады;
  • ойларын еркін жеткізе біледі;
  • есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды;
  • ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, бағалауды үйренеді.
Түйінді идея Табиғаты ғажайып — Қазақстан
Сабақтың типі Білім және іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау
Сабақты ұйымдастыру түрі Тренинг
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер «Табиғатқа тілек», «Керемет» бағалау, «Мозайка», «Смайлик», «Таң-тамаша», «Сұрақ-жауап» бағалау, «Жас ғалымдар», «Плюс-минус-қызықты» бағалау, «Ну орман», «Лайк» бағалау, «Көңілді күй» ой-сергегі, «Топ жұмысын бағалау кестесі», «Қастеев», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Болашақ», «Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар» кері байланыс
Жұмыс түрлері Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі, яғни дереккөздер Қазақстан картасы, интерактивті тақта, стикер, акварель бояуы, флипчарт
І Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. «Табиғатқа тілек» әдісі арқылы өз тілектерін жеткізу Оқушылар табиғатқа шуағын шашып тұрған күнді бір-біріне беру арқылы табиғатқа деген тілектерін айтып шығады
2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Керемет» әдісі арқылы бір-бірінің тілектерін бағалату Керемет тілектердің орындалуына қол шапалақтау арқылы қошемет білдіреді
3-әрекет. Топпен жұмыс: «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. Мозайка арқылы қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктердің қай қорықта кездесетінін табу арқылы сол қорықтың, саябақтың атымен топқа бөлу Оқушылар өздері құраған жануар, өсімдік, балық, құстың қай қорықта, саябақта екенін табу арқылы топқа бөлініп, сол топтың атымен өз топтарын атайды. «Ақсу-Жабағылы» қорығы, «Алакөл» қорығы, «Сайрам-Өгем» саябағы, «Баянауыл» саябағы топтары
4-әрекет. Жеке жұмыс: «Смайлик» бағалау әдісі бойынша бағалату Оқушылар әр түрлі көңіл-күйді білдіретін смайликтер арқылы сол кездегі өз көңіл-күйлерін бағалайды
5-әрекет. Ұжымдық жұмыс, топтық жұмыс: Бейне көріністен «Таң-тамаша» әдісі арқылы оқушыларға Қазақстан табиғатының алуан түрлі ғажайып жерлерімен таныстыра отырып, осы керемет табиғатқа зиянын келтіретін жағдайларды да кездестіруге болатынын көрсету Оқушылар осындай ғажайып табиғаттың сан алуан жерлерін көріп, осы табиғаттың қоршаған ортаның әсерінен құрып, жойылып бара жатқандығына көздері жетіп, болашақта оған жол бермеу жолдары жайында топта өз ойларымен бөліседі
6-әрекет. Жеке, топтық жұмыс: «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы бағалату Әр топ бір-біріне сұрақ қоя отырып бір-бірінің жауаптарын бағалайды
7-әрекет. Жеке, топтық жұмыс: «Жас ғалымдар» әдісі арқылы оқушыларды ізденіске жетелеу. Өздерінің ізденістерінің нәтижесінде тапқан деректерімен бөлісу Әр топтан әр түрлі деректер мен мағлұматтарды ізденіп тауып келген оқушылар өз ізденістерін ортада жариялайды
8-әрекет. Жеке жұмыс: «Плюс-минус-қызықты» әдісі бойынша бір-бірінің пікірін бағалатуға ұсыныс білдіру
«Плюс» – ұнаған ақпарат туралы айтады. «Минус» – ұнамағанын, түсінбегенін, ақпараттың керек емес екендігі айтылады, «Қызықты» – әуесқой деректерді мақұлдайды, білгісі келіп сұрақтар қояды.
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі:
9-әрекет. Жеке, топтық жұмыс: «Ну орман» әдісі бойынша оқулықпен жұмыс жүргізу. Бұл әдіс арқылы оқушылар мәтіндегі берілген дерек термен танысу Әр топқа берілген мәтіндер бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, оқушылыр өздерін табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері ретінде,заңгер ретінде өз ойларын ортада жариялайды
10-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Лайк» әдісі бойынша оқушылардың ізденістерін бағалату Оқушылар ортада жарияланған жұмыстың өздеріне ұнаған, жүректерінен, көңілдерінен шыққанына «лайк» көтереді
11-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Көңілді күн» ой сергегі арқылы оқушылардың көңілдерін сергіту Интерактивті тақтадағы қимылдарды қайталай отырып, билеу арқылы көңіл-күйлерін көтереді
12-әрекет. Жеке, топтық жұмыс: «Топ жұмысын бағалау кестесі» әдісі бойынша топ басшысына топ мүшелерінің сабақ үрдісі бойы өздерін қаншалықты көрсете алғандарын бағалату Топ басшысы топ мүшелерін критерийлер бойынша бағалайды
ІІІ Ой толғаныс кезеңі:
13-әрекет. Жеке, топтық жұмыс: «Қастеев» әдісі арқылы әр топ әсем табиғатты және Қызыл кітапқа енген жануарлар, өсімдіктер және құстарды бейнелеп постерге түсіру Әр топ өздерінің постерлеріне әсем табиғатты, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстарды, адам әрекетімен табиғатқа зиян келтіретін көріністерді салып, ортада жариялайды
14-әрекет. Жеке, топтық жұмыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы әр топқа бағалату Оқушылар өз тілектері мен ұсыныстарын жазу арқылы бағалайды
15-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Болашақ» әдісі арқылы оқушылар Қазақстан картасын құрып, болашақта табиғатымыздың жасанды емес шынайы болатынына сеніммен қарау Оқушылар тақтаға Қазақстан картасын құрастырады. Сіз, мен, олар барлығымыз жұмылып табиғатымызды қорғасақ, болашақтың табиғаты жасанды емес , шынайы болмақ! Оқушылар «Табиғатым» әнін орындайды
16-әрекет. Жеке жұмыс: Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар әдісі бойынша кері байланыс орнату
  • Сабақ көңіліңізден шықты ма?
  • Сабақта нені біліп, қандай жаңа нәрсе үйрендіңіз?
  • Сабақта сіздің болжамдарыңыз орындалды ма?
  • Сабақ сізге қандай ой тастады?
Мұғалім Искакова Галия Маратовна

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ