«Жеті Жарғының» құрылымы мен мазмұны

0
5676

«Жеті Жарғы» – әделеттік-құқық нормаларына сүйенген заң екеніне ешқандай күмән жоқ. Оның негізі мен түп төркіні туралы талассыз нақты пікір айту өте қиын. Зерттеушілер «Жеті Жарғы» негізін көне тарихтан іздеп, Шыңғыс ханның «Ясасы» заң жүйесімен байланыстырады. Енді осы мәселеге, яғни «Жеті Жарғының» түп – төркініне, таралуына, басталуына тоқталып өтелік.

XVII ғасырдың екінші жартысынан Қазақ хандығы саяси жағдайы бір орталыққа бағалаған мемлекеттің нығаюы үшін нақты іс-әрекеттерінің қажет етті. Осы кезенде Шығыс және Орталық Азия мемлекеттері ислам дінінің «шариғат» заңын қолданып отырған. Қазақ хандығының ерекше әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының дағдарысқа ұшырауы ішкі қоғамдық қатынастарды реттеу зандастырылған трде іс-қимылға итермелерді. Бұл «Жеті Жарғының» қалыптасуының бір себебі, екіншіден, хандықтың сыртқы саясатындағы ойрат шабуылдарының күшеюі мен ондағы қонтайшының мемлекеттегі зандастырылу (Цааджин бичик немесе Дала ережелері) әрикеттерінде қарсы шаралар болды. Үшіншіден, қазақ қоғамындағы XVII ғасырға дейін өзгерістер  енгізген қағидаларының ескергенін жойып, талапқа  сай реттеп заңдастыру қажеттігі еді. Сондықтан да «Жеті Жарғы» заң жоралғысының туындаған кезеңі XVII ғасырдың соңы болуы керек.«Жеті Жарғы» заң жобасының ең көне бір нұсқасы қызылордалық Ералы Саққұлық (1846-1932ж.ж.) шешеннің жазбаларынан табылған. «Жеті жарғының»  бір нұсқасы ҚР Ғылым Академиясының кітапханасындағы қолжазбалар қорында сақталды. Мұнда берілген нұсқалар дәл Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» түп нұсқасы деп айту қателік болар еді. Өйткені, бертін келе оларға өзгеріс енгендігі оның баптарынан анық көрінеді. Құрылымы жағынан жеті мәселені қамтылған.

I — Мемелекет тұтастығы

1-бап. Мемлекет билігіне ірікті салған адам-өлім жазасына кесілді.

2-бап. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды.

3-бап. Дауларды шешу хан немесе билерге жүгінеді.

4-бап. Арнайы тегіс барлық мал-мүлікке таңба белгіленуіне тиіс болады және салық түрлері белгіленеді.

II — Тән тазалығы.

5-бап. Жеті ата ішінде қан алмасмтыру өлімге немесе ағайындар белгіленген жазаға бұйырылды.

III-Дін беріктігі.

6-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл тигізгені дәлелденсе, тас лақтырып өлтіреді.

7-бап. Өзге дінге кіріп, кәпір болған адам мал-мүлкінен айрылады.

8-бап. Өзіне – өзі қол салғандар бөлек жерленеді.

IV- Отбасының бірлігі

9-бап. Егер әйел ерін өлтірсе, ол өлім жазасына кесіледі және ешқандай құн төлеумен ауыстыру мүмкін емес.

10-бап. Егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді.

11-бап. Егер екі қабар әйелді атты кісі қағып кетсе, одан өлі бала түссе 5-айлық бала үшін-5 ат, одан әрі 1 түйе төлейді. (1 түйе-3 ат немесе 10-қой)

12-бап. Әйел зорлау, кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады.

13-бап. Әйелі еріне шөп салса, ері өлтіруге хақылы.

14-бап. Біреудің әйелін алып қашса, өлімге бұйырады.

15-бап. ата-анасына тіл тигізген ұлды мойына құрым байлаған күйінде қара сыйырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айналдырып шығады. Ал қыз болса, аяқ-қолын байлап анасынын билігіне береді. 

16-бап. Ерінің ұрлығын біле тұра хабарласса, әйелі мен баласы жазаға тартылады. Өйткені, үлкен кісінің үстінен мәлім айту әубестік саналады.

V — Қылмыс пен жаза

17-бап. Қанға қан алу, принципі жұмсарылып, яғни біреудің кісі өлтірілсе, оған ердің құны төленеді. (ер адамға 1000 қой,  әйелге 500 қой).

18-бап. Ұрлық,қарақшылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі.

19-бап. Денесі зақым келтірсе, соған сәйкес құн төлейді.(бас бармақ 100 қой,  шынашақ 20 қой)

20-бап. ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмады. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.

21-бап. Ұрлық жасаған адам үшін тоғызымен қайтаруға тиіс.

22-бап. Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

23-бап. Барымтадан қайтадан мал төлімен қайтарылуға тиіс.

24-бап. Сарбаз атын ұрлаған адам өлңм жазасына кесілді.

25-бап. Өлтірген аңшы иті немсе бүркіті  үшін иесінің құл немесе құн біреуді талап етуге құқысы бар.

VI- Адам құқығы және мүлік меншігі

26-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз болып өлген болса, онда оның қожалығы өзінің әкесіне беріледі. Жасы кіші балалар жақын туыстарының қарамағына береді.

27-бап. Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс, әйтпесе айып салады.

28-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген немесе азғындық зорлықпен әйелді итермелесе, сол адам 200 қой төлейді. 

29-бап. Төре мен Қожаның құны қарадан 7 есе артты.

30- бап. Құлдардың иелері олардың өмірлерінің қожайыны болып есептеледі.

VII-Билік тәрбіті

31-бап. Ұлкен дау-дамайды хан шешеді немесе билер, ақсақалдар кеңесі шешеді.

32-бап. Егер жауапкердің билерге күмәні болса, онда оларды өзгерте алады.

33-бап. Куәлікке екі немесе үш адам жүреді.

34-бап. Өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады.

«Жеті Жарғы» мазмұны жағынан, біріншіден, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып құқықтары, Қасым ханның қасқа жолына негізделсе керек. Қасымның тұсындағы (1511-1523) Қазақ хандығы алғаш рет этникалық құрылымы ретінде әлемдік тарих сахнасына танымал болды.

«Жеті Жарғыда» хандықтың әскери-жүйесін сипаттайтын айқындайтын баптар болды. Мәселен, күш-қуаты бар, соғысқа жарайтын әрбір еркеек бес қарусыз жүрсе, оған айып салынады.

Көшпелі өмірде хан, билердің бұйрық, жарлығы, соғыс хабарын тез жеткізу шараларының бірі – әрбір қазақ тұтыны ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды. «Жеті Жарғыға» сәйкес арнайы мал-мүлікке таңба белгіленеді жыне салық түрлері белгіленеді.

Сонымен қатар «Жеті Жарғының»прогресивтік маңызын айта келіп, онда сол қоғамның кейбір жақтары қарастырмайтынды айта кеткен жөн. Мысалы, қылмысты тексеру және сот процестерінің сипаты мүлдем көрсетілмеген. Сот процесінің ашық жұрт алдында жүргізілгендігі ғана көрсетіледі. Қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастарды толығымен көрініс таппаған. Тәуке хан «ережесінің» бағыты қазақ қоғамындағы жоғарғы топтың артықшылығы жағдайларын, оның саяси үстемгіін қорғау, мұсылман дінін қолдау болды. «Жеті Жарғының» қабылдауында үш хандыққа тарағандығын көрсетеді.

«Жеті Жарғыны» талдау арқылы қозғалып отырған тақырып бойынша сол дәуірдегі қоғамдық қатынастардың, шаруашылық жағдайын дәрежесін зерттеуде негізгі дерек көзі екендігін көрсету.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ