Қазақстандағы ең қымбат 3 университет

0
2027

    Назарларыңызға Қазақстандағы оқу ақысы бойынша ең қымбат 3 университеттің тізімін ұсынамын.

  •  Оқу ақысы ең қымбат университеттің алғашқысы – KIMEP (Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты). Бұл институт 1992 жылы Алматы қаласында Елбасының қолдауымен ашылған. Бүгінде 2000-нан астам студент білім алуда. Университетте 158 оқытушы жұмыс жасайды, 62 оқытушының Phd докторлық дәрежесі бар. Олар: АҚШ, Ұлыбритания, Канада,Корея және т.б елдерден арнайы шақыртылған. Бакалавр мамандықтары: «Экономика», «Журналистика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Халықаралық қатынастар», «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит», «Құқық», «Халықаралық құқық», «Екі шет тілі», «Аударма ісі», «Ақпараттық жүйелер»  және когнитивті ғылымдар. Бакалавр дәрежесін алу үшін  146 кредит жабу керек. 1 кредит құны= 80.170 теңге. Яғни 80.170 *146=11.704.820 теңге 4 жылдық оқу ақысы. 4 жылдық оқу ақысын 4-ке бөлсек, 11.704.820:4=2.926.205 теңге. Орташа бағаммен шамалағанда 3 млн теңгені жыл сайын төлеу қажет.
  • КБТУ (Қазақстан-Британ техникалық университеті). Университет 2001 жылы құрылған. 2010 жылғы қорытынды бойынша «Ең үздік техникалық университет» атағын иеленді. Бакалавр мамандықтары: «Мұнай-газ бизнесі», «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Теңіз технологиясы», «Экономика», «Қаржы», «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит». Әрбір мамандықтың оқу ақысы әртүрлі. Бакалавр дәрежесін алу үшін 240 кредит жабу керек. Мысалы, «Математикалық  және компьютерлік модельдеу» мамандығының кредиті шамамен = 24.000 теңге, «Мұнай-газ бизнесі» мамандығының бір кредиті = 33.000 теңге, «Қаржы» немесе «Экономика» деген сияқты мамандықтардың кредиті = 37.000 теңгені құрайды. Демек, «Математикалық және компьютерлік модельдеу»  мамандығын оқу үшін жылына 1.440.000 теңге төлеу керек болса, «Мұнай-газ бизнесі» мамандығы үшін жылына 1.980.000 теңге, «Қаржы» немесе «Экономика» сияқты мамандықтарды меңгеру үшін жылына 2.220.000 теңге төлеу қажет. Жалпы 4 жылға = 8.880.000 теңге.
  • Қазақстандағы ең қымбат университет – Назарбаев Университеті. Гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды оқу үшін жылына  7.467.000 теңге, ал ғылыми бағыттағы мамандықтарда білім алу үшін студент кем дегенде 9.039.000 теңге төлейді. Демек, бір мамандықты 4 жыл оқу үшін  36 млн теңгеден астам қаражатыңыз болуы қажет.

Ескеретін жайт, университеттердің оқу ақысы тұрақты және нақты емес. Жоғарыда аталған университеттерде оқу үшін ағылшын деңгейі  кем дегенде (IELTS 5-6) болуы міндетті!

                                                                                                        САЯНА СЕЙТҚОЖА


ПІКІР ҚАЛДЫРУ