Қазақстандағы ең ұзын көше орналасқан қала!

0
3378

Текелі тіршілігі қайнаған, тұрғындары екі қолға бір күрек тауып, қарекетсіз отырмайтын еңбекқор жандардың қаласы. Мұндағы тұрғындардың әрқайсысы «Текелі менің қалам!» деп мақтанышпен айта алады. Себебі, табиғаты көз тартарлық бұл ғажайып мекен қиын-қыстау заманның қиыншылықтарын еңсеріп, еліміздің қуатты қалаларының қатарында дамып келеді.

Текелі қаласының аумағы 6133 га немесе 61,3 км², Талдықорған қаласынан 39 км қашықтықта оңтүстік-шығысқа қарай және Алматыдан 285 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.  Сонымен қатар, темір жол және автокөлік жолдарымен байланысады. Қала халқының жалпы саны, қаланың әкімшілік-аумақтық бірлігіне енетін Рудничный поселкесін қоса алғанда, 29,3 мың адамды (2012 жылғы 1 шіллеге) қүрайды.

Текелі ауа райы қоңыржай климаттық аймаққа жатады. Агроклиматтық аудан бойынша қоңыржай ылғалды жылы аумақ саналады.

Сондай-ақ, қалада Текелі, Шажа, Қора, Қаратал өзендері ағып өтеді. Шажа өзенінің сол тармағы Текелі өзеніне, Шажа мен Қора Қаратал өзеніне құяды.

Ықылым заманнан жан-жануар, аң мен құсқа жайлы, қойны қазыналы жер адамзат баласының да тіршілік көзі болды деуге негіз бар. 2004 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «Жетісу» энциклопедиясының дерегіне сүйенсек, осы өлкенің кене тарихы туралы былайша сыр шертіледі: » Осыдан 4 мың жыл бұрын, Қазақстанның өзге аймақтары сияқты, ежелгі Жетісу өлкесін егін өсіріп, мал баққан, қос дөңгелекті арба жасап, жортуылмен алыс-жақын елдерге жол салғай ұлыс-тайпалардың мекен еткені белгілі. Олар тек мал, егін шаруашылығымен айналыспай, металл балқытып, күнделікті тұрмыс пен шаруа қамында пайдалануға қолайлы құралдар мен бұйымдар (қол балта, пышақ, әшекейлер, т. б.) жасауды да меңгергенін археологиялық олжалар дәлелдеп отыр. Б з. б. І мың жылдық басындағы табиғи-климаттық жағдайдың өзгеруіне орай ежелгі Жетісу өңірінде де көшпелі және жартылай көшпелі түрмыс салты орныға бастаған. Б.з.б. 8 ғасырдан кейінгі кезеңдерде қазіргі қазақ даласының даңғайыр кеңістігінде парсылар «сақ», қытайлар «сэ», ал гректер «скиф» атандырған елдің даңқы шартарапқа жайылды». Күллі қазақ дүниесіне ортақ осынау тарихи жолда таулы, сулы, нулы Текелінің ізі жоқ дей алмаймыз. Осы мекенде тірлік еткен ежелгі сақтар тау қойнауындағы ен байлықты ғылыми түрғыдан байып тай алмаса да, тұрмысына пайдаланған.

Айта кететін дүние, Текелінің басқа қалардан басты ерекшелігі, қазақ жеріндегі ең ұзын көше дәл осы шаҺарда. Дінмұхамет Қонаев есімімен аталатын бұл көше- 35 шақырым. Ол қаланың кіре берісінен басталып, тау етегіне дейін созылып жатыр.

Табиғаты бай әрі көркемділігімен көз тартады!
Орта Азияда теңдесі жоқ Бұрқан бұлақ 
сарқырамасы



Жетісу бақатісі - Текелі 
төңірегінде ғана өмір сүретін қосмекенді


Қызыл кітапқа енген сепкілгүл - 
Текелі табиғатының көркі


Моноқалаларды дамыту бағдарламасына Алматы облысынан енген бірден-бір қала Текелі. Монақала бағдарламасы- шығын шаһарды өркендетуге ашылған зор мүмкіндік. Бұл келешегіміздің кемел көкжиегі, болашағымыздың байқуатты боларына сенімді кепіл. Оған дәлел, Текелінің күн санап көркейіп, өзгеріп жақандығы.Қала тұрғындары қаланың көркейіп, экономиканы дамыта түсуге тың серпін, айрықша жігермен кірісіп жатыр. Келесі жылы  өзіндік тарихы бар бұл қалаға 70 жыл толғалы отыр.

 

“Текелім құтты мекенім” Алматы: “Золотая книга” редакциясы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ