«Қазақ» терминінің шығу тарихы

0
6769
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уакыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, казақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ.

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазак терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірең-сараңдарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кез-дерде айтылған кезқарастарға негізделген.

Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір белігі тайпа атауына терминологиялықсәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұләдістемеліктәсіл, зерттеушілік практи-каның көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын түжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағы-нан едәуір алыс жерлердентапқаны аз кездеспейді. Бүл орайда олардың этни-калық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипатгағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.

Тарихнамада кабыдданған ұқсастыру женінде мынадай негізгіболжамдар бар. Н.М.Карамзин мен А.Вамберидің   ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдың орта шені) Кавказдың, солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде казақ этнонимі көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде казакхалкы X ғасырдан бастап белгілі болган деген тұжырым жасалады.

«Казахия» деп окудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, кдйта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдын хабарын түсіндіре келіп, В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті. Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф» деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен тайпаларынын, атаулары арасында ка-Шак этникалық қауымы — әл-касакия атап өтіледі.

Көрнекті неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетгі. Кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбектің (X ғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг  қаласы, әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі.

Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. «Повесть временных лет» шығармасында Ку-бань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы ақпарат бар. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы — IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген түжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белілі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каска/кашка этнонимімен көптен бері жакындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және дәлелденген деген заңды сұрақ туады.

Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия?) атауымен байланысы туралы пікір -мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасында ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті.

Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі бай-қалған жоқ. Касогтардын, көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.

Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз ден қойып отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб қолбасшысы Марванға арналған «Китаб әл- футух» тарихи шығармасында айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп жазылған: «736 жылы Марван Касак (қазақ емес. — Ред.) деп аталатын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді»78. Контекстен әл- Куфидің туындысында казақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды.

Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады. «Қасиетті жылнамада» (XIII ғ.) айтылатын бұл қоссөзді ұғым арбаны білдірген. Иранист А. А. Семенов қодцаған бұл көзқа-растың еш дәлелі жоқ. Оның иланымды болмайтын себебі — синхрондық тұрғьщан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да «хасаг-терген» термині Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде керініс таппаған.

I Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов «қазғақым оғлым» (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған, Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, соныменқатар «қазғақ» және «қазақ» терминдері мәндерінің жакындығы негізінде В.П.Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады деген. Зерттеушінің пікірінше, «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол «қазғақ» түріндегі «қазақ» терминін кейіннен этника-лық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикасының заңдылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады.

Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдарынегізіңде Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнешесалыстырулар жасалды. Олардың бірі үш қарлұқ тайпасының «хасактар» (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт  айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақ-тармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы кезқарасты үста-нғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқтайпасының атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші Ауфидің«Джавами өл-хи-каят ва лавами ар-риваят» антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бойынша Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып отырған мәліметтер IX—X ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен алынған материаддарға В. Минорскийдің текстологиялық және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық қүрамы жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бүл ретте, «хасактардың» орнына «баскиль» деген негізделген коньюнктура енгізілді.

Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың шығармасында «қазлақ» түрінде «қазақ» этнонимі айтылады деген пікірді көрінеу негізсіз деп санау керек. Әбу Дулаф X ғасырдың орта шенінде Қазақстан аумағы арқылы батысынан шығысына қарай Қытайға жол жүріп өткен. Түркі тайпаларына арналған «Рисалада» баяндалған саяхат туралыестеліктерін орыс тіліне Н. Н. Пантусов аударды. Аударма мәтінінде «хазлақ» деген этникалық атау айтылған, ол исламдық «қазлақ» үшін прототипке айналып, сонан соң бейнебір «қазақ» түрін алған. Сонымен бірге Н. Н. Пантусовтың «харлұк» деудің орнына «хазлақ» сөзін дұрыс оқымағанын керсете кету қажет, қарл үқ атауының жазылуы орта ғасыр-лардағы араб әдебиетінде солай берілген. Сол арқылықарлұқтар мен қазақ-тар арасына тендік белгісі қойылған, бұл біліктілік емес;

Фирдоусидің (935—1020) «Шахнамасывда» қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылғаны женінде А. Левшиннің пайымдауынегізінде кейбір ғалымдар қазақ халідының құрылуын X ғасырға жаткязады. Солай бола тұрса да, ғылыми әдебиетте шығыстанушылар парсы авторының тарихи да-станында «қазақ» термині туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін талай рет көрсетті. Бұл түсініспеушілікті түсіндіруге болады және оған қайран қалуға болмайды, өйткені А. Левшин өз білімі қаншалықты мол болғанымен, қазақ-тар мен олардың ортасының тарихшысы, алайда ол парсы және араб тілдерін білмеген.

Сонымен, ұсынылатын болжамдардың кеп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты-тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этникалық процестердің өзі — этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, деректемелерде этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен оры-старды және т. б. салыстырыңыз).

Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы проблемаларын талдап шешу қажеттігін түсіну әсте де барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлтгың) өр түрлі жай-күйін білдіре алады. Мәселен, бәз-баяғы бір этноним (қыпшақ) жағдайында III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этни-калық дамудың әр түрлі бес жағдайында — Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақстан аумағында қыпшақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі жағдайда болды.

XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы қыпшақ халқы-ның белгіленіп қалған қүрылу процесін үзіп тастады. Монғолдарға дейінгі кезеңнен айырмашылығы, одан кейін кыпшақ қоғамындағы тарихи процестің дамуы олардың өзінің этникалық қалыптасуы бойынша жүрмей, олардың бөлшектенуі, ең алдымен қазақ халқының, сондай-ақ толып жатқан өзге де түркі тілдес халықтардың құрылуына қатысу арнасына түсті.

Бұл кезенде қыпшақтар этникалық дамудың енді басқа бір таксономикалық деңгейінде болды. Сөйтіп қыпшақтардың тарихи құрылған этникалық қауымдары қыпшақтардың белгілі бір этнонимі жағдайындағы серпінділігі мен өзгеруі кезінде қалыптасты. Бір этнонимді басқаларымен салыстыру жай ғана декларациялауды емес, қайта асқан дәл зерттеулер жүргізуді сөзсіз кажет етеді.

«Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіздер бар. Бірқатар түркологтардың пікірі бойынша, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. Қыпшақ тіліне тән осы фонетикалық ресімделуінде «қазақ» сөзінің пайда болуын А.Н.Самойлович уақыты жағынан ерте дегенде XI ғасырға жатқызған.

Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сезіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі.

Бұл семантика «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік қүралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапкдн индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшыландыру институтымен байланыстырылды.

«Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан неғұрлым ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Айта кетелік, бұл жөнінде жанама мәліметтер өте көп кездеседі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ